Негізгі бет  →  Факультеттер  →  Механика-математика факультеті  →  Кафедралар   →  Ақпараттық жүйелер кафедрасы

Ақпараттық жүйелер кафедрасы

Ақпараттық жүйелер кафедрасы өзінің бастауын  1973 жылы ашылған «ЭЕМ-ді математикалық жабдықтау» кафедрасынан алады. Кафедраның алғашқы меңгерушісі  физика-математика ғылымдарының докторы Қ.А.Қасымов болды.  Одан кейін кафедраны физика-математика ғылымдарының докторы, профессор М.А.Тайцлин,  техника ғылымдарының докторы, профессор М.М.Телемтаев басқарды.

1989 жылы «ЭЕМ-ді математикалық жабдықтау» және «Математикалық кибернетика» мамандықтарымен «ЭЕМ және кибернетика» кафедрасы ашылды. Осы кезде кафедра меңгерушісі қызиетін техника ғылымдарының докторы, доцент Т.Н.Бияров атқарды. «Математикалық кибернетика» мамандығы КСРО ҒА  мүшесі  Яблонскийдің колдауымен ашылған болатын.

1994 жылдан бастап кафедрада А.А.Жданов атындағы ЛМУ-нің  «ЭЕМ-ді математикалық жабдықтау» кафедрасының түлегі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор А.Е. Дүйсембаев жұмыс істеп келеді. Кафедрада В.М.Глушков атындағы  (Киев қаласы, Украина) Кибернетика институтының аспиранты физика-математика ғылымдарының кандидаты  А.К.Сарбасова жұмыс істейді. Өз кезегінде кафедраның мүшелері болып физика-математика ғылымдарының докторы Т.Ж.Мазақов және қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігінде жұмыс жасап отырған А.А.Жданов атындағы ЛМУ-нің түлегі, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Е.К.Мамытбеков жұмыс жасаған.

1997 жылы, яғни «ЭЕМ-ді математикалық жабдықтау» және «Математикалық кибернетика»  кафедраларының  бірігуінен кейін кафедра «ЭЕМ-ді математикалық жабдықтау және математикалық кибернетика»  деп аталды. Ал, кафедра меңгерушісі болып  конкурс бойынша физика-математика ғылымдарының докторы, доцент Т.Н.Бияров таңдап алынды. Еңбек нарығында туындаған сұраныстарға сәйкес кафедрада «Бизнестегі ақпараттық жүйелер» деп аталатын жаңа мамандық  ашылды.

2001жылдың қараша айында «ЭЕМ-ді математикалық жабдықтау және математикалық кибернетика» кафедрасы «Математикалық кибернетика және ақпараттық жүйелер» және «Информатика» кафедрасы болып екіге бөлінді.

2002 жылдың қазанынан бастап  математикалық кибернетика және ақпараттық жүйелер кафедрасының меңгерушісі физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Н.Т.Данаев болды, ал 2003 жылдың сәуір айының аяғынан бастап кафедраны техника ғылымдарының докторы, профессор У.А.Төкеев басқарды. Сол кезден бастап математикалық кибернетика және ақпараттық жүйелер кафедрасы «Ақпараттық жүйелер» кафедрасы болып өзгертілді.     

2011 жылдың 14 сәуірінен бастап кафедра меңгеруші қызметін техника ғылымдарының докторы, профессор Мұтанов Ғалымқайыр Мұтанұлы атқарады.

Кафедра ақпараттық жүйелер саласы бойынша мамандар дайындайды және 5B070300 – Ақпараттық жүйелер (бакалавр) мамандығы; 6N070300 – Ақпараттық жүйелер (магистратура) мамандығы;  6D070300 – Ақпараттық жүйелер (PhD-доктарант) мамандығы бойынша талапкерлерді жинайды.

«Ақпараттық жүйелер» кафедрасында 12 докторлар мен ғылым кандидаттары, 5 профессор және ақпараттық жүйелер мен технологиялар саласында ҚР бойынша білікті мамандар қызмет көрсетеді.

Кафедра түлектері кез келген ұйымдарда, банктерде, сақтандыру компанияларында, коммерциялық ұйымдарда, ғылыми – зерттеу ұйымдарында, оқу орындарында экономист, оқытушы, өңдеуші – программист, менеджер, желі және МБ администраторы болып жұмыс жасай алады.

Кафедра келесі мамандандыру бағдарламасы бойынша мамандар дайындайды:

  • Ақпараттық жүйелерді өңдеу;
  • Ақпарттық жүйелердің желілік технологиясы;
  • Ақпарттық жүйелер менеджменті.

Кафедра бітіруші түлектеріне «Ақпараттық жүйелер  бакалавры», магистранттарға «Ақпараттық жүйелер магистранты» деген академиялық дәреже беріледі.