Жаңалықтар

Корейтану кафедрасының студенттері шәкіртақыға ие болды

30.11.2016

   Аталмыш шәкіртақы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университеті мен «Шинхан банк Қазақстан» АҚ арасында білім, ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамытып, студенттердің кореи тіліне деген қызығушылығын арттыру мақсатында тағайындалған.

Ары қарай оқу >>

Спорттық медицинаның өзекті мәселелері

30.11.2016

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің медицина факультеті, дене шынықтыру және спорт кафедрасы, Халықаралық спорт, спорт медицинасы және оңалту институты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25 жылдығына орай «Спорт медицинасының өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми – практикалық конференция өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Станислав Шмелевтың кітабының тұсау кесері өтеді

29.11.2016

30 қараша күні  Экономика және Бизнес жоғары мектебінде PhD докторы,  «Environment Europe» мемлекеттік емес мекемесінің  (Оксфорд, Ұлыбритания) директоры Станислав Шмелевтың кітаптарының тұсау кесері өтеді.  

Ары қарай оқу >>

Академик Шалтай Смагулов құмертіне 6-7 сыныптарға арналған математика олимпиадасы 1 тур.

27.11.2016

Академик Шалтай Смагулов құрметіне арналған математикалық олимпиаданың 1 туры өткізілді. Математикалық олимпиада өткізу туралы жаңалықты 6-7 сынып оқушылары, ата-аналар және мұғалімдер аса құлшыныспен қарсы алды.  Алматы қаласынан 50-ден астам мектеп қатысуға өтініштер ұсынып, олар іріктеу турдан өткізілді, сонымен қоса 5 сынып  оқушылары да тіркелген. Бұл күні бесінші және алтыншы сыныптар алдында сағат 10:00 және де жетінші сыныптар үшін сағат 13:00 де академик У.А.Жолдасбеков атындағы үлкен залдың есігі айқара ашық болды.

Ары қарай оқу >>

«1-желтоқсан тұңғыш Президент күні» атты ашық кураторлық сабақ.

26.11.2016

«Айналаңды нұрландыр» жобасының негізінде  механика-математика факультетінің ақпараттық жүйелер  кафедрасының эдвайзері Кәрібаева А.С.  «1-желтоқсан тұңғыш Президент күні» атты ашық кураторлық сабақ өткізді.  

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест: 21.11.2016-26.11.2016

26.11.2016

 

  • ҚазҰУ туралы бірауыз сөз
  • Студенттік мақалар 
  • Имидждік жариялымдар
  • Ғылымның жетістігі және проекттер 
  • Ана тілі аруы – Жігіт султаны 2016
  • Елбасы еңбңгі «Ұлы дала ұлағаттары»
  • Манаш Қозыбаевтің 85-жылдығы
  • Мен жастарға сенемін!
  • Титулованная спортсменка КазНУ
  • Алтын алған ҚазҰУ аруы 
  • Шанхай ынтымақтастығының векторы
  • Күзді балл 
  • Мы против курения!
  • 25-летие Независимости РК
  • План Нации
  • Оқытушы-профессорлық құрамның мақалалары
  • Біздің сарапшылар

Ары қарай оқу >>

ЭМОЦИЯЛЫҚ ИНТЕЛЛЕКТ: ТЕОРИЯ МЕН ТӘЖІРИБЕНІҢ ТОҒЫСЫНДА

26.11.2016

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультеті мен академик Ш. Есенов атындағы Ғылыми-білім беру қоры бірлесе отырып «Эмоциялық интеллект: Тағдырыңды басқар!» тақырыбында ашық дәріс ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ магистранттары 500 мың теңге ұтып алды

26.11.2016

«Болашақ энергиясы» номинациясы бойынша жас ғалымдарға арналған «Жастар Innovation» байқауында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында жүзеге асырылатын Колумбия университетінің (АҚШ) MDP және «Тұрақты даму» MDP магистратурасының бірлескен бағдарламасы бойынша оқитын студенттер 500 000 теңге ұтып алды.

Ары қарай оқу >>

«Қазақстан-Германия» қысқы мектеп өтеді

25.11.2016

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25-жыл толуына орай халықаралық қатынастар факультетінде DAAD қолдауымен «Қазақстан-Германия: неміс дәстүрлері, неміс тілі, ынтымақтастық» тақырыбында Қысқы мектеп өтеді.

Ары қарай оқу >>

«Мен жастарға сенемін!»

25.11.2016

29 қараша күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығы және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған «Мен жастарға сенемін!» атты студент жастардың республикалық IV патриоттық форумы өтеді. Байқауға қатысуға еліміздің 70 жоғары оқу орнынан 1,5 мыңнан  астам студент өтініш білдірген.

Ары қарай оқу >>

Елбасының маңызды шешімдері

25.11.2016

ҚазҰУ студенттері «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жаңа Қазақстан құру жолындағы маңызды шешімдері» атты IV Республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференциясына қатысты.

Ары қарай оқу >>

Тағылымға толы кездесу

25.11.2016

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетінде Бостандық ауданының прокуроры Бауыржан Жұмақановпен кездесу өтті. Бір кездері осы оқу орнын тәмамдаған жас прокурор жастармен бірден тіл табысып кетті. 

Ары қарай оқу >>

Мегаполис жағдайындағы дін атын жамылған экстремизмнің алдын алу

24.11.2016

ҚазҰУ-да Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасымен бірлескен «Мегаполис жағдайындағы дін атын жамылған экстремизмнің алдын алу» тақырыбында Алматы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. 

 

Ары қарай оқу >>

"Жігіт сұлтаны" мен "Ана тілі аруы" байқауының ақтық сыны өтті

24.11.2016

Байқаудың бірінші кезеңіне университеттен 500-ге жуық қыз-жігіт өтініш білдірсе, олардың 50-і 2-ші кезеңге өткен. Ал ақтық сайысқа 15 факультеттен 10 ару мен 10 сұлтан қатысып, білімдері мен өнерлерін көрсетті.

Ары қарай оқу >>

Мехматтың тұңғыш деканы

23.11.2016

Қазақ білімі мен ғылымының қалыптасып, дамуына елеулі үлес қосқан, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінің ашылуына орасан зор еңбек сіңірген алғашқы деканы – профессор Хасен Ибрашұлы Ибрашевтің туғанына биыл 100 жыл.

Ары қарай оқу >>

Болашағымыз – бірлікте!

23.11.2016

2016 жылдың 25 қарашасы күні сағат 15.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық  университетінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жас кәсіподақ белсенділерінің «Болашағымыз – бірлікте!» атты IV форумы өтеді.

Ары қарай оқу >>

Ғылым жеткен бір белес

22.11.2016

Индекстеу бойынша куәлікті Scopus халықаралық мәліметтер базасында «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы (ҚР ҰҒА) Хабарлары. Геология және техникалық ғылымдар сериясы» журналының Редакциялық алқа мүшелеріне салтанатты түрде тапсыру рәсімі болды.

Ары қарай оқу >>

«Мен жастарға сенемін!» студент жастардың төртінші патриоттық форумының іріктеуінен өткен студенттер тізімі жарияланды

22.11.2016

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті  «Жандану әлемі» қорының қолдауымен, «Жас Отан» жастар қанаты, ҚР Жазушылар Одағы және Алматы қаласы әкімдігі Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күніне және Тәуелсіздіктің 25-жылдығына  арналған «Мен жастарға сенемін!» атты студент жастардың төртінші патриоттық форумын өткізеді. Ақпараттық серіктесі – «Қазақ радиосы», «Нұрмедиа» холдингі. 

Ары қарай оқу >>

Қазақстан мен Ирандағы ғылым және білім саласындағы зерттеулердің жаңа әдістері

22.11.2016

Шығыстану факультетінде 2016 жылдың 28 қараша - 30 қараша аралығында Мазендаран (Иран) университетінің профессоры Мостафи Рустами мырзаның қатысуымен «Қазақстан мен Ирандағы ғылым және білім саласындағы зерттеулердің жаңа әдістері» атты ғылыми семинар өтеді.

Ары қарай оқу >>

«Ғылым көшбасшысы – 2016» халықаралық тәуелсіз сыйлығының иегерлері анықталды

22.11.2016

Жуырда ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ мен Thomson Reuters компаниясының ұйытқы болуымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ғылым және инновация – экономикалық дамудың негізі» деген тақырыпта халықаралық форум өтті.

Ары қарай оқу >>

Ұлттық болмысты бейнеледі

21.11.2016

Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыстар кафедрасының ұстаздары мен студенттері  №9 студенттер жатақханасында «Мен-патриотпын» тақырыбында поэзия кешін өткізді. 

Ары қарай оқу >>

Мегаполис жағдайындағы дін атын жамылған экстремизмнің алдын алу

21.11.2016

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасымен бірге  «Мегаполис жағдайындағы дін атын жамылған экстремизмнің алдын алу» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Қазақстан мен Түркия бауырластығының мызғымас бірлігі!

21.11.2016

Жуырда Түрксой кафедрасының ұйымдастыруымен Түркия Республикасының 93 жылдығы аталып өтті. Аталмыш мерекеге Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Рыза Қаған Йылмаз, Шет тілдері және іскерлік карьера университетінің ректоры, профессор Сабри Хизметли, Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының вице-президенті, профессор Ғарифолла Әнес, Евразия ғылыми-зерттеулер институтының директоры Невзат Шимшек және бизнес өкілдері мен түрік студенттері шақырылды.

Ары қарай оқу >>

Өнерлі жас қытайтанушы

21.11.2016

Қытайтану кафедрасының 2 курс студенттері №14 жатақханада «Өнерлі жас қытайтанушы» атты танымдық-музыкалық кеш өткізді. Мұндай кештерді ұйымдастырып өткізу кафедра күнін атап өтудің дәстүрлі формасына айналған.

 

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест: 14.11.2016-19.11.2016

19.11.2016

  • Имидждік жариялымдар
  • Венгрлік революцияның 60-жылдығы
  • Алтын алған ҚазҰУ аруы
  • Отандық ғалымдар қатерлі ісікті жазатын дәрі тапты
  • Мы против курения!
  • Отклики к 25-летию Независимости РК
  • Оқытушы-профессорлық құрамның мақалалары
  • Біздің сарапшылар
  • ҚазҰУ туралы бірауыз сөз 

Ары қарай оқу >>

Халықаралық көпір – инновациялық мүмкіндіктер платформасы

19.11.2016

Т. Қожакеев атындағы №230 мәжіліс залында Гирне Америка университетінің (Girne American University)директоры Орхан Гасаноглумен «Халықаралық көпір – инновациялық мүмкіндіктер платформасы» аттыкездесу өтті

Ары қарай оқу >>

Тарихқа тағзым

19.11.2016

Біздің Атамекеніміздің тарихын, жауынгерлік, мәдени дәстүрімізді танытып, Отанға деген махаббатын тәрбиелеу мақсатында жаппай қорғаныс және әскери-патриоттық жұмыстарын жүргізу аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУәскери кафедрасы болашақ офицерлерді тәрбиелік және идеологиялық тұрғыдан оқыту циклының 2-ші оқу жылының студенттерімен Алматы қаласының жауынгерлік мәртебелі орындарына экскурсия жасады.

Ары қарай оқу >>

"France24" арнасының үздігі дәріс берді

17.11.2016

Журналистика факультетінде "France24" арнасының тележүргізушісі,  Антуан Кормеридің дәрісі болып өтті. Антуан  Кормери телерепортаж  саласының үздігі, өзіндік стилі қалыптасқан сарапшы болып табылады. 

Ары қарай оқу >>

G-Global жаңалықтары

16.11.2016

Халықаралық қатынастар факультетінің «Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика» кафедрасы «G-Global» интерактивті алаңында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында «Бір белдеу – бір жол» саясатының экономикалық моделі атты онлайн видеоконференция өткізеді.

Ары қарай оқу >>

17 қараша - Бүкіләлемдік философия күні!

16.11.2016

ЮНЕСКО шешімі бойынша Бүкіләлемдік философия күні 2002 жылдан бері қарашаның әрбір үшінші бейсенбісі атап өтіліп келеді. Бүкіләлемдік философия күні - бұл пікірталас мен диалог күні, өз көзқарасын білдіріп, басқаларды түсіну және тыңдау, қазіргі заман мәселелері мен сын-тегеуріндеріне жауап ретінде интеллектуалдық серіктестікті құру мүмкіндігі.

Ары қарай оқу >>

Ынтымақтастықтың жаңа қырлары

14.11.2016

Философия және саясаттану факультеті Алматы облысының дін істері басқармасымен білім және ғылым саласында ынтымақтастықты кеңейту бойынша бір қатар мәселелерді талқылады. 

