Әлеуметтiк - тәрбиелiк қызмет

Заман талабына бейімделген болашақ түлектер

2016 Жыл 11 айдың 28 күні.

          Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті ғылымды оқытудағы өз жүйелерін жаңарту үшін, университетті ең жоғары халықаралық талаптарға сай келетін зерттеу типіне өзгерту және әлемнің жетекші ЖОО-ның қатарына қосылу үшін университет аясында білімнің, ғылыми зерттеулердің және өндірістің тығыз бірігуіне негізделіп жасалған концепция бойынша курс қабылдады. Соңғы үш жылда ҚазҰУ QS World University Rankings халықаралық рейтингінде 350 орында және осы жылы 800 үздік университеттердің арасынан 275 орынды иеленіп, 300-топ университтерінің қатарына енді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті барлық заманауи рейтингтердің көшін бастап тұр. Бұл кездейсоқтық емес, өйткені, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – Қазақстанның алдыңғы қатарлы көп бағдарлы жоғары оқу орны. ҚазҰУ–дың көп дәрежелі оқу жүйесіне мыналар кіреді:  жоғары негізгі білім (бакалавриат), арнайы жоғары білім (магистратура) және докторантура (PhD). ҚазҰУ–ға қабылдану мемлекеттік білім беру гранттарымен және келісімшарт негізінде жүзеге асады. Мамандарды даярлау 180 мамандық бойынша іске асады.

Университетіміздің қабырғасында білім алып жүрген студенттерге бүгінгі күні жан-жақты мүмкіндік ұсынылған. Университетіміздің басты мақсаты академиялық саясатқа сәйкес студенттерімізді тек қана білім берумен ғана шектемей, сонымен қатар ұлттық тәрбиемен сусындап, шетелдік және отандық қарым-қатынастағы ғылыми жетістіктермен таныстырып, алған білімдерін өмірде, ғылым, білім жолында пайдалануға бағыт-бағдар беру болып табылады. Мәселен, филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының мүмкіндігі зор. Шетел филологиясы және аударма ісі мамандығын меңгеріп жүрген студенттер екі тілдің маманы атағына ие болмақ. Бірінші шетел тілі - ағылшын тілі болса, екінші шетел тілі - неміс немесе француз тілі. Қазіргі шетел тілін меңгерген студенттер үшін осы игерген тілдер де аздық етеді, тіл маманы тек қана бір ғана ағылшын тілімен шектелмей, басқа да шетел тілдерін неғұрлым көбірек меңгерсе, білім нарығында бәсекелестікке қабілетті жаңа формациядағы таптырмас, тез өзгеретін нарықтық жағдайларға бейімделе алатын маман иесі болмақ.

Біздің факультетімізде, мәселен, жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасында осы шетел тілдеріне қосымша испан тілі, міне екінші жыл болып қалды меңгеріліп келе жатқанына. Енді, шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасына қарасты аударма орталығы студенттер, магистранттар, докторанттармен, оқытушылармен тынбай еңбек етудің арқасында әр түрлі тақырыпта біліктілікті арттыру курстары, мастер-класс, кездесулер, шетел тілдерін (ағылшын, неміс, француз, түрік, қытай, грек тілдері) оқытудың арнайы курстарын ұйымдастыру - осы болашақ студенттерімізді тәрбиелеп отырған оқытушыларымыз да жан-жақты ақпараттандырылған, кәсіби білімнің заманауи парадигмасына сай жоғары дәрежелі маман екендігінің дәлелі деп айтпақпыз.

Шетел филологиясы және аударма ісі

мамандығының меңгерушісі, PhD докторы Д.А. Қарағойшиева

мен оқытушысы, ф.ғ.к., доцент М. Жанабекова

 

 

Студенттердің үйірмеден үйренері көп

ҚазҰУ-да филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасындағы «English Drama» клубының жетекшілері студенттердің рухани дүниесін әлемдік әдебиет өкілдерінің туындыларымен таныстыру мақсатында жыл сайын әртүрлі  іс-шаралар өткізіп отырады.

Жақында «100 кітап» жобасы аясында Клайв Стейплз Льюистің «Нарнья жылнамалары» негізінде мерекелік қойылым ұйымдастырды. Қойылымды «Шетел филологиясы» мамандығының магистранттары мен студенттері  жүргізді. Аулетова Адина мен Нурханов Жандарбек режиссерретінде «Нарнья жылнамалары» бойынша қойылам сценарин дайындаса,магистранттарГульдана Несипбай (Лев Аслан), Мусалимова Зарина(Сьюзан Певенси и Мистер Тумнус), сондай-ақ студенттер,Қуандық Нуржан (Гинарбрик), Орысбаева Айым (Эдмунд Певенси) – Жандаулетова Майя (Волк Могрим)кейіпкер рөлдерін сомдады.

«English Drama» клубы ағылшын тілінде сөйлеу тілін дамытатын үйірме ғана емес, нағыз театр, ағылшын тілінде  коммуникацияға түсетін үлкен жанұя секілді.  Бұндай қойылымдарға қатысып, рольдерді сомдау арқылы студенттер оқытылатын тілдің  барлық құбылыстарын, лексикасы мен фонетикасын, тілдік дағдыларды үйреніп қана қоймайды, сонымен қатар өз мамандықтарын жетік игеретін, еркін тілдесе алатын кәсіби маман ретінде де қалыптасады. Осындай игі шаралар арқылы өнер-білімге, ғылым мен мәдениетке, бәсекеге қабілетті еліміздің жастарын отандық және әлем әдебиетімен сусындауға тәрбиелейді, сондай-ақ  өзін кәсіби маман дейтін әрбір студенттің санасына шетел әдебиетінің жаһарларымен, рухани қазынасымен танысуға, хабардар болуға  жетелейтіндей көзқарастар қалыптасары сөзсіз.

Т.П. Колесникова, М.А. Жанабекова,

Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушылары.

1-Наурыз, 2017 жыл.

 

Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушылары

                                 Гүлсім Жанабекова, Адилия Алимбаева

Тағлымы терең тарихын сақтаған – Ұлы Дала!

 Жақында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультеті шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушылары «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында орай кафедра доценті Гүлсім Сейілханқызы Сүлейменованың ұйымдастыруымен және «Аударма ісі» мамандығының 2 курс студенттерінің қатысуымен ұланғайыр даланы қасықтай қаны қалғанша төгіп қорғаған ата-бабаларымыз бен ұлттың өткен өміріндегі асыл тұлғаларының ерліктері   жайында студенттердің ой-санасына зерделеу мақсатында «Ұлы Дала елінің тарихы/ История Великой Казахской степи/ History of Great Kazakh Steppe» атты мерекелік тамаша шара ағылшын тілінде өткізілді. Шара бағдарламасын ағылшын тілін өте жақсы меңгерген Венера Нургалиева мен Диана Султановалар жүргізді.

           Мереке құрметіне орай еліміздің ата тарихын сақтайтын, болашаққа жеткізетін бүгінгі ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруға негізделген, ұлы даланың елінің өкілдері туралы ақпараттар ағылшын тілінде баяндалып, бейнебаяндар көрсетілді. Мерекенің ашылу салтанатында алғашқы сөз филология және әлем тілдері факультетінің деканы ф.ғ.д., профессор Өмірхан Әбдімановқа, шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., Ph.D. докторы Данель Карагойшиева және ағылшын тілінің базалық пәнін жүргізетін Гүлсім Сүлейменоваларға берілді.

        Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы төтенше маңызды оқиға болғаны белгілі. Осы тұста әрбір қазақтың жадында сақталған көсемсөз шебері Міржақыптың: «Тарихын жоғалтқан жұрт – жоғалған жұрт», деген тұжырымы еріксіз ойға оралады.

Осыған орай студенттер дайындаған ақпараттар мен көріністер тамашаланды. Жандаулетова Майя 1456 жылы Керей мен Жәнібек ханның Әбілқайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап Шығыс Дешті – қыпшақтан батыс Жетісу жеріне қоңыс аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиғадан сыр шертті. XVIII ғасыр қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліскке ұшыратты. Кіші жүз әскерінің қолбасшысы болған Әбілқайыр хан Сайрам, Түркістан және Ташкент қалаларын қорғау жолында ерен ерлігімен көзге түскені жайлы Рыскулбек Жанель тамаша баяндама жасады.

