ЖАҢАЛЫҚТАР

БҮГІНГІ БІЛІМ БЕРУ ПАРАДИГМАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ТІЛ МӘСЕЛЕСІ

20.04.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде ағымдағы оқу жылында «Профессор сағаты» жобасы қолға алынып, сол жоба аясында университетіміздің беделді, танымал ғалымдары, өз саласының майталман мамандары өзекті тақырыптар төңірегінде дәріс оқып, өз пікірлерін ортаға салып, ой бөлісіп келеді. Бүгін Қазақ тіл білімі кафедрасының ұйытқы болуымен өткен кезекті көшбасшылық дәріс «Бүгінгі білім беру парадигмасындағы ұлттық тіл мәселесі» тақырыбында өтті.

Ары қарай оқу >>

Фараби әлемі

07.04.2021

2021 жылдың 7 сәуірінде филология факультетінде жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Конференцияның «Жас ғалымдар» секциясына 130-дан астам жұмыстар түсіп, 30-дан астам баяндамалар жасалды. Конференцияға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Шет тілдері және іскерлік карьера универсиеті, UIB, «Тұран-Астана» университеті, Ресей халықтар достығы университетінен жас ғалымдар қатысты.

Ары қарай оқу >>

Тіл экологиясы: Қазақстан кеңістігінің қазіргі тілдік бейнесі

06.04.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінде 6 сәуір күні кезекті көшбасшылық дәріс өтті. Дәрісті қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Авакова Раушан Амирдинқызы жүргізді. Раушан Амирдинқызы саналы ғұмырын қазақ тіл білімі, жалпы тіл білімі және түркітану мәселелері, лингвистикалық мәдениеттану, этнолингвистика, қазақ және түркі тілдері фразеологиясы, сонымен қатар лексикография теориясы, қазақ тілін екінші тіл және шет тілі ретінде оқыту және т.б. тіл білімінің көкейкесті мәселелеріне арнады.

Ары қарай оқу >>

ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ НАУРЫЗ!

20.03.2021

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы Орта Азия халықтары, соның ішінде қазақ халқының да ұлттық мейрамы екені белгілі. Бұл мереке жер жүзінің жаңарған, ақтың молайған, жақсылықтың артқан шағында, негізінен адамдардың көрісуінен басталған. Наурыз мейрамында халқымыздың ұлттық құндылықтарын дәріптеу, салт-дәстүрімізді көпке үлгі ету мақсат етіледі.

Осыған орай Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қазақ филологиясы мамандығының 102-топ студенттері «ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ НАУРЫЗІ» атты тақырыпта мерекелік кеш өткізді.

Ары қарай оқу >>

Ұлттық сана және тіл: белсенді үдерістер

16.03.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультеті қазақ тіл білімі кафедрасында биылғы оқу жылы барысында тұрақты түрде «профессор сағатының» көшбасшылық дәрістері өтуде. Үстіміздегі жылдың 16 наурыз күні сағат 15:00-де филология ғылымдарының докторы, профессор Салқынбай Анар Бекмырзақызының «Ұлттық сана және тіл: белсенді үдерістер» атты көшбасшылық дәрісі өтті. 

Ары қарай оқу >>

АНА - БАРЛЫҚ КӨРКЕМДІКТІҢ ҮЛГІСІ

06.03.2021

Көктемнің шуақты күні бастала салысымен мейрамдар легін ашатын            8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі. Ана – өмірдің шуағы, көңілдің көктемі, ана – күн мен аспан, ана – гүлдердің нәзіктігі, ана – таңғажайып сөздердің жылуы, ана – әр үйдің қуанышты күндері, ғажайып, махаббаттың нұры! Дәл осындай әсерлі, көркем сөздердің иесі аналар үшін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология факультетіннің ҚФ 101,102,103 - топтары 2021 жылдың 6-наурызында Халықаралық әйелдер күніне арналған «АНА – БАРЛЫҚ КӨРКЕМДІКТІҢ ҮЛГІСІ» атты әсерлі әдеби-музыкалық, мерекелік кеш өткізді. 

Ары қарай оқу >>

Жадымызда сақталған жарқын бейне

02.03.2021

02.03.2021 ж. Филология және әлем тілдері факультеті қазақ тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен «Жадымызда сақталған жарқын бейне» атты аяулы ана, ардақты ұстаз Мамаева Макен Қасымбайқызын еске алу өтті.

Ары қарай оқу >>

Қазақ тілінің функциональды грамматикасы

25.02.2021

25 ақпан күні сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Филология және әлем тілдері факультетінде ZOOM платформасы арқылы филология ғылымдарының докторы, профессор Әлкебаева Дина Ақбергенқызының «Қазақ тілінің функциональды грамматикасы» тақырыбындағы көшбасшылық дәрісі өтті. 

Ары қарай оқу >>

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ҰЛТТЫҢ ДАМУЫ

25.12.2020

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультеті 2020 жылдың 25 желтоқсанында ZOOM платформасында филология ғылымдарының кандидаты Рамазанова Шайгүл Әмірғалиқызы мен қазақ филологиясы 1-курс магистранттарының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру – ұлттың дамуы» тақырыбында кураторлық сабақ өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Қасіретім, ар-намысым, мақтанышым – Желтоқсан

15.12.2020

2020 жылдың желтоқсан айының 15-інші жұлдызында Тәуелсіздік күніне орай Қазақ филологиясы мамандығының 4-курс студенттері мен топ эдвайзері Гүлшат Ахметкалиеваның ұйымдастыруымен «Қасіретім, ар-намысым, мақтанышым – Желтоқсан» атты ZOOM платформасында ашық кураторлық сабақ өткізілді.

Ары қарай оқу >>