ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлы тұлғамен кездесу

23.02.2023

A.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі Анар Бекмырзақызы Абыз ақсақалымыз Мекемтас Мырзахметұлымен дидарласып, Абай мен Мұқтар, Бауыржан туралы ой бөлісіп, жақында ғана тұсауын кескен «Ұлттық құндылықтар Академиясының академигі» атағын табыстады. “Абай сөзінің лингвопоэтикасы” атты кітабы да сыйға берілді.

Ары қарай оқу >>

«Мен жастарға сенемін!»

23.02.2023

2023 жылдың 20 ақпанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ Тілдер кафедрасы Қазақ тілі секциясