Оқиғалар мен анонстар

ІI Халықаралық Фараби форумы өтеді

19.03.2015

2015 жылдың 7-8 сәуірінде «әл-Фараби» Ғылыми кітапханасында сағат 9:00-де «әл-Фараби және қазіргі заман» атты ІI Халықаралық Фараби форумы өтеді. Форум Әбу Насыр әлФарабидің 1145 жылдығына, Қазақ хандығының 550 жылдығына, Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына, «Алматы ислам әлемінің астанасы –2015» жылына арналып отыр.

Ары қарай оқу >>

Бейбіт Сапарәлімен кездесу өтеді

18.03.2015

2015 жылғы 19 наурыз күні сағат 11.00-де Т.Қожакеев атындағы мәжіліс залында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының ұйымдастыруымен факультет түлегі, белгілі журналист, тарихшы, дінтанушы ғалым Бейбіт Сапарәлімен кездесу өтеді.

Ары қарай оқу >>

Хабарландыру! Патриоттық әндер байқауының финалдық концерті өтеді

18.03.2015

Барлық студенттерді 20 наурыз сағат 15:00-де Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында ҚазҰУ-дың жыл сайынғы «СТУДЕНТТІК КӨКТЕМ-2015» көркемөнерпаздар байқауының «Жеңістің 70 жылдығына арналған » патриоттық әндер байқауының финалдық концертіне шақырамыз!

Ары қарай оқу >>

1-2 курс студенттері арасында Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтеді

17.03.2015

2015 жылдың 26-27 наурыз аралығында (сағат 10:00, 301 ауд.) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының 1-2 курс студенттері арасында Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да «Жас тілшілер» байқауы өтеді

16.03.2015

2015 жылы 17 сәуірде журналистика факультетінде әл-Фараби орталығының қолдауымен студенттер мен жас ғалымдардың ІІ «әл-Фараби әлемі» халықаралық конференциясы күндері және ІІI Қожакеев оқулары аясында «Қазіргі заман көсемсөзі және әл-Фараби мұрасы» атты ғылыми форум өтеді.

Ары қарай оқу >>

Педагогика және психология пәндері бойынша республикалық студенттер олимпиадасының ІІ кезеңі өтеді

13.03.2015

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жалпы және этникалық педагогика кафедрасының 75- жылдығына орай Философия және саясаттану факультетінде 2015 жылдың 26-27 наурызында педагогика және психология пәндері бойынша республикалық студенттер олимпиадасының ІІ кезеңі өтеді.

Ары қарай оқу >>

«ҚазҰУ геолокациясы» атты фото-байқау өтеді

13.03.2015

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультеті ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы 6 наурыз – 3 сәуір аралығында 11 сынып оқушылары арасында «ҚазҰУ геолокациясы» тақырыбында фото-байқау өткізеді.

Ары қарай оқу >>

География және табиғатты пайдалану факультеті «Көктемдік тау ляззаты» шарасын өткізеді

13.03.2015

2015 жылдың 13-14 наурыз күндері География және табиғатты пайдалану факультетінде (сағат 09:30-да, 225 ауд.) «PeopleSay» клубы «Шымбұлақ» тау шаңғы шипажайына «Көктемдік тау ляззаты» белсенді шарасына қатысуға шақырады.

Ары қарай оқу >>