ІІІ Қайыржанов оқулары өтеді

25.09.2013

Көрулер: 2247

27 қыркүйек 2013 жылы (сағат 10:00 ГУК-З, 410 аудитория) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы, заң факультетінің Қылмыстылықпен күресу мәселелері ғылыми орталығы және Қазақстандық Криминологиялық Ассоциациясы «Қазіргі қылмыстық қауіптер және тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің қылмысқа қарсы қауіпсіздігінің стратегиясы» (ІІІ Қайыржанов криминологиялық оқулары) тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференция мақсаты«қылмысқа қарсы қауіпсіздік» феноменін талқылау, қазіргі жағдайдағы тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің қылмысқа қарсы мәселелері бойынша ғылыми ережелерді жүзеге асырудың ғылыми негізді талпыныстарын әзірлеу және перспективаларды анықтау.

Конференция жұмысына криминология, виктимология, қылмыстық және қылмыстық атқару құқығы, криминалистика және қылмыстық іс жүргізу саласындағы белгілі ғалымдар, мүдделі ведомстволардың, мекемелердің, ұйымдардың тәжірибелік қызметкерлері қатысады.