Оқиғалар мен анонстар

Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Айбар Олжаймен кездесу өтеді

26.02.2015

2015 жылдың 27 ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының «PR мектебі» үйірмесінің ұйымдастыруымен факультеттің Баспасөз Орталығында Алматы қаласы Әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Айбар Қайнарұлы Олжаймен кездесу болады.

Ары қарай оқу >>

«Сұңқар» студенттер кәсіподағының кубогына арналған КВН жартылай финалы өтеді

23.02.2015

25 ақпанда cағ. 18:30-да Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында университет ректоры Ғ.Мұтановтың «Айналаңды нұрландыр!» жобасы аясында «Сұңқар» студенттер кәсіподағының кубогына арналған көңілді тапқарлар клубының жартылай финалы өтеді.

Ары қарай оқу >>

Депутат Н.Жазылбековпен кездесу өткізіледі

19.02.2015

20 ақпан 2015 жылы сағат 14.00-де заң факультетінде (№316 ауд.) азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасы «Айналаңды нұрландыр» жобасының аясында, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Нұрлан Жазылбековпен кездесу өткізеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да «Ғалым болам десеңіз..» атты дөңгелек үстел өткізіледі

18.02.2015

2015 жылдың 20 ақпанында сағ. 11:00-де ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінде (Алматы қ., Масанчи көшесі 39/47, 413 кабинет) «Кіші Фараби» академиясының ұйымдастыруымен «Ғалым болам десеңіз...» атты дөңгелек үстел өткізіледі.

Ары қарай оқу >>