Кафедралар

 

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ ТЕОРИЯСЫ КАФЕДРАСЫ

Кафедраның мақсаты: негізгі бағыты жоғары білікті өзіндік жасампаздық тұжырым-ойы бар және халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, әдебиетті инновациялы-жаңартпалы зерттеуге, жаңа технология әдісімен оқытуға бейім қазақ әдебиетінің тарихы мен әдеби сын, әдебиеттану және фольклор саласындағы мамандар дайындау.

КАФЕДРА ТӨМЕНДЕГІДЕЙ МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША МАМАН ДАЯРЛАЙДЫ:

Бакалавр 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті

Екінші жоғары білім 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті

Магистратура 6М021400 – Әдебиеттану

6М020500 – Филология: қазақ әдебиеті

Докторантура 6D021400 – Әдебиеттану

  020500 – Филология: қазақ әдебиеті

АЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ КАФЕДРСЫ

Кафедраның мақсаты: қазақ тіл білімі мен әдебиет саласына қажетті, еңбек нарығында сұранысқа ие, осы заманғы талаптарға жауап бере алатын мамандар даярлау.

 

ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ СТУДЕНТТЕР ТӨМЕНДЕГІ САЛАЛАР БОЙЫНША БІЛІМ АЛАДЫ:

  • ·        Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері;
  • ·        Қазақ тілінің функционалды-семантикалық аспектілері;
  • ·        Қазақ тілі дамуының негізгі кезеңдері және міндеттері;
  • ·        Инновациялық оқыту түрлері.

ОРЫС ФИЛОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ

Кафедраның мақсаты: Орыс филологиясы жəне əлем əдебиеті саласындағы заманауи талаптарға сай келетін жоғары білікті мамандар дайындау.

КАФЕДРА ТӨМЕНДЕГІДЕЙ МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША МАМАН ДАЯРЛАЙДЫ:

Бакалавр:     5В020524 – Филология: орыс тілі

               5В011800 – Орыс тілі мен əдебиеті

Магистратура: 6М020500 – Филология: орыс тілі

                 6М011800 – Орыс тілі мен əдебиеті

Докторантура: 6D020500 – Филология: орыс тілі

           6D011800 – Орыс тілі мен əдебиеті

жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жалпы тіл білімі кафедрасы 1950 құрылған. Кафедраның ғылыми-зерттеу дәстүрлері мен педагогикалық қызметінің негізгі бағыттары кафедрада әр түрлі жылдары еңбек еткен көрнекті ғалымдардың ықпалымен қалыптасты. Бүгінгі таңда кафедрада 5 ғылым докторы, профессор, 16 ғылым кандидаты, 5 PhD докторы дәріс оқиды. Кафедра университет көлемінде өткен байқауда “Ғылыми жетістіктері” үшін үздік кафедра атағын жеңіп алды.

Кафедраның мақсаты: «Лингвистика» және «Шетел тілі: екі шет тілі» саласы бойынша қазіргі заман талабына жауап бере алатын жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандар дайындау

КАФЕДРА ТӨМЕНДЕГІДЕЙ МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША МАМАНДАР ДАЙЫНДАЙДЫ:

Бакалавриат (ғылыми және педагогикалық бағыт)

Оқу мерзімі: 4 жыл

  5В011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі (ағылшын)

  5В011900 – Шетел тілі: екі шет тілі (неміс)

  5В011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі (француз)

  5B021000 – Шетел филологиясы  

Екінші жоғары білім

  5В011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі (ағылшын – неміс / француз)

Оқу мерзімі: 2 жыл

Магистратура (ғылыми және педагогикалық бағыт)

  6М021300 – Лингвистика

Оқу мерзімі: 2 жыл

PhD докторантура (ғылыми және педагогикалық бағыт)

  6D021300 – Лингвистика

Оқу мерзімі: 3 жыл

ШЕТЕЛ ФИЛОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ АУДАРМА ІСІ КАФЕДРАСЫ

Кафедра жұмысының мақсаты: халықаралық деңгейде заманауи талаптарға және отандық және шетелдік талаптарға сай бәсекеге қабілетті мамандарды кәсіби даярлау, түрлі жанрдағы ғылым саласындағы мәтіндер мен құжаттарды аударуға үйрету.

