Жаңалықтар

«Infotour»(«Youth travel») студенттік туристік фирмасының демалыс күнгі экскурсиясы

01.10.2013

География және табиғатты пайдалану факультеті Рекреациялық география және туризм кафедрасының «Infotour» («Youth travel») студенттік туристік фирмасы Алматы қаласы төңірегіндегі экскурсияларды ұйымдастыру бойынша әрекетін жаңғыртты.

Ары қарай оқу >>

Хабарландыру!

01.10.2013

4 қазан сағат 12:00-де философия және саясаттану факультетінің мәжіліс залында ұстаздар күніне арналған факультетішілік мерекелік кеш өтеді.

Ары қарай оқу >>

Қадамың құтты болсын!

30.09.2013

«Жастар таңдауы - ҚазҰУ» деп келген кешегі талапкер, бүгінгі бірінші курс студенттері «студент» атанып, қызықты студенттік өмірлерін бастап та кетті. Студенттер ҚазҰУ қалашығы, мұражайы, әл-Фараби кітапханасымен танысып, алғашқы сезімдерімен бөлісті. Алдыңғы буын кейінгі буынға жол сілтеп, білгендерін үйрету және студенттер бір-бірімен танысу мақсатында «Қадамың құтты болсын!» атты «Метеорология» мамандығының бірінші курс студенттерін Студенттер қатарына қабылдау іс-шарасы табиғат аясында өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Студенттер тіл тарихынан сайысты

28.09.2013

Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының куратор-эдвайзерлері профессорлар Асылбекова Ж.М., Қартабаева Е.Т., доценттер Сабденова Г.Е., Алпысбаева Н.К., Мийманбаева Ф.Н. тарих, археология және этнология факультетінде Қазақстан халықтарының тіл мерекесіне арналған «Мемлекеттік тіл – менің Тұғырым» атты мерекелік шара өткізді.

Ары қарай оқу >>

Әлемді тану өз тіліңді білуден басталады

28.09.2013

27 қыркүйекте халықаралық қатынастар факультетінде аймақтану мамандығы 3 курс студенттерінің қатысуымен «Еуропалық тілдер күніне» арналған «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты тақырыпта мерекелік шара өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Дәстүрлі студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті

28.09.2013

Ө.А.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы алаңында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 1-курс студенттерін дәстүрлі студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті. Салтанатты жиынға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғ. Мұтанов, университет басшылығы мен ұжымы толық қатысты. Ақжарма кештің шымылдығын ашқан жүргізушілердің әсем сөздерінен кейін, унивреситет ректоры Ғ.М.Мұтанов студенттер қатарына қабылдау күнімен құттықтады.

Ары қарай оқу >>

Заң факультетінің студенттері қазақ тілін дамыту жолдарын талқылады

27.09.2013

Заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұйымдастырған «Тілдер фестивалі» аптасы аясында мемлекеттік тілді дамыту бағытында №18 жатақханада студенттермен кездесу өткізді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да Васеда университетінің апталығы

27.09.2013

18-25 қыркүйек аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетінде корейтану және жапонтану кафедрасымен жапон тілі мұғалімдерінің қазақстандық қауымдастығымен бірігіп «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы Васеда университетінің апталығын» өткізді.

Ары қарай оқу >>