Ұлы   мемлекет  қайраткері,  қолбасшы  және  дипломат болған Абылай  хан   Әбілмансұр бабамыздың ат үстіндегі жорықтары, ұлағатты өмірі туралы Султанова Диана баяндама жасаса, Нурханов Жанибек Президенттіміздің дүниеге келу тарихын паш ететін «Менің балалық шағымның аспаны» фильмінен алынған үзінді көрсетіп, көрермендер көңілін одан әрі шарықтата түстетін ақпараттардан ой толғады. Біздің Елбасы әлемдегі ең сыйлы саясаткер және біздің тарихымызда өз кезеңінің ілгерішіл, тамаша тұлғасы болып қала берері сөзсіз.

Осындай XY – ғасырдың орта шенінде құрылған Қазақ хандығы жайлы және мән-мағынасы бар ұлттық мерекелердің, ел мен жерді қорғаған ел ағаларының жетістіктерін әлемге танытатын, оларды ағылшын тілінде жеткізе алатын төл жастарымыз көп болғай дегіміз келеді.

Кеш соңында кафедра меңгерушісі Д.А. Қарағойшиева, ұйымдастырушы Г. Сулейменова мен «Аударма ісі» мамандығының 2 курс студенттерін ғасырлық тарихы бар ұлт қайраткерлерін әлем тілдерінде паш ететін студенттер дайындағаған тағлымды ақпараттар мен қойылмдарға ризашылықтарын білдіріп, оларды мақтау грамотасымен марапаттады.

 

 

ҚазҰУ-да қарым – қатынас тілі қалай оқытылады?

https://martebe.kz/khazuu-da-kharym-khatynas-tili-khalaj-okhytylady/

          Заман талабына сай тұлға жасақтап, ұрпақ сауаттылығын арттыруда қазіргі ұстаздардың  арасында студенттердің көптілдік қабілетін ұштау мәселесі өзді өзінен  алдыға  шығып отыр.  Елбасымыз –  Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан — 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында да Қазақ­стан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарынан көрінуі  тиіс­ екендігін нақ түрде қадап айтып отыр. Бұл үрдіске кемелденген ұлт жастарының көзқарасымен қалай назар аудара аламыз? Әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарынан көріну-  егемендік алған еліміздің жаңа даму кезеңіңде, оның дүниежүзілік аренаға шығып, басқа елдермен саяси-экономикалық, мәдени қатынастарды калыптастыруында, Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болуында, әр түрлі дипломатиялық қызмет атқаруында, әрине,  ағылшын тілінің рөлінің аса қажеттілігі арқылы жүзеге асып отырғандығы рас. Қазіргі қоғамдағы геополитикалық, коммуникациялық, технологиялық өзгерістер және интернет жүйесі арқылы тілдесу — әр түрлі мамандықтағы, әр түрлі жастағы, әр түрлі қалауы, қызығушылығы бар адамдардың санын мейлінше көбейте түсуде. Осыған байланысты шетел тілдерін пайдалану қажеттілігі де  күн сайын артып келеді. Тіл — тек қатынас құралы емес, тілін үйреніп жүрген елдің рухани байлығын меңгеруде де үлкен рөл атқарады. Университетіміздің ректоры, оқу-әдістемелік бірлестігінің төрағасы Ғалым Мұтанов:  «2016-2020 жылдар аралығы еліміздің жоғары оқу орындарының үш тілдік білім беруге көшуі – отандық кадрлардың бәсекелестікке қабілеттілігін арттырудың және білім секторының экспорттық әлеуетін өсірудің негізгі шарты. Үш тілдік білім беру стратегиясы уақыт талаптарына жауап беруге, біздің қоғамның өмірлік қажеттіліктерінің шешімін табуға мүмкіндік береді. Мұның бәрі оқу-әдістемелік бірлестіктің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесіне алдағы жылға маңызды міндеттерді айқындап берді» деген болатын.

