Халықаралық жобалар мен зерттеулер

АЖ кафедрасы ТЕМПУС–ERAMIS жобасы «Екiншi құзыр сияқты информатика бойынша Магистрлiк бағдарламаларының Еуропа-Ресей-Орталық Азия желiсiн жасау» халықаралық жобаға қатысады. Жоба Ресей, Қазақстан, Қырғыстан, Франция, Испания, Германия, Финляндия, Польша ЖОО - дарымен және Қазақстан, Ресей және Қырғызстандық кәсiпорындарымен бiрге орындалады.

ТЕМПУС–ERAMIS жобасының мүмкіндіктері

Ақпараттық технологиялар саласында:

- Программаларды, мәліметтер қорларын, веб-қосымшаларды жобалау мен жасау, компьютерлер желілерді басқару және т.б.;

Бірінші компетенция саласында:

-ақпараттық технологиялар саласында алынган білімдерді, үйренген іскерліктерді, машықтарды бірінші компетенция саласында қолдана білу;

Оқу барысында:

-әріптес университеттер арасында студентер мен мұғалімдер алмасу;

-қос диплом алу.

Мақсаттар

Бұл магистрлік бағдарлама талап білдірушілерге еңбек нарығында сұранысқа сәйкес ақпараттық технологиялардан екінші мамандық алуға және бұл саладағы білімдерін кеңейтуге арналған.

Курстың негізгі бағыты ақпараттық технологиялар ғылымының негізгі салалары (алгоритмдер және деректер құрылымдары, программалау, компьютер жұйелері мен желілері, деректер қорлары, программалар жасау технологиялары,веб технологиялар) және специализация пәндері.

Қабылдау талаптар

Бұл оқу бағдарламаға бакалавр дәрежесі бар тұлғалар мен ақпараттық технологиялар саласында қабілеті бар тұлғалар қабылданады.

Қосымша ақпараттар үшін байланыс:

Адресі: 050012, Алматы қ., Масанчи 39/47, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, механика-математика факультеті, ақпараттық жүйелер кафедрасы. Телефон: 92-60-22 қ.2183

Бағдарлама туралы ақпарат

Бұл магистрлік оқу бағраламасының мақсаты басқа мамандықтар тұлғалардан техника, математика, физика, экономика, басқарудағы білімдерін ақпараттық технологиялармен ұштастыру арқылы ертеңгі күннің құралдарын қоғамды модернизациялауға енгізе алатын мамандарды даярлау.

Бұл магистерлік бағдарламасын TEMPUS - 159025 “ Еуропа - Ресей - Орталық Азия ақпарраттық магистрлік дәрежесін екінші компетенция ретінде оқу желісін құру” (ERAMIS) келесі ұйымдар бірігіп жасауда:

Еуропадан 5 университет:

- Пьер Мендес университеті, Франция;

- Савония қолданбалы ғылымдар университеті , Финляндия;

- Берлин қолданбалы ғылымдар университеті, Германия;

- Люблин технология университеті, Польша;

- Аликанте университеті, Испания.

Ресейден 4 университет:

- Астрахан мемлекеттік университеті;

- Казан мемлекеттік техникалық университеті;

- Воронеж мемлекеттік университеті.

- Саратов экономика және әлемеуттік ғылымдар университеті;

Қырғызстаннан 2 университет:

- Қырғыз ұлттық университеті;

- Кыргызс ұлттық техникалық университеті.

Қазақстаннан 3 университет:

- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;

- Қарағанды мемлекеттік университеті;

- Евразия инновациялық университеті, Павлодар.

Өндірістен 3 әріптес компаниялар

- Софит (Ресей);

- Акнет (Қырғызстан);

- Системотехника (Қазақстан).

Проект бағытында әріптес университеттер арасында студенттік алмасу және қос диплом алу мүмкіндігі бар. Оқу процесі қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүреді.

Ғылыми сынау мерзiмдерi

Кафедра магистранттары және докторанттары шетел ЖОО-да өз зерттеулер тақырыптары бойынша ғылыми сынау мерзiмдерiнiң өтуге мүмкiндiгi бар. 3 курс докторанты Ж.М. Жуманов 2010-2011 ж. Бригама Янг университетінде (Brigham Young University), Прово қ. АҚШ сынау мерзiмiн өттi, 1 курс докторанты Д.Р. Рахимова 2011 ж. (Lublin University of Technology) Люблин технологиялық университетiнде, Польша, сынау мерзiмiн өттi.