Жаңалықтар

Тарихшылар форум аясында зерттеу жұмыстарды талқылады

27.09.2013

25 қыркүйекте Ақордада Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің төрағалығымен Ұлттық тарихты зерделеу жөніндегі ведоствоаралық жұмыс тобының үшінші отырысы өтті. Ол республиканың Президенті Н.Ә. Назарбаев ғылыми қауымдастық алдында ұлттық тарихи мұраны жаңғырту, елдің тарихын әлемдік тарихи үдерістің бөлігі ретінде тереңірек зерттеу бойынша ауқымды міндетті жүктеді, - деп атап өтті.

Ары қарай оқу >>

Кеңес Үмбетжанұлы Биекенов – 80 жаста

26.09.2013

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультетінде Қазақстан Әлеуметтанушылар ассоциациясының вице-президенті, дарынды ғалым, педагог, ұстаз, әлеуметтану ғылымдарының докторы, ҚР БжҒМ-нің үздік ұстазы, Ахмет Байтұрсынов конкурсындағы «үздік автор», Стамбул университетінің профессоры, ҚазҰУ-дың әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасыынң профессоры Кеңес Үмбетжанұлы Биекенов 80 жасқа толды.

Ары қарай оқу >>

Сағындық Сатыбалдинге арналған кітаптың тұсаукесері өтті.

25.09.2013

Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Өнегелі өмір» сериясымен экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, ҚР ғылым мен техникаға еңбегі сіңген қайраткері Сағындық Сатыбалдинге арналған кітаптың тұсаукесері өтті. Шараға ҚР ҰҒА президенті Мұрат Жұрынов, белгілі экономист-ғалым, академик Көпжасар Нәрібаев, заңгер-ғалым, академик Сұлтан Сартаев бастаған отандық ғалымдар мен студенттер қатысты.

Ары қарай оқу >>

ІІІ Қайыржанов оқулары өтеді

25.09.2013

27 қыркүйек 2013 жылы (сағат 10:00 ГУК-З, 410 аудитория) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы, заң факультетінің Қылмыстылықпен күресу мәселелері ғылыми орталығы және Қазақстандық Криминологиялық Ассоциациясы «Қазіргі қылмыстық қауіптер және тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің қылмысқа қарсы қауіпсіздігінің стратегиясы» (ІІІ Қайыржанов криминологиялық оқулары) тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Хабарландыру! Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбында эссе байқауы өтеді

25.09.2013

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аясындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттік клуб «Неге мен сыбайлас жемқорлыққа қарсымын?» тақырыбындағы эссе конкурсының басталғанын жариялайды.

Ары қарай оқу >>

Патриоттық сезім тіл арқылы келеді

24.09.2013

Қазақ тілінің бүгінгі қоғамдағы жай-күйіне алаңдаған қауым Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесі қарсаңында биология және биотехнология факультеті биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының 214-аудиториясында бас қосты. «Қазақ тілінің бүгіні мен болашағы» деп аталған дөңгелек үстелге республикалық «Айқын» газетінің бас редакторының бірінші орынбасары Берік Бейсенұлы мен экономика бөлімінің шолушысы Құтмағамбет Қонысбай арнайы шақырылды. Жиынға кафедраның оқытушы-профессорлары Қ. Сапаров, Ә. Бегенов, Ә. Әметов, С. Айдосова, А. Қуатбаев, Г. Сатыбалдиева, кафедра доценттері Н. Ахтаева, А. Ахметова, аға оқытушылар А. Мамурова, Н. Баймурзаев, куратор - эдвайзерлері б.ғ.к. Г. Атанбаева, Б. Уршеева және студенттер қатысты.

Ары қарай оқу >>

Хабарландыру!

24.09.2013

2013 жылдың 27-ші қыркүйегінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасы «Мәдениет.kz» клубы мен мәдениеттану мамандығының 1 курс студенттерінің ұйымдастыруымен факультеттің 1 курс студенттері арасыңда «Тілім барда білмеймін мен қайғыны» атты факультеттік деңгейде өтетін зияткерлік сайысқа шақырады.

Ары қарай оқу >>

Ана тілім – алашымның айбыны

24.09.2013

Қазақ тілі – ұлтымыздың күре тамыры, жаны мен жүрегі. Ол бар жерде қазақ мәңгі жасамақ. Ананың ақ сүтімен бойға дарыған туған тілдің тағдыры ешкімді де бей-жай қалдырмақ емес. Олай болса ұлт болып ұйысқан қазақтың төл тілінің мәртебесін көтеру мақсатында кеше білім мен ғылымның қара шаңырағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде дәстүрлі «Ана тілім – алашымның айбыны» атты жыр мүшәйрасы өтті. Бұл кеш Қазақстан халқының тілдері мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған тілдер апталығының шымылдығын салтанатты түрде ашып берді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ технопаркі "Қазақстан көшбасшысы 2013" медалімен марапатталды

24.09.2013

Қазақстан экономикасының көшбасшы кәсіпорындарын марапаттаудың жалпымемлекеттік республикалық рейтингтік бағдарламасына сәйкес әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ШЖҚ РМК «Ғылыми-технологиялық парк» ШЖҚ ЕМК-нің Ұлттық статистикалық саралау мәліметтері негізінде және ресми есеп беруге негізделген статистикалық саралау нәтижелері бойынша технопарк:

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да Tempus I-WEB жобасының семинары өтеді

23.09.2013

2013 жылдың 24-25 қыркүйегінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің энергоэкология кафедрасы (Алматы қ. Қазақстан) Tempus I-WEB" Integrated Water cycle management; building capability, capacity and impact in Education and Business" атты Халықаралық жобаның семинарын және мониторингін өткізеді.

Ары қарай оқу >>