Білім саласы даңғылының түбегейлі рефорланған кезеңінде еліміздегі  ағылшын тіліне деген түсініктің тек коммуникациялық  ниетте болғандығы  уақыт өрісінде ерсі көрінеді. Әлемдік рейтингте жоғарғы 236 орыннан көрінген университетімізде қоғамды үштілділік процесіне дайындау мәселесі кеңінен талқыланып, соған орай тиісті шаралар жоғарғы дәрежеде жүргізіліп жатыр. Білімнің қарашаңырағы саналатын оқу ордамыздағы студенттердің дені ағылшын тілін аз уақытта жылдам  меңгеруде айтарлықтай нәтижеге қол жеткізіп отыр.  Университетіміздің қарарындағы ағылшын тілін оқыту әдістемесіне де қарым-қатынас тілінің майталмандары түбегейлі зерттеу жасап, тілдің теориялық құрылымын талдауға батыл ұмтылуда.  Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіндегі ағылшын тілін оқытуға арналған дәрісханалар пәнге қатысты көрнекі құралдармен толыққанды безендірілген. Студенттер ағылшын тілін меңгеруде бірнеше сатылы тіл ұстарту сынақтары мен  әлемдік тілде еркін сөйлеуге қатысты ережелерге көз жүгіртеді.  Жалпы, университетімізде ағылшын пәнін оқыту еркін форматта жүргізіледі. Атап айтсақ дәріс интеграция ұғымы арқылы жүзеге асады. Интеграция дегеніміз – пәндердің өзара байланысын жоғары деңгейде нақтылы түрде іске асыру. Интеграция тұтастықты қалыптастырып, білімді жүйелеу мен жинақтауда әр түрлі ғылымдарды біріктіреді, бір сабаққа бірнеше оқу пәндері мақсатының бірігуіне мүмкіндік береді.

Студенттердің үш тілде еркін сөйлеу біліктілігін дамытуды жүзеге асыру барысында мынадай міндеттемелерін негізге аламыз:

  • студенттердің үш тілде еркін сөйлеу біліктілігін дамытуда оқыту технологияларын тиімді пайдалану;
  • заманауи интерактивтік және инновациялық технологияларды қолдану;
  • үш тілде де қарым-қатынас жасауға, сөйлеуге үйрету;
  • әр студенттің тілдік қабілетін толық ашу;
  • сөздік қорын молайтуда аударма және түсіндірме сөздіктерін пайдалана алу;

 

Иә, ағылшын тілі пәнінің ғылыми ұстазы ретінде өзара стратегиялық міндеттерді атқаруға, заманауи әлемде Қазақстанның бәсекелестікке қабілеттілігін жоғары дәрежеде қалыптастыруға университетіміздегі пәннің жоғарғы деңгейде оқытылу шарттарының айтарлықтай үлес қостынына сенім білдіремін. Себебі, еліміздің болашағы – көптілділікті еркін меңгерген жастардың қолында.

Ашляева Маржан Темиржанқызы
Қастай Дастан Қуандықұлы.

3-Мамыр, 2017 жыл.

 

 


 

«Гарри Поттер және философиялық тас» қойылымы

 

 Филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушылары «ҚазҰУ студенті оқуы тиіс 100 кітап» жобасы аясында Дж.К. Роулингтің  «Harry Potter and the Philosopher's Stone» қойылымын қойды.

 

22 сәуір  -  Жастар ынтымақтастығының халықаралық күні

    

   2016 жылының  22 сәуір күні  филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы   және аударма ісі кафедрасының оқытушылары Р.М. Таева, Ш.М. Макатаева, А.Т.  Алимбаева  және М.А. Жаңабековалардың  ұйымдастыруымен «Айналаңды нұрландыр»  жобасы аясында  Жастар ынтымақтастығының халықаралық күні құрметіне арналған   «Қазақ халқының салт-дәстүрлері – Customs and Traditions of Kazakh people» атты  ағылшын тілінде   мерекелік кеш өткізілді.  
   

Шетел тілдер апталығы  

Сәуір  18-27, 2016 

 Филология және әлем тілдері факультетінің  шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы «Айналаңды нұрландыр – Brighten your corner» жобасы аясында студенттердің меңгерген білімін тереңдету және қызығушылығын арттырумақсатында «Foreign Languages Contest» атты білім мен тәрбие тоғысқан мерекелік апталық ұйымдастырды.

