Туған жерге жыр арнайды ақындар!

28.11.2016

Көрулер: 4126

№14 жатақханада  «Туған жерге жыр арнайды ақындар!» тақырыбымен патриоттық поэзия кеші өтті. Халықаралық қатынастар факультетідипломатиялық аударма кафедрасының аға оқытушысы З.А.Әбідіннің және Студенттік кеңестің (төрайымы Бауыржан Томирис) ұйымдастыруымен өткен жыр кеші еліміз тәуелсіздігінің 25жылдығына арналды.

Поэзия кешін З.А.Әбідін кіріспе сөзбен және М.Жұмабаевтың «Сүйемін» өлеңімен ашты. Кеш барысында болашақ дипломаттар қазақ поэзиясының алыптары - М.Жұмабаев, Ә.Тәжібаев, М.Мақатаев, Ж.Молдағалиев, Т.Молдағалиевтың елге, жерге арнаған жырларын шабыттана оқыды. Студенттер өз құрбылары -  Жұлдыз Қайыржанның «Ана тілім», Ләззат Жұманбаеваның «Қазақ халқыма» деп аталған балауса жырларын тыңдап, оларға «шабыттарың сарқылмасын»! –деген тілек айтты. Н.Тілендиевтің «Әл-қиссасын»нақышына келтіре орындаған Бағдәулетқызы Сағыныштың, қазақ тілінде жүрекке жеткізе жыр оқыған ауғанстандық студент Накибулла Бехзаттың және кешті жүргізген Абжаппаров Ардақтың өнерлері атап өтуге лайық. Кеште студенттер поэзия құдіретіне, өнер құдіретіне риза көңілмен қол соқты.

Жыр кеші « ...Жер-Ана сынды ғаламда