Ақпараттық технологиялар факультеті


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2018 жылдың 15 қаңтарында Ақпараттық технологиялар факультеті ашылды. Бұл – уақыт талабы. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жолдауында «Цифрлы Қазақстан» жобасын жүзеге асыру туралы айтылған. Ол жобаның негізгі мақсаты Қазақстанды цифрландыруға, ақпараттық технология саласында оқитын және жасанды интеллектпен, сонымен қатар «үлкен мәліметтермен» жұмыс істей алатын жастарды көбейтуге бағытталған. Қазақстанда базалық лейтмотивті ақпараттық технологияны өмірдің барлық салаларында қолдану және дамыту болып табылатын «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы қабылданған болатын. Осы саладағы мамандарды дайындау мақсатында факультетте «Жасанды интеллект және BigData» кафедрасы ашылды. Ақпараттық технологиялар факультетінің негізгі мақсаты – ұлттық экономиканың IT-секторын динамикалық тұрғыда дамытып, әлемдік деңгейге жеткізетін жоғары білікті мамандар даярлау.

 

 

 

Ақпараттық технологиялар факультетінің деканы 

ф-м.ғ.к., доцент Ұрмашев Байдәулет Амантайұлы