   

Ардақты аналар әлеміне саяхат -  04 Наурыз 2016 жыл

 Филология және әлем тілдері факультетінің  шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы ұжымы  «Айналаңды нұрландыр»  жобасы аясында өткізілетін 8 наурыз күніне орайАналар құрметіне арналған  «Ардақты аналар  әлеміне саяхат» атты мерекелік кеш ұйымдастырды.

   

Алтын белес - Золотая середина - Golden middle      25 Наурыз 2016

       Филология және әлем тілдері факультетінің  шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының ұжымы  «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында студенттік рухты  жандандыру мақсатында «Алтын белес - Золотая середина - Golden middle» атты мерекелік  кеш өткізді.

   

Еуропалық тілдер мейрамы 

 

 Филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушылары «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында "Еуропалық тілдер мейрамы"атты іс-шара өткізді.

 

   

Есіңе мені алғайсың

   Филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушылары «ҚазҰУ студенті оқуы тиіс 100 кітап» жобасы аясында ақын М. Мақатаевтың 85 жылдық мерей тойы құрметіне  арналған "Есіңе мені алғайсың" атты  әдеби-сазды кешін ұйымдастырды.

   

Education around the world / Білім – бүкіл әлемд / Образование во всем мире

2 ақпан  2016 жыл

 

 Филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының ұжымы  «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында  «Әлем білім үшін» тақырыбындаағылшын тілінде танымдық-тәрбиелік  кеш өткізді.

   

«Лир патша» қойылымы

 

 Филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушылары «ҚазҰУ студенті оқуы тиіс 100 кітап» жобасы аясында қойылатын У. Шекспирдің «Король Лир»  қойылымын қойды.

   

Тұңғыш Президент – Первый Президент – TheFirstPresident 

26 қараша 2015

 

 Филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушылары  Қазақстанның тұңғыш Президенті күніне арналған  мерекелік шара өткізді.

   

Зиянды дағдылармен күресу – денсаулық кепілі    29  Қазан 2015 жыл 

 Филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының ұжымы  «Саламатты дене мәдениеті» жобасы аясында «Зиянды дағдылармен күресу – денсаулық кепілі» тақырыбындаағылшын тілінде тәрбиелік кеш өткізді.

 

17 қараша – Халықаралық студенттер күні 

 

 2015 жылдың 17 қараша күні шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы халықаралық студентер күніне орай «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» аясында «ҚазҰУ-дағы студенттік өмір» атты мерекелік кеш ұйымдастырды.

   

Ана үйі – Дом мамы «Үйі бардың күйі бар...»

 

        Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен «Ана үйі – Дом мамы» қоғамдық қорына қайырымдылық көрсету мақсатымен «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында  «Үйі бардың күйі бар» қайырымдылық акциясы өткізілді.

   

Қыз тәрбиесі  - ұлт тәрбиесі 

   7 сәуір күні  №17 студенттер үйінде  шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушылары ҚоңырбековаТ.О.,Шакенова В.Б, Кенжеханова Қ.К. ұйымдастыруымен «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Қыз тәрбиесі  - ұлт тәрбиесі» атты іс- шара өткізілді.

   
   
   
   
   
   

 

 

 

 

 

 

 


ПОЭТИКАЛЫҚ ТӘРЖІМА КЕШІ

2014 жылы 7 желтоқсанда «Tarzhiman» жас аудармашылар ұйымында 4 курс, орыс тобы студенттерінің ұйымдастыруымен поэтикалық тәржіма кеші өтті. Кеш клубтың ғылыми жетекшісі, доцент Л.Ж.Мұсалының поэзияның сұлулығы мен тәржіма өнері жөніндегі әсерлі сөздерімен басталды. Ағылшын поэзиясының классигі У.Шекспирдің 5 сонетінің түпнұсқасы, орыс тіліндегі тәржімасы және Мұқағали Мақатаевтың тәржімасы қатар оқылды, талданды. Сондай-ақ, Э.А.Поның «Ворон», Г.В. Лонгфеллоның «Стрела и песня», М. Макатаевтың «Алдыңнан терезеңнің жүріп өттім»өлеңдерін қазақ-орыс тілдеріндегі тәржімалары тыңдалды. Түрлі поэтикалық ойындар жүргізіліп, 1 курс студенттерінің шығармашылық қабілеті шыңдалды. Кеш болашақ аудармашылар үшін өте пайдалы болды.

