Оқиғалар мен анонстар

«ХІХ ғасырдағы қазақ əдебиеті» атты оқулықтың тұсаукесері өтеді

12.03.2015

2015 жылдың 16 наурыз күні сағ. 11:00-де әл-Фараби кітапханасында Қазақ әдебиетінің теориясы және тарихы кафедрасының профессоры Қанипаш Қайсақызы Мәдібайдың «ХІХ ғасырдағы қазақ əдебиеті» атты оқулығының тұсаукесері өтеді.

Ары қарай оқу >>

Хабарландыру!

12.03.2015

ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТ ДОСТАР!

Сіздерді ҚазҰУ-дың жыл сайынғы «СТУДЕНТТІК КӨКТЕМ-2015» көркемөнерпаздар байқауының «Халықтар достастығы» тақырыбына арналған би байқауының финалдық концертіне шақырамыз.

Ары қарай оқу >>

«Қазіргі қазақ тележурналистикасының өзекті мәселелері мен даму тенденциялары: ұлттық мүдде, ақпараттық қауіпсіздік, кәсіби ұшқырлық» атты дөңгелек үстел өтеді.

10.03.2015

2015 жылдың 3 сәуір күні сағат 10.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультетінің баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы, проф. Қ.Бекхожин атындағы «Жас зерттеушілер», проф. М. Барманқұлов атындағы «Телезертхана» үйірмелерінің ұйымдастыруымен «Қазіргі қазақ тележурналистикасының өзекті мәселелері мен даму тенденциялары: ұлттық мүдде, ақпараттық қауіпсіздік, кәсіби ұшқырлық» атты дөңгелек үстел өтеді.

Ары қарай оқу >>

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде ғылыми конференция өтеді

10.03.2015

12 наурызда сағат 10:00 филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде (310 аудитория) «Аударматану және компаративистиканы оқыту мен зерттеудің өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция жұмыс істейді.

Ары қарай оқу >>

Қазақстанның ядролық қаруға қарсы Халықаралық Невада-Семей қозғалысының 25 жылдығына арналған «Вспоминая, думай о будущем» атты кітаптың тұсаукесері өтеді.

04.03.2015

2015 жылдың 5 наурызында сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде (15-қабат, ректорат) тәуелсіз Қазақстанның ядролық қаруға қарсы Халықаралық Невада-Семей қозғалысының 25 жылдығына арналған «Вспоминая, думай о будущем» («Өткеніңді есіңе алып, ертеңіңді ойла!») атты кітаптың тұсаукесері өтеді. ЮНЕСКО-ның шешімімен бұл кітап халық алдындағы еңбегі үшін «Әлем естеліктері» атты Әлемдік реестрге еніп отыр.

Ары қарай оқу >>

Шығыстану факультетінде ТҮРІКСОЙ кафедрасының ашылу салтанаты өтеді

04.03.2015

2015 жылдың 4 наурызында сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде (Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 95) «ТҮРІКСОЙ» халықаралық ұйымының қолдауымен «Алматы – ислам мәденитінің астанасы-2015» бағдарламасы аясында ТҮРІКСОЙ кафедрасының ашылу салтанаты өтеді. Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) құрылғанына 20 жыл толуына орай өткізіліп отыр.

Ары қарай оқу >>

Орталық Азияның Аймақтық экологиялық жобасы нәтижелері бойынша мониторинг өтеді

03.03.2015

4 наурызында Орталық Азияның Аймақтық экологиялық орталығында Темпус I-WEB «Integrating Water cycle management: building capability, capacity and impact in Education and Business» жобасының нәтижелері бойынша Мониторинг өтеді.

Ары қарай оқу >>

Студенттер сарайында КӨКТЕМ мен СҰЛУЛЫҚ мерекесі өтеді

03.03.2015

6 наурыз күні сағат 16.00-де Ө.А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында КӨКТЕМ мен СҰЛУЛЫҚ мерекесі – 8 НАУРЫЗҒА арналған теңдесі жоқ ғаламат кеш өтеді. ҚазҰУ-да бұрын-соңды болмаған мұндай кешті жіберіп алмаңыздар. Сіздерге сыйға тартылатын көтеріңкі қөңіл-күй, естен кетпес әдемі кештің әсері жүректеріңізде мәңгілікке сақталып қалары сөзсіз.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да ардагер-әйелдерге арналған «Жақсылық жаса!» қайырымдылық акциясы өтеді

02.03.2015

2015 жылдың 3 наурыз күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ардагер-әйелдерге арналған «Жақсылық жаса!» қайырымдылық акциясы өтеді. Іс-шараны университетте оңтүстіккореялық «Кагнам Северанс» (Оңт.Корея) клиникасымен бірге ашылған «Smart Health» медициналық диагностикалық орталық қызметкерлері Халықаралық әйелдер күні 8 наурыз қарсаңында өткізіп отыр. Ұлы Отан соғысының ардагер әйелдері және тыл еңбеккерлері диагностикалық орталықта медициналық көмек түрлеріне, маман кеңесіне жүгіне алады және оларды сыйлықтар мен шай ішу салтанаты күтеді.

Ары қарай оқу >>