 

МАМАНДЫҚ ТҮРЛЕРІ:

Бакалавриат ( 4 жыл)                

5B021000 – Шетел филологиясы

5B020700 – Аударма ісі

Бакалавриат (2 жыл, екінші жоғарғы білім )

5B021000 – Шетел филологиясы

5B020700 – Аударма ісі

Магистратура (2 жыл)

(ғылыми және педагогикалық бағыт)

6M021000 Шетел филологиясы

6M020700 – Аударма ісі

PhD докторантура (3 жыл)

(ғылыми және педагогикалық бағыт)

6D021000 – Шетел филологиясы

6D020700 – Аударма ісі

ШЕТЕЛ ТІЛІ КАФЕДРАСЫ

           Кафедраның мақсаты: Қазіргі заманауи бәсекеге қабілетті, шетел тілінің теориялық және практикалық негіздерін терең меңгерген және коммуникативтік құзыреті жоғары, шетел   тілін кәсіби ортада, бизнес пен   ғылыми жұмыс аясында қолдана алатын, өз біліктілігін жүйелі түрде арттырып отыратын жаңа формациядағы маман даярлау.

ОҚУ ЖҰМЫСЫ

Бұл оқу курсы ағылшын тілін үздіксіз оқыту циклінің интегративті бөлігі болып табылады және «Ағылшын тілі» (Жалпы ағылшын тілі) пәні бағдарламасы шеңберінде мектепте алған тілдік біліктілігін одан әрі дамытуға, жаңа дағдыларды меңгеруге, сондай-ақ қарым-қатынас құралы ретінде ағылшын тілін пайдалануда коммуникативтік (оқу, жазу, тыңдау, сөйлеу) және тілдік (айтылу, лексика, грамматика), жалпы мәдени және тұлғааралық құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған.Бакалавриатта оқытылатын «Шетел тілі» пәні өзіндік мазмұны мен құрылымы бар, Еуропа Кеңесі бекіткен (2005 жыл, Страсбург, (орысша нұсқасы) шетел тілдерін меңгерудің «Үйрету, оқыту, бағалау» жалпыеуропалық құзыреттілігі құжатында қабылданған еуропалық стандарттарға қол жеткізуге бағытталған,   жеке, аяқталған оқу курсы болып табылады. Шетел тілдерін меңгеруге қойылатын талаптар жалпы қабылданған Еуропалық жүйе деңгейіне негізделеді. Осы жүйеге сәйкес, тілдік емес мамандықтарға арналған шетел тілін меңгерудің: А1 - Elementary, A2 - Pre-Intermediate, В1 – Intermediate, В2 - Upper-Intermediate деңгейлері ұсынылады.

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ 

Кафедраның тәрбие жұмысының мақсаты жоғары моральдық адами қасиеттері бар, патриоттық сезімі мол Қазақстан мен оқытылатын шетел тілінде сөйлейтін елдердің мәдениетін, дәстүрлері мен тарихи құндылықтарын құрметтейтін жауапкершілік сезімі жоғары дұрыс шешім қабылдай алатын және үнемі өзгеріп отыратын ортаға бейімделуге қаблетті тұлға қалыптастыру. Кафедрада 7 клуб жұмыс істейді; киноклуб,өлең клубы, т.б. Барлық іс-шаралар ағылшын тілінде өткізіледі Соның арқасында студенттер презентация жасау аудитория алдында шетел тілінде сөйлеу дағдыларына ие болады сонымен бірге студенттердің шетел тілін меңгеруге деген ықыласы артады және тілдік барьер жойылады.

“АЙНАЛАҢДЫ НҰРЛАНДЫР!” ЖОБАСЫ

            Шетел тілдер кафедрасы 2012 жылдан бастап «Айналаңды нұрландыр!» қозғалысының жұмысына белсенді қатысуда. Бұл қозғалыстың негізгі идеясы жастардың бойында жауапкершілік, еңбекқорлық, адалдық сезімдерін арттыру, рухтарын көтеру және алға ұмтылуға жігерлендіру. Оқытушылар студенттерге ағылшын тілін үйретумен қатар алдарына үлкен мақсат қоюға, өз таланттарына, қабілеттеріне сенуге тәрбиелейді.

“ILC KAZNU” ОРТАЛЫҒЫ

Орталықтың мақсаты: қосымша білім беру қызметін жүзеге асыру, оның ішінде Қазақстан Республикасының тіл саясаты негізінде шетел тілдерін оқыту үдерісінде заманауи әдістер мен алдыңғы қатарлы технологиялардың жетістіктерін қолдана отырып жаңа формациядығы мамандарды даярлауға бағыталады.                           Орталықтың қызметі семинар және практикалық сабақтарды жүргізу, консультациялар, тесттер, дәрістер, конференциялар ұйымдастыру, ғылыми-әдістемелік мақалалардың жинағын шығару болып табылады.