 

Халықаралықғылыми-әдістемелік семинар

2014 жылдың 05 желтоқсанында филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасының ұйымдастыруымен ақын, жазушы, публицист, Ресей Жазушылар одағы басқармасының хатшысы Владимир Алексеевич Берязевтің қатысуымен әдебиеттану мен аударматанудың өзекті мәселелері туралы Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар өтеді.

21 ғасыр аудармашысы

2015 жылдың 5 ақпанында Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің аударма теориясы және әдісамасы кафедрасында бірінші курс студенттерінің арасында 21 ғасыр аудармашысы атты сайыс өтті.

 

 

Танымал тұлғалар

Аударма ісі мамандығының 1-4 курс студенттері кешке қатысыты. Ағылшын поэзиясының классигі У.Шекспирдің 5 сонетінің түпнұсқасы, орыс тіліндегі тәржімасы және Мұқағали Мақатаевтың тәржімасы қатар оқылды, талданды. Кеш болашақ аудармашылар үшін өте пайдалы болды.


 

Аудармашы тәжірибесімен бөлісті

2015 жылы 17 ақпан күні филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасының ұйымдастыруымен университет түлегі, белгілі аударматанушы ғалым, ҚР ҰҒА Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының профессоры НАҒИМА Сағындықовамен шығармашылық кездесу өтті.

Аудармашы мамандығының ерекше мәртебе екенін атап өткен кәсіби аудармашы Қожа Ахмет Яссауи туындыларын тәржімалау тәжірибесімен бөлісіп, болашақ аудармашыларға пайдалы ақыл-кеңесін айтты, студенттердің сұрақтарына жауап берді. МәшҺүр-Жүсіп Көпеев еңбектерінің орыс тіліне өзі аударған жинағын студенттерге тарту етті.

«Аударма ісі» бөлімі студенттерінен құрылған «TARZHIMANclub» жас аудармашылар клубы аударматанушы шығармашылығы бойынша дайындаған қойылым көрсетті. «TARZHIMANclub» жетекшісі, доцент Ләйла Мұсалы бұл кездесудің болашақ аудармашылар үшін өте пайдалы болғандығын, кәсіби кеңестер алғандығын атап өтті.

Кафедра меңгерушісі Ә.С.Тарақов кешті қорытындылап, Нағима Жәлелқызына зор денсаулық, отбасылық қуаныш тіледі

«Аудармашы - әлемдік өркениетті дамытушы»

 

Осындай тақырыппен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің филология әдебиеттану және әлем тілдері факультеті аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасы 2015 жылдың 3- наурызында Алматы облысы Талғар қаласындағы №2 С.Сейфуллин атындағы орта мектептің 11-сынып оқушыларымен кәсіби бағдар мақсатында онлайн-конференция өткізді. Кафедра меңгерушісі Ә.Тарақов қазіргі жаһандану заманындағы аудармашы қызметінің рөлі және университеттегі мамандар дайындау жайында қысқаша әңгімеледі. Конференцияға кафедра оқытушылары және студенттер қатысып, сөз сөйледі.

 

 

Ағылшынша онлайн-конференция

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің филология әдебиеттану және әлем тілдері факультеті аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасының профессор-оқытушылары 2015 жылдың 31- наурызында Алматы облысы Талдықорған қаласы №2 орта мектеп жоғары сынып бітірушілерімен «Идиомалық фразеологизмдер» тақырыбында онлайн-конференция өткізді. Кафедра ұжымы өткізген екінші шара. Бұл жолы аға оқытушы А.Айтмұхамбетова ағылшын тілінен тапсырмалар, тест сұрақтарын беріп, жауаптарын тексерді. Онлайн-конференцияға кафедра менгерушісі Ә.Тарақов, доценттер Л.Мұсалы, С.Сейденова қатысты.