 

Ары қарай оқу >>

Алтын алған ҚазҰУ аруы

14.11.2016

Әлеуметтік денсаулық сақтау және медицина жоғары мектебінің 3 курс студенті Умида Сыздықова екінші дүниежүзілік соғыс батырлары  Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова, Хиуаза Доспановалардың рухына арналған  әйелдер арасында өткен халықаралық  бокс жарысында жеңімпаз атанды

Ары қарай оқу >>

Қазақстан – Франция телекөпірі: ынтымақтастық келешегі

14.11.2016

16 қараша күні ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасы Халықаралық бағдарламалар орталығымен бірге француз «France 24» телеарнасының құрылтайшысы, әлемдік деңгейдегі тележүргізуші Антуан Кормеримен ашық дәріс ұйымдастырады.

Ары қарай оқу >>

Әлеуметтік серіктестік – жұмысқа орналасудың бірден-бір кепілі

14.11.2016

Қытайтану кафедрасы іргелі білім мен кәсіби-қолданбалы дайындықты ұштастыру бағытында белсенді жұмыс атқарып келеді және осы мақсатта жыл сайын студенттерге арнап жұмыс берушілердің арнайы түрлі тақырыптағы ашық дәрістерін ұйымдастыруда

Ары қарай оқу >>

«Математика – ғылымдар патшасы» іс-шара.

13.11.2016

«Айналаңды нұрландыр» жобасының негізінде Ақпараттық жүйелер кафедрасының куратор эдвайзерлері Абдуали Б.А, Кәрібаева А.С, Әмірова Д.Т. және «Ақпараттық жүйелер» және «Автоматтау және басқару» мамандығының 1 және 2-курс студенттері Алматы облысының №1 балалар үйінде болды. 

Ары қарай оқу >>

«Қазақстан телеиндустриясындағы жаңа трендтер: технологиялар мен контент»

12.11.2016

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 11 қарашада журналистика факультетінде тарих ғылымдарының докторы, профессор Сауле Хатиятқызы Барлыбаеваның 60-жылдық мерейтойы мен Дүниежүзілік теледидар күніне арналған «Қазақстан телеиндустриясындағы жаңа трендтер: технологиялар мен контент» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест: 07.11.2016-12.11.2016

12.11.2016

  • Білім беру нарығындағы бәсекеге қабілеттілік
  • Көшбасшы жолы
  • ҚазҰУ – көшбасшы
  • Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында қазақстандық ғалымдар Top Springer Author халықаралық сыйлығының лауреаттары атанды
  • Шанхай ынтымақтастығының векторы
  • Америкалық ұйым ҚазҰУ-ды үздік ЖОО деп бағалады
  • Бейбітшілік эстафетасы
  • Имидждік жариялымдар
  • Оқытушы-профессорлық құрамның мақалалары
  • Студенттік жариялымдар
  • Біздің сарапшылар
  • ҚазҰУ туралы бірауыз сөз

Ары қарай оқу >>

Кандидаттар сапқа түзел!

11.11.2016

Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министр генерал-полковнигі Сәкен Жасұзақовтың тапсырмасын орындау мақсатында, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасында студент-түлектерге Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне кандидаттарды алдын ала іріктеу және әскери қызметтерін өткеру ережелері жөнінде үгіт-насихат жұмыстарының аптасы өткізілді.

Ары қарай оқу >>

БҰҰ моделі - жасөспірімдер көзімен

10.11.2016

ҚазҰУ студенттері екі күн бойы Өскемен, Павлодар және Семей қаласының оқушыларына  тренингтер мен конференциялар арқылы БҰҰ моделі жөнінде толыққанды ақпарат берді.   Бұл іс-шараның ұйымдастырылуына себеп болған – аталмыш мектепте оқытылатын «БҰҰ моделі» атты курс және оның жаңаша жобалануы.  

Ары қарай оқу >>

Шеберлік сағаты

10.11.2016

Журналистика факультетінде оқытушы ф.ғ.к. Ә.Молдабековтің  ұйымдастыруымен ҚР Президенті Телерадиокешені Алматы филиалының басшысы Назгүл Әбутұрапованың шеберлік сағаты өтті. 

Ары қарай оқу >>

Тәуелсіздік тағылымы

10.11.2016

ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінің 1-курс магистранттары ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында республикалық Орталық мұражайда болып қайтты.

Ары қарай оқу >>

Аңсаумен жеткен аманат!

10.11.2016

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Тарих, археология және этнология факультетінде қарашаның оны күні “Аңсаумен жеткен аманат” атты іс шара өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Көшбасшы жолы

09.11.2016

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жайлы корей тіліндегі автобиографиялық кітаптың тұсаукесері 9 қараша күні Корея Республикасының астанасы Сеул қаласындағы Ёнсе университетінде өтті. Бірегей басылымның авторы – белгілі мемлекет және саясат қайраткері, саяси ғылымдардың докторы, профессор Махмуд Базарқұлұлы Қасымбеков.

Ары қарай оқу >>

Жаңа алаң – жаңа мүмкіндіктер

08.11.2016

ҚазҰУ мен Қазақстан Жоғарғы мектебінің Ұлттық ғылым академиясы ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ашық білім беру ұлттық платформасының тұсаукесу рәсімін өткізді. Алғашқы отандық онлайн-білім беру платформасын құру бастамасына ИИДМБ-2 жүзеге асыру үшін мамандарды даярлап жатқан университеттермен қоса Қазақстанның 12 жетекші жоғары оқу орны қосылды.

Ары қарай оқу >>

Венгриядағы революцияға 60 жыл

07.11.2016

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2016 жылдың 15  қарашасында «Венгриядағы революцияға 60 жыл» толуына орай Венгрияның Алматыдағы Бас  консулдығымен біріккен  тарихи  шара  ұйымдастырады.

Азаттық жолындағы күрестер кез-келген елдің тағдырында ерекше мәнге ие. Дәл кезінде жеңіліс тапқанмен, уақыт өте келе шынайы тарихи бағасын алған сондай күрестердің бірі -  Венгриядағы  1956 жылғы азаттық жолындағы күрес.  

Ары қарай оқу >>

Күлкі деген қару емес, күлкі деген дәрумен!

07.11.2016

"Сұңқар" студенттер мен магистранттар кәсіподағы, ҚазҰУ студенттерін тағы бір қуанышқа бөледі. Бұл жолғысы - КВН. Маусымашар тақырыбы: "Алматы - жастар қаласы". Оңтүстік Астанада, студенттер сарайында, естен кетпес әзіл кеші өтті. ҚазҰУ-дағы 14 факультеттен 16 команда қатысып, үздіктері жартылай финалға жолдама алды. Мұнан бөлек, маусымашарда "ең үздік ойыншы", "ең үздік әзіл", "ең үздік жанкүйерді" анықтап, бағалы сыйлықтармен марапаттады. Командалардың дайындығы, жанкүйер қолдауы ерекше болды.

Ары қарай оқу >>

Жоғары мәртебенің нышаны

07.11.2016

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың БҰҰ жаһандық даму (UNAI) хабының жетекші ролі мен жоғары жетістіктерін атап өтті. Бұл туралы 2016 жылдың 4 қарашасында Сеулда өткен академиялық ықпалдастық туралы III халықаралық форумында  айтылды.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест: 31.10.2016-05.11.2016

06.11.2016

  • Тәуедсіздігінің 25-жылдығы
  • Олжас Сүлейменов жастарға ядроға қарсы қозғалыс эстафетасын табыс етеді
  • TheBestSchool
  • Қазақстандық ғалымдар TopSpringerAuthor халықаралық сыйлығының лауреаттары атанды
  • Жағдайлық басқару орталығы
  • Биорезерваттар
  • Имидждік жариялымдар
  • Оқытушы-профессорлық құрамның мақалалары
  • Біздің сарапшылар
  • ҚазҰУ туралы бірауыз сөз

 

 

 

 

Ары қарай оқу >>

Бекмаханов туралы фильм

03.11.2016

 ҚазҰУ-дың О. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында «Almaty youth awards» және «Отандық кино күні» жобаларының аясында «Аманат» фильмі студенттердің назарына ұсынылды.

Ары қарай оқу >>

Депутат жинағы жарыққа шықты

03.11.2016

Жуырда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партия фракциясының жетекшісі, Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашевтың «Полемическая экономика» атты орыс тілінде жарық көрген жинағының тұсаукесері өтті.

Ары қарай оқу >>

Америкалықтар ҚазҰУ-ды үздік қазақстандық ЖОО деп атады

02.11.2016

Беделді «The Best School» америкалық ұйымы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды Қазақстанның үздік жоғары оқу орны деп атады.

«The Best School» білім беру мәселелерімен айналысады және студент жастарға білім беру бағдарламаларын, оқу мен жоғары оқу орнының географиялық орнын дұрыс таңдауға көмектеседі.

 

Ары қарай оқу >>