Оқиғалар мен анонстар

«Спорттық күрестің теориясы мен әдістемесі» атты кітаптың тұсаукесері өтеді

17.02.2015

2015 жылдың 19 ақпанында сағ. 10:30 ҚазҰУ-дың «Әл-Фараби» кітапханасында (Ғалымдар клубы, 2-қабат) дене шынықтыру және спорт кафедрасының профессоры Елемес Алимхановтың «Спорттық күрестің теориясы мен әдістемесі» атты оқу құралының тұсаукесері өтеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да білім берудегі жаңа инновациялық әдістер туралы конференция өтеді

16.02.2015

2015 жылдың 20 ақпанында сағ. 9.00 – 18.00 аралығында ҚазҰУ-да Біліктілікті арттыру институтының қолдауымен Алматы қаласы Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын орта мектеп-интернаты және қаладағы «Дарын» мектептері мұғалімдеріне арналған «Білім берудегі жаңа инновациялық әдістер: дағдылар, технологиялар» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтеді.

Ары қарай оқу >>

Журналистика факультеті ҚР мектеп мұғалімдеріне арналған Қысқы мектебін өткізеді

12.02.2015

2015 жылдың 23 ақпанда сағ. 9:00 - 18:00 ҚазҰУ журналистика факультетінің ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы мен «Гүлзар» қоғамдық бірлестігі «Мектеп оқушыларына білім беру мен тәрбиелеудің инновациялық технологиялары» атты ҚР мектеп мұғалімдеріне арналған II Республикалық Қысқы мектебін өткізеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да ТҮРІКСОЙ кафедрасы ашылады

09.02.2015

Шығыстану факультетінде Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл толуына орай және «Алматы – ислам мәдениетінің астанасы-2015» бағдарламасы аясында ТҮРІКСОЙ кафедрасының ашылу салтанаты өткізіледі.

Ары қарай оқу >>

Жаңа сөздіктің тұсаукесері өтеді

03.02.2015

11 ақпан 2015 ж. сағ. 13.30-де әл-Фараби кітапханасында, жаратылыстану факультеттеріндегі шет тілі кафедрасының аға оқытушысы К.А. Жиреншинаның «География терминдерінің қысқаша немісше-орысша-қазақша СӨЗДІГІ» атты кітабының тұсаукесері өтеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да Жастар саясаты басқармасының басшысы М.К. Ахметовпен кездесу өтеді

02.02.2015

2015 жылдың 3 ақпан күні сағат 11:00-де Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы М.К. Ахметов әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқытушылар ұжымы және студенттерімен кездесу өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Философия ғылымдарының докторы, профессор, Ғалихан Ғаламғалиұлы Ақмамбетовтың 80 жылдығына орай «Этика ілімінің өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел мәжілісі өтеді

30.01.2015

Философия және саясаттану факультеті, «Кіші Фараби Академиясының» ұйымдастыруымен 31 қаңтар сағат 11:00-де (122 ауд) Қазақстанға және алыс жақын шетелдерге танымал белгілі ғалым, философия ғылымдарының докторы. профессор, Ғалихан Ғаламғалиұлы Ақмамбетовтың 80 жылдығына орай «Этика ілімінің өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел мәжілісі өтеді.

Ары қарай оқу >>