Интернет-орталығы

Оқу интернет орталығы – университеттің бірыңғай телекоммуникациялық жүйе қызметін қамтамасыз ету және университеттің басқару, ғылыми және білім беру әрекетіне Интранет/Ғаламтор технологиясын енгізу мақсатында құрылған. 300 орынға арналған жастар интернет орталығы барлық қазіргі ғаламтор қызметтерін ұсынады.
Интернет орталығының мамандары тарапынан студенттерге ақпараттық ресурстарға (ғаламтор) қолжеткізу қызметі, студенттерді қосымша ақпараттық қызметтермен қамтамасыз ету, «Студенттік өмір» атты әлеуметтік студенттік желі мен порталдың құрылуы, орталықтың жергілікті ақпараттық-есептеу желісімен жұмыс жасауды қамтамасыз ету, электронды және ақпараттық қызметтер бойынша студенттік жобаларды қолдау қызметтері жүргізіледі.
Интернет орталығы мәтіндік редакторлармен, электрондық кестелер редакторларымен, кестелік пакеттермен және т.б. жұмыс жасауға мүмкіндік беретін көпфунциональды жұмыс станциясы орнатылған заманауи компьютерлермен жабдықталған. Барлық компьютерлер жоғары жылдамдықты арналар арқылы ғаламдық Ғаламтор желісіне қосылған. Орталыққа келушілер жылдам және қолайлы ғаламторға және басқа да сәйкес қызметтер қатарына қол жеткізе алады. Ойын компьютерлері де бар. Сіз дербес жұмыс істей аласыз, қажеттілік жағдайында мамандар кеңесіне жүгінуге де мүмкіндік бар. Орталықта құжаттар мен кестелерді басып шығару мен көшіруге жағдай жасалған. р. Көшіру мен басып шығару заманауи көшірме құралдарымен жүзеге асады.

Мекен-жайы: Алматы қ., әл-Фараби даң., 71, «Айтұмар» қоғамдық тамақтандыру комбинаты ғимараты, 3 қабат.

Байланыс телефондары: 247-16-17 іш. 1277

Жұмыс кестесі:

Дс-Жм 9:00–21:00

Сн-Жк 10:00- 22:00