Оқу-эксперименттік зертхана

"Қазақ тілі: әлеуметтік лингвистикалық және психолингвистикалық зерттеулер" оқу-эксперименттік зертханасын профессор Э.Д. Сүлейменова құрған (2000). Алғашқы күннен бастап зертханада штаттан тыс ғылыми кеңесшілер ретінде профессор Грегори Томсон (Альберта университеті, Канада) және профессор Нұрсұлу Жамалбекқызы Шәймерденова (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана) қызмет атқарды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің шешімімен (30.12.2019 жылғы №690 бұйрық) зертхана "Әлеуметтік лингвистика, аударма теориясы мен тәжірибесі" деп аталды және "Шетел филологиясы және аударма ісі" кафедрасының құрамына ауыстырылды (кафедра меңгерушісі М.М. Аймағамбетова).



Ғылыми зертхана жетекшісі (principal researcher) – филология ғылымдарының докторы, ЖМ ХҒА академигі, ПГМУ-дың құрметті профессоры, INTAS Scientists of scientists мүшесі, ҚХА ҰЭЖ мүшесі, Халықаралық славянистер комитетінің мүшесі, МАПРЯЛ президиум мүшесі, КАЗПРЯЛ Президенті, ҚазҰУ "Language Flagship" ACCELS (American Councils for international education) бағдарламасының академиялық директоры, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың "Шетел филилологиясы және аударма ісі" кафедрасының профессоры СУЛЕЙМЕНОВА ЭЛЕАНОРА ДЮСЕНОВНА


Жетекші ғылыми қызметкер (leading researcher) - филология ғылымдарының докторы, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің «Филология» кафедрасының профессоры, Ш.Уалиханов атындағы ҚМУ-дың құрметті профессоры, ҰЭК ҰАО мүшесі, КазПРЯЛ бағдарламалар комитетінің мүшесі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының профессоры – ШАЙМЕРДЕНОВА НҰРСҰЛУ ЖАМАЛБЕКҚЫЗЫ



Штаттан тыс ғылыми кеңесші - PhD доктор,  Slavic Languages and Literatures (Harvard University),  МАПРЯЛ вице-президенті, Ресей білім академиясының және Украина білім Академиясының академигі, әлем тілдерін зерттеу жөніндегі академиялық комитеттің басшысы, Тілдер жөніндегі Ұлттық комитеттің төрағасы (JNCL), Халықаралық білім беру және мәдени алмасу Альянсының төрағасы, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей университеттерінің құрметті профессоры, BrynMawr университеті Professor Emeritus,  ACCELS ғылыми-зерттеу орталығының директоры,  Халықаралық білім беру жөніндегі американдық кеңестердің (ACTR/ACCELS – American Councils for International Education) құрылтайшысы және құрметті президенті  - ДЭН ДЭВИДСОН  (DAN DAVIDSON)



Штаттан тыс ғылыми кеңесші -  тіл теориясы бойынша филология ғылымдарының кандидаты, («Тілдерді жоспарлау: үлгі типологиясы», әл-Фараби атындағы ҚазҰУ). Әлеуметтік лингвистика  бойынша PhD доктор, («Language shift and revival in Kazakhstan: A multi-level analysis», King's College London»),  КИМЭП Білім беру және гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы  -  СМАГУЛОВА ЖҰЛДЫЗ САГИДОЛЛАЕВНА. 

ЗЕРТХАНА ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:

Зертхана іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүзеге асырады, тіл саясаты және тілдік жоспарлау бойынша сараптамалық қорытындылар жасайды, аударма бойынша тәжірибелік кеңестер береді, зерттеулерге студенттерді, оқытушылар мен жас ғалымдарды қатыстыра отырып ғылыми зерттеулердің оқу үдерісімен байланысын қамтамассыз етеді.

Ғылыми-зерттеу бағыты: инновациялық зерттеулер, әлеуметтік лингвистика және аударма теориясы саласындағы зерттеулер, ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелерін тарату және насихаттау, шетелдік әріптестермен ынтымақтастық байланыс жасай отырып қазақстандық әлеуметтік лингвистика мектебін және аударма теориясын дамыту, әртүрлі дәңгейдегі халықаралық және республикалық ғылыми форумдар және т. б. ұйымдастыру және өткізу шараларын қамтиды.

Білім беру бағыты: оқу үдерісімен тығыз байланысты және теориялық, оқу-әдістемелік, оқу-лексикографиялық және басқа материалдарды оқу үрдісіне енгізу, қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарында дәрістер оқу, республикалық және халықаралық «Әлеуметтік лингвистика мектебі», «Аудармашылар мектебін» ұйымдастыру; семинарлар, тіл саясаты және аударма тәжірибесі саласындағы функционалдық сауаттылық, ақылы сертификатцияланған білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ қарқынды тілдік оқу бағдарламаларын іске асыру бойынша вебинарлар өткіледі.

Имидждік бағыт: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ брендтерін насихаттап, зертхана жұмысының ғылыми жетістіктері мен бәсекелестік артықшылықтары туралы ақпараттандыру, имидждік жұмыс бойынша халықаралық ынтымақтастық бойынша жұмыс жүргізу, ғылыми және білім беру бағдарламалары үшін шетелдік мамандарды шақыру, тіл саясаты т.б. өзекті мәселелер бойынша ғылыми-ақпараттық іс-шаралар ұйымдастыру.

 

Зертхананың бағдарламалық-ақпараттық қамтамасыз етілуі

 

Зертхана PRAAT, VARBRUL, STATVIEW, SUPERANOVA, SPSS, DMASTER (DMX), ePRIME, CLAN, SILPhoneticsPackage және тағы басқа компьютерлік бағдарламалармен жабдықталған. Зерттеулер корпустық, эксперименттік, эмпирикалық әдістермен жүргізіледі.

 

Халықаралық және республикалық ғылыми-зерттеу жобалары

 

Жаппай сауалнама мен сұхбат материалдарының нәтижесінде әлеуметтік лингвистикалық және психолингвистикалық зерттеулер бойынша 13 халықаралық (INTAS, ACCELS, М.В Ломоносова атындағы ММУ, СПбМУ, РУДН, ММЛУ және т.б.) және 17 республикалық іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу жобалары (ҚР БҒМ, ҚР АКМ, ҚХА, "Атамекен" ҚР ҰКП) сәтті орындалды.