Ғылыми-жобалар мен зерттеулер

 

 

Кафедраның оқытушылары қазақ ғылымына елеулі үлес қосып келеді. Жыл сайын республикалық, халықаралық 
басылымдарда ғылыми мақалалар жариялап, қазақ тілінің ғылыми әлеуетін арттыруда. Осы уақытқа дейін кафедра ғалымдары Scopus,
Tomson Routhers сияқты әлемдік басылымдарда ғылыми жарияланымдар жариялап келеді. Олар: А.Салқынбай, А.Тымболова,
Г.Смағұлова, О.Жұбаева, Х.Қарабаева, М. Малик.

«Еліміздің инновациялық дамуына менің қосқан нақты үлесім» атты студенттік инновациялық жобаның әлеуметтік-маңызды мәселелерді шешуге бағытталған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әлеуметтік осал топтарға арналған нашар еститін, мүлде естімейтін, туа бітті мылқау, тілінде мүкісі бар  балалар мен ересектерге ыммен сөйлеу тілінде латын әліпбиін үйрету   жобасы жүлделі орынға ие болды. Жоба атауы: «Есту қабілеті шектеулі  балалар мен ересектерге ыммен сөйлеу тілінде латын әліпбиін үйрету».  Жоба авторы: 4 курс студенті  Иса Альвира Мәжитқызы. Жоба жетекшісі: Абдрахманова Жазира Әсембекқызы.

 


   

Бизнес-инкубатор

2018 жылдың сәуір айында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін "Студенттік бизнес-инкубаторлар аясында ең үздік студенттік инновациялық жоба байқауында" 2-орын алғаны үшін Филология және әлем тілдері факультетінің 3-курс студенті Иса Альвира Мәжитқызы марапатталып, 100 000 теңгелік сертификатқа ие болды. Ғылыми жетекшісі - Қазақ тіл білімі кафедрасының оқытушысы  Абдрахманова Жазира Асембеккызы.

 


 

Бизнес-инкубатор

2017 жылдың сәуір айында жас ғалымдар мен студенттердің арасында ғылыми-инновациялық идеяларды қолдау мақсатында жарыс ұйымдастырылды. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері өндіріске жарамды өнімдерді құрастырып, 40 жуық ғылыми жоба ұсынды. Соның бірі  – филология және әлем тілдері факультеті қазақ тіл білімі кафедрасының 4 курс студенті Садық Ақбота ұсынған «Лингво-текше». Ақботаның қазақ тілін үйретуде қолдануға жарамды бұл өнімі ең үздік, тұтынушыға қажет өнім ретінде танылып 2 орынды иеленді.

 

Бағыты

Жоба тақырыбы

Жоба жетекшісі

Мерзімі 

Байланыс телефоны

1 Әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдардағы іргелі және қолданбалы зерттеулер 

«Әлемдік рухани құндылықтар: Абай шығармашылығындағы адамзатты сүю идеясы»

AP14871410/ГҚ

А.Б. Салқынбай 2022-2024

+7 707 823 87 70  

asalkbek@gmail.com
2 Әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдардағы іргелі және қолданбалы зерттеулер  Түркі лингвомәдени бірліктерінің ұлттық аялық сипаты (қыпшақ-оғыз тобы тілдері бойынша) 

АР09260438

 
А.О. Тымболова 2021-2023

8701-145-87-30

tymbolova@mail.ru
3 Әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдардағы іргелі және қолданбалы зерттеулер 

Көне түркі ескерткіштеріндегі ономастикалық кеңістік: тарихи-тілдік талдау АР09260070

К.К. Күркебаев  2021-2023

+7 700 447 7212

kenje69@mail.ru
4
Экономикалық, әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдардағы іргелі және қолданбалы зерттеулер 

«Әлемнің когнитивтік бейнесі: қазақ тіліндегі ұлттық кодтар»

AP05131395/ГҚ 

А.Салқынбай 2018-2020 87054600012 asalkbek@mail.ru

5

Экономикалық, әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдардағы іргелі және қолданбалы зерттеулер 

«Қазақ тілі әлемдік кеңістікте: теориясы және практикасы» 

№1485/ГФ4

0115PK00787

 

А.Салқынбай

 

2015-2017

 

87054600012 asalkbek@mail.ru

 

6

Экономикалық, әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдардағы іргелі және қолданбалы зерттеулер 

«Мемлекеттік тіл: үрдістері мен даму болашағы».

 

Г.Смағұлова

 

2012-2014

87772008891

smagulova.g@mail.ru 

7

Экономикалық, әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдардағы іргелі және қолданбалы зерттеулер 

«Қазақ тілінің функционалды грамматикасының басымдықтары: теориядан тәжірибеге дейін». 

Д. Әлкебаева 

2012-2014 

87777779660 alkebaeva@mail.ru 

   
   
   
   

2018 жылдың 19-28 ақпан аралығында «Лингвоарна» ҒЗжОӘ орталығы, Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйі және  «Ұлт болмысы» РПӘТЖ журналының бірлесуімен «Рухани жаңғыру және ұлттық сана» атты ғылыми-әдістемелік онлайн-семинар өтті. Ғылыми-әдістемелік онлайн-семинардың мақсаты білім беру бағдарламаларының жаңа өзгерістерге бейім болуы мен заманауи білімді меңгеруге қабілеттілікті дамытатын қазақ және басқа да тілдердің озық жүйесінің бағыт-бағдарын айқындау, оқыту сапасын арттыруды көздеді.  

Ғылыми-әдістемелік онлайн-семинар жұмысының  бағыттары мынадай бағыттарды құрады:

1. Латын әліпбиі – қазақ тілінің даму кеңістігі;

2. Білім берудегі рухани сананың жаңғыруы – ұлттық код;

3. Тарих, тіл мен әдебиет байланысы – рухани дәстүрлер құндылығы;

4. Қазақ тілін оқытудың жаңа сапалық деңгейі;

5. Үш тілді меңгеруге бейім азаматтық қоғам;

6. Адами капитал – жаңғыру негізі.

Республикалық ғылыми-әдістемелік онлайн семинарға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, СҚО Ақжар ауданы, №2 Ленинград орта мектебінің ұжымы, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті, Алматы қаласы №160 орта мектептің ұжымы, Еуразия Гуманитарлық институты, Оңтүстік Қазақстандық гуманитарлық институты және т.б. қатысты.