ҚР ІІМ қызметкері, полиция учаскелік инспекторы Сеитнұров Алмас Ермұханбетұлымен кездесу

10/5/2022

Views: 765

5.10.2022ж. √8 жатақханада ҚР ІІМ қызметкері, полиция учаскелік инспекторы Сеитнұров Алмас Ермұханбетұлымен кездесу өтті. Кездесуде әкімшілік құқық бұзбау, көпшілік орында ішімдік ішпеу,  темекі шекпеу, қоқыс тастамау, ұрлық жасамау және ҚР азаматының құқықтарымен міндеттері жайлы айтты. Студенттердің құқық бұзушылыққа жол бермеуі үшін, алдын алу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар жатақхана қызметкері Нүсіпова Жанар жатақхана ережесімен таныстырды. «Ақпараттық жүйелер» кафедра меңгерушісінің оқу және тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Нарбаева Салтанат,  аға куратор Кожанова Аида,  1 курс эдвайзері Ахмед Гүлмарал ар-намыс кодексі,  академиялық саясат,  ішкі тәртіппен,  ережелерді ескертті.