Happy International Women's Day March 8

3/7/2022

Views: 1024

Қыздар-ау біздің!

Жұмыс десе ерінбейсіңдер,

Тәртібі күшті келіндейсіңдер.

Мақтанып босқа елірмейсіңдер,

Тұңғиық мұхит теңіздейсіңдер,

Шайқаса да төгілмейсіңдер,

Өздерің сұлу өрімдейсіңдер.

Жігіттен мықты темірдейсіңдер

Көңілдерің толмай жүреді бізге,

Айтыңдаршы бізден нені іздейсіңдер?!

               Сендер үшін,

Аспандағы айды берейік,

Таудағы түрлі гүлді терейік

Мереке сайын сендерді силап,

Тойдың қызығын бірге көрейік.

             Сұлулар біздің!

Алтындайсыңдар,

Қиындықтан тартынбайсыңдар

Бұлақтай аққан тартылмайсыңдар

Жамандарды жарсынбайсыңдар,

Сабақты беріп тұрған бір шақта

Көздерді тартып жарқылдайсыңдар!

       Арулар біздің!

Әр қашанда сән болыңдар,

Жігіттер айтатын ән болыңдар

Арайлап ататын таң болыңдар

Бақытты ана, әже мен келін

Айнымас адал жар болыңдар!

           Бикештер біздің!

Аман болыңдар,

Жұмысқа майталман, маман болыңдар

От басында ардақты болыңдар

Ғылым жолында жан-жақты болыңдар

Көрген жігіт құлай силайтын

Сабырлы, сәнді, салмақты болыңдар!

                     Б.Бөрібаев 05.03.22