«Мен жастарға сенемін!» студент жастардың төртінші патриоттық форумының іріктеуінен өткен студенттер тізімі жарияланды

22.11.2016

Көрулер: 9798

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті  «Жандану әлемі» қорының қолдауымен, «Жас Отан» жастар қанаты, ҚР Жазушылар Одағы және Алматы қаласы әкімдігі Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күніне және Тәуелсіздіктің 25-жылдығына  арналған «Мен жастарға сенемін!» атты студент жастардың төртінші патриоттық форумын өткізеді. Ақпараттық серіктесі – «Қазақ радиосы», «Нұрмедиа» холдингі.

Форумды өткізу мақсаты - студент жастардың Қазақстан болашағына деген азаматтық жауапкершілігін көтеру және патриоттық сезімін арттыру.

Форумға төмендегі іс-шаралар кіреді:

- «Еліміздің инновациялық дамуына менің қосқан нақты үлесім» атты студенттік әлеуметтік маңызы бар  инновациялық жобалар байқауы;

- «Мен мемлекетімнің гүлденуі үшін не істей аламын?» атты студенттік эссе байқауы;

- «Мен жастарға сенемін!» тақырыбында студенттік поэзиялық азаматтық-патриоттық шығармалар байқауы;

-  «Мәңгілік ел мұратым!» патриоттық ән байқауы.

Форум екі кезеңнен тұрады:

І іріктеу кезеңі, бұл кезеңде қатысушылар байқау материалдарын ұйымдастыру алқасының пошталық адресіне kaznukmo@gmail.com 2016 жылғы 10 қарашаға дейін жіберулері қажет.

ІІ негізгі кезең, 2016 жылғы 29 қарашада GALA-форум форматында өтеді, бұл кезеңде ең үздік байқау жұмыстары ұсынылады және Форумның жүлдегерлері мен лауреаттары анықталады.

Тапсырыстар мен байқау материалдарын 2016 жылғы 10 қарашаға дейін мына адреске жіберу керек: Алматы қ-сы, әл-Фараби даңғылы 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Мен жастарға сенемін!» форумы белгісімен. Байланыс тел: 8 (727) 221-14-51; 87073325590, e-mail: kaznukmo@gmail.com

Тапсырыста келесі мәліметтер болуы тиіс: ЖОО-ның ресми атауы, студент(тердің) аты-жөні, байқау, мамандық, байқау жұмысының атауы, пошталық адрес, телефондары, электронды адресі.

Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар

1. «Еліміздің инновациялық дамуына менің қосқан нақты үлесім» студенттік инновациялық жобалар байқауына әлеуметтік-маңызды мәселелерді шешуге және мемлекеттің, аймақтың немесе жергілікті қауымдастықтың әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени, экологиялық дамуына бағытталған жұмыстар қабылданады. Жоба қағазға басылған және электронды тасымалдаушыда ұсынылады (қағаз және электронды түрде).

Жоба қарастырылатын идея мәні мен басымдығын толығымен ашуы және келесі бөлімдері қамтуы тиіс: титул парағы (ЖОО, бағыты, номинация, жоба авторы), жоба атауы, жоба маңыздылығы, жобаның мақсатты бағыты, жоба міндеттері, жалпы ой, жобаны жүзеге асыру формалары мен механизмдері, қормен қамтамасыз ету, күтілетін нәтиже, жобаны жүзеге асыру мерзімі. Жобаға қосымша ретінде жобалық қызметті суреттейтін фото, бейне, аудиоматериалдар, клиппингтер, жарнамалық және басқа да қажет материалдарды қолдану қошеметтеледі.

Жоба келесі критериялар бойынша бағаланады: жобаның инновациялығы, оның шындығы, түпнұсқалығы, шешімнің ерекшелігі, жобаны жүзеге асыру механизмі мен құралдарының нақтылығы, шығын үйлесімі мен жоба тиімділігінің оңтайлылығы, жоба болашағы.

2. «Мен мемлекетімнің гүлденуі үшін не істей аламын атты студенттік эссе (прозалық шығарма-пікір) келесі бөлімдерден құрылуы тиіс: титул парағы, мазмұны немесе орындалатын жұмыстың қысқаша жоспары, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды. Текст көлемі – 3-7 басылған парақ (Times New Roman, 14 шрифт, 1,5 интервал). Бағалаудың негізгі критерийлері: тақырыптың маңыздылығы мен толығымен ашылуы, идея түпнұсқалығы, ойдың дербестігі, оқырманға эмоционалды әсері.

3. «Мен жастарға сенемін тақырыбында өлеңдер байқауына  әлеуметтік маңызды топ ретінде жастарға, олардың мемлекеттің дамуында орны мен рөліне, рухани-адамгершілік құндылықтарды бекітуге арналған авторлық  өлеңдер қабылданады. Қорытындылау кезеңінде төмендегілер ескеріледі: стилистикалық сауаттылық, мағыналық толықтыру, байқау тақырыбына сәйкестілік, эмоционалдық әсер күші. Өлең көлемі – 8 тармақтан аса және 30 тармаққа дейін болуы тиіс. 

4. «Мәңгілік ел – мұратымпатриоттық ән байқауына бір немесе бірнеше қатысушының орындауында азаматтық-патриоттық тақырыптағы әндердің аудиобасылымдары қабылданады (мини-дискте, CD-дискте пошта немемсе mp3 нұсқасындағы жазбаны электронды пошта арқылы). Бағалаудың негізгі критериилері: дауыс ырғағының тазалығы; сахна мәдениеті; шығарманың байқау мазмұнына сәйкестігі, көркемдік бейне. Ақтық мәреде гала-форумда әндерді тек «минус 1» сапалы фонограммамен орындауға болады.

Іріктеу кезеңінен өткен қатысушыларға GALA-форумға шақыру жіберіледі.  

Жүлдегерлер дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Бірінші орынға ие болған байқау қатысушыларының бас жүлдесі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да бір жыл тегін оқу гранты. Байқаудың үздік материалдары арнайы студенттік жұмыстар жинағында жарияланады.

Форум туралы ережемен толығырақ http://www.kaznu.kz сайтында танысуға болады. 

2016 финалға өткен студенттер тізімі.doc