ҚазҰУ технопаркі "Қазақстан көшбасшысы 2013" медалімен марапатталды

24.09.2013

Көрулер: 3377

Қазақстан экономикасының көшбасшы кәсіпорындарын марапаттаудың жалпымемлекеттік республикалық рейтингтік бағдарламасына сәйкес әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ШЖҚ РМК «Ғылыми-технологиялық парк» ШЖҚ ЕМК-нің Ұлттық статистикалық саралау мәліметтері негізінде және ресми есеп беруге негізделген статистикалық саралау нәтижелері бойынша технопарк:


Қазақстан Республикасында «Табыстылық көрсеткіші» номинациясы бойынша 3 орынға; Алматы қаласында «Активтер мен қарыз көрсеткіші», «Табыстылық көрсеткіші», «Өтімділік көрсеткіші» сияқты үш номинацияда орындар қосындысы бойынша 5 орынға ие болды.

Осыған орай Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті ШЖҚ РМК «Ғылыми-технологиялық парк» ШЖҚ ЕМК-не «Қазақстан көшбасшысы 2013» ұлттық сертификатымен және медалімен марапатталды.