№АР 15473408. «Әлеуметтік желілердегі экстремистік мазмұнды анықтау модельдерін және әдістерін құрастыру»

  • Жоба жетекшісі магистр Багитова Каламкас Багитовна

 

  • Зерттеу тобының негізгі мүшелері:

Мусиралиева Шынар Женисбековна физико-математических ғылымдарының кандидаты

 

  • Қазіргі кезде әлеуметтік желілер адамзат өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Әлеуметтік желілер тек ағартушылық мақсатта емес сонымен қатар экстремизм идеяларын насихаттау үшін де қолданылып келеді. Экстремистік ұйымдар жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып желіде топқа жаңа мүшелер тарту, экстремистік іс-әрекеттерді жоспарлау мен орындау, оқыту жұмыстарын жүргізу, әлеуметке қауіпті әрекеттерді басқару мен координациялауда жасырын ақпарат алмасу, идеологиялық насихат жүргізу және т.б. әрекеттерді ұтымды орындауда. Яғни ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар дамуының қазіргі тенденцияларына сәйкес келетін іс-шараларды әзірлеу, атап айтқанда экстремизм мен терроризм идеяларының күшеюіне қарсы тұруға қатысты іс-шараларды ұйымдастыру қажет.

 

  • Жобаның мақсаты: Әлеуметтік желілерде қазақ және орыс тіліндегі экстремистік мәтіндерді анықтау моделі мен әдісін кешенді зерттеу және құру. Құрылған модель мультикласс классификация жүргізу арқылы мәтіндерді политикалық экстремизм, сепаратизм, діни экстремизм т.б. сұрыптайды.

 

  • Жобаның міндеттері келесідей:
  1. Әлеуметтік желілерде қазақ және орыс тіліндегі экстремистік мәтіндерді анықтау үшін экстремистік мәтіндер корпусын құру;
  2. Әлеуметтік желілерде экстремистік мәтіндерді анықтау үшін мультикласс классификация жүргізетін және мәтіндерді политикалық экстремизм, сепаратизм, діни экстремизм т.б. сұрыптайтын модель құру.
  3. Әлеуметтік желілерде зиянкес ақпарат тарататын аккаунтарды анықтау әдістерін құру және зерттеу;
  4. Әзірленген модель мен әдістер негізінде веб-ресурстардағы қазақ тіліндегі экстремистік мәтіндерді анықтайтын бағдарламалық жабдықтаманы құру және тестілеу.
  • Жобаны іске асырудың бүкіл кезеңінде жобаны іске асыру қорытындылары бойынша мынадай нәтижелер күтілуде:
  • ·       БҒСҚК ұсынған журналдарда және (немесе) басқа отандық рецензияланатын ғылыми басылымдарда кемінде 3 (үш) мақала жарияланады.
  • ·       Әлеуметтік желілерде қазақ және орыс тіліндегі экстремистік мәтіндерді анықтау үшін экстремистік мәтіндер корпусын құрастырылады;
  • ·       Әлеуметтік желілерде экстремистік мәтіндерді анықтау үшін мультикласс классификация жүргізетін және мәтіндерді политикалық экстремизм, сепаратизм, діни экстремизм т.б. сұрыптайтын модель құрастырылады.
  • ·       Әлеуметтік желілерде зиянкес ақпарат тарататын аккаунтарды анықтау әдістерін құрастырылады.
  • ·       Әзірленген модель мен әдістер негізінде веб-ресурстардағы қазақ тіліндегі экстремистік мәтіндерді анықтайтын бағдарламалық жабдықтама жасалады.
  • ·       Алынған нәтижелердің мақсатты тұтынушылары – іргелі нәтижелерді әлемдік ғылыми қауымдастық пайдалана алады, әдіснама, алгоритмдер, прототип түріндегі қолданбалы нәтижелерді ақпараттық қауіпсіздікті, сыни инфрақұрылымды қамтамасыз ету, интернет-экстремизммен күрес жөніндегі уәкілетті органдар пайдалануы мүмкін.