Студенттер назарына!
27.02.2015«Triumph» ағылшын тілі орталығы 28-ші ақпан күні сағат 11-де сіздерді «Englishmania» атты мерекеге шақырады.
«Triumph» ағылшын тілі орталығы 28-ші ақпан күні сағат 11-де сіздерді «Englishmania» атты мерекеге шақырады.
2015 жылдың 27 ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының «PR мектебі» үйірмесінің ұйымдастыруымен факультеттің Баспасөз Орталығында Алматы қаласы Әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Айбар Қайнарұлы Олжаймен кездесу болады.
28 ақпан 2015 жылы сағ. 19.00 «Айналаңды нұрландыр» жобасының аясында ҚазҰУ-дың №18 жатақханасында «Түлек – өзіңнің құқығынды өзің қорға!» тақырыбына дәріс-әңгіме өткізіледі.
25 ақпанда cағ. 18:30-да Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында университет ректоры Ғ.Мұтановтың «Айналаңды нұрландыр!» жобасы аясында «Сұңқар» студенттер кәсіподағының кубогына арналған көңілді тапқарлар клубының жартылай финалы өтеді.
23 ақпан сағ. 11:00 ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде ( Қожекеев атындағы ауд. №230) халықаралық тілдер күніне орай «International Mother day» атты пікірсайыс өтеді.
2015 жылы 26 ақпан күні ҚазҰУ-да «Жүз кітап» жобасы аясында Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған «Абай және қазіргі заман» атты дөңгелек үстел өтеді.
20 ақпан 2015 жылы сағат 14.00-де заң факультетінде (№316 ауд.) азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасы «Айналаңды нұрландыр» жобасының аясында, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Нұрлан Жазылбековпен кездесу өткізеді.
2015 жылдың 20 ақпанында сағ. 11:00-де ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінде (Алматы қ., Масанчи көшесі 39/47, 413 кабинет) «Кіші Фараби» академиясының ұйымдастыруымен «Ғалым болам десеңіз...» атты дөңгелек үстел өткізіледі.
2015 жылдың 24 ақпанында сағ. 11.00 тарих, археология және этнология факультетінде (ауд.№205) «Экспо 2017: тарихы және түйткілдері» атты дөңгелек үстел өтеді.
Майдангер-жеңімпаздар есімін қастерлейтін баршаны «Мәңгілік полк» маршына қатысуға шақырамыз.