6В02313 – Қолданбалы қазақ тіл білімі

6В02313 – Қолданбалы қазақ тіл білімі

Дайындық бағыты

6B023 – ТІЛДЕР ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ

Білім саласы

6B023 – ТІЛДЕР ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ

Бағдарлама атауы

«6B023 – Қолданбалы қазақ тіл БіЛІМІ»

Бағдарламаның мақсаты

Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне сәйкес қолданысын қамтамасыз ететін қызметкер; қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде өміршеңдігін, даму тетіктерін, қызметін талдап-сараптаушы; білім беру мекемелерінде және мемлекеттік тіл орталықтарында үйлестіруші; қазақ және шет тілдері сөздіктерін құрастыру практикасын меңгерген, қазақ тілін өзге тілдермен салғастырмалы бағытта қарастыратын филолог; масс-медиа салаларында: копирайтер, спичрайтер, интернеттік коммуникация мамандарын дайындау.

 

Оқытудың нәтижесі

 

   ON1 Әлемдік және қазақ тіл біліміндегі ғылыми-теориялық мәселелерді, тіл білімі салаларындағы жаңа бағыттарды, озық отандық және шетелдік тәжірибені пайдалана отырып, филологияға қатысты ғылыми тұжырымдарды меңгеру.

         ON2 Қазақ тілінің дыбыс жүйесі мен сөз жүйесі, сөз құрылымы, сөйлем жүйесі, атаужасам, сөз мәдениеті, диахрониялық сипаты, қазақ әдеби тілінің мәселелері жайлы базалық білім қалыптастыру.

ON3 Қазақ тіл білімі салаларының практикумы негізінде мәтіндерге диахрониялық және синхрониялық сипатта түрлі бағыттар (құрылымдық, мoтивaциялық-caлыcтыpмaлы, компоненттік, интент-талдау, семантикалық-стилистикалық, сандық және сапалық, т.б.) бойынша талдау жасау.  

ON4 Қазақ тілін екінші тіл ретінде меңгерту негіздерін, тиімді стратегиялар жүйесін түсініп, сөйлеу әрекетінің төрт түріне қатысты коммуникативтік құзыреттілік қалыптастыратын тапсырмаларды, практикалық жаттығуларды дайындау.

ON5 Қазақ тілін үйренуге арналған әртүрлі білім беру порталдарын салыстыра отырып, сөйлеу әрекетінің: тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым, сөйлесім түрлеріне арналған интернет-ресурстарға талдау жасау, сондай ресурс құруға дағдылану.

ON6 Құжат тілінің мазмұндық-құрылымдық жүйесін құрайтын тілдік стандарттылық, терминдердің бірізділігі, номенклатуралық атаулардың жазылуы сияқты кешенді лингвистикалық білімді қолданып іс жүргізу.

ON7 Академиялық жазылым талаптары негізінде зерттеу жұмыстарын (реферат, курстық, дипломдық жұмыстар, эссе, ғылыми мақалалар) дайындау.

ON8 Интернет сайттарындағы тілдік қатынастарды, интернеттегі коммуникацияның фонетикалық және фонематикалық, семиотикалық, интернет-дискурстегі сөзжасам,   жаргон мен сленгтер, онлайн сөздіктер, интернет-медиа тілі мен онлайн-әдебиет (әдебиет) тілінің ерекшеліктерін талдау.

ON9 Қазақ және шет тілдеріндегі грамматикалық құрылымдар, таным теориясы қағидаларының әмбебаптылық және бірегейлік ерекшеліктерін салғастырмалы аспектіде меңгеру, тіл үйретуде қолдану.

             ON10 Мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметі мен қолданысындағы кедергілер мен қиындықтардың себептеріне   социолингвистикалық сараптамалар жасау.

ON11 Корпустық лингвистиканың ғылыми-теориялық негізін, корпус құрудың қағидалары мен ұлттық корпус құру тәжірибесін, әлемдік тіл біліміндегі ұлттық корпустардың методологиясы мен ерекшелігін, корпус түрлерімен жұмыс жүргізуді меңгеру.

ON12 Қазақ және шет тілдері сөздіктерін жасаудың практикалық әдістерін, терминологиялық сөздіктердің құрылымы мен ұйымдастырылуына қатысты бағыттарды жүйелеу.

ON13 Копирайтинг және спичрайтингтің бағыттары мен түрлерін ажырату, көпшілік алдында сөйлеу мәтіні және жарнамалық мәтін идеясын, стратегиясын, түрлерін талдау, олардағы сөздердің қолданысын меңгеру, сауатты жазу, құру.            

Оқыту түрі

Күндізгі

Оқыту тілі

Қазақ

Кредит саны

240

Берілетін академиялық дәреже

«6B023- Қолданбалы қазақ тіл білімі»

білім беру бағдарламасы бойынша тіл білімі бакалавры

Лицензия

KZ27LAA00019309

 

Қолданбалы қазақ тіл білімі бакалавр.docx