Өнерлі жас қытайтанушы

21.11.2016

Көрулер: 3429

Қытайтану кафедрасы күні

Қытайтану кафедрасының 2 курс студенттері №14 жатақханада «Өнерлі жас қытайтанушы» атты танымдық-музыкалық кеш өткізді. Мұндай кештерді ұйымдастырып өткізу кафедра күнін атап өтудің дәстүрлі формасына айналған.

Бірінші курс студенттерінің назарына қытай тілінің тарихы мен иероглифтердің пайда болуынан қызықты дәйектер мен қытай халқының бай мәдениетін таныстыру мақсатында «Қытай және қазақ тілдерінің ұқсастығы» тақырыбында презентация ұсынылды.

Жоғары курс студенттері қытай тілін оқып-үйренудегі тәжірибесімен бөлісіп, 1 курс студенттеріне қытайша көп кітап оқуға, әндер мен радиобағдарламалар тыңдауға және осы тілде сөйлеушілерден  жасқанбай, тілдесуге кеңес берді.

«Талантты қытайтанушы» музыкалық-танымдық кешінің қонақтары үшін ұйымдастырушылар қытайдың ұлттық киімдерінде әдемі желпуіштермен би билеп, Қытай жастары арасында өте танымал достық пен махаббат туралы әндерді шырқап берді.

1 курс студенттеріне қытай тілінің жаздық лагері, стипендиялық, грант бағдарламалары жөнінде және оларға қатысу тәртібі,талаптары, халықаралық олимпиадалар мен түрлі жарыстар туралы ақпарат берілді.

Асыл Мөлдір,

Қытайтану кафедрасының

аға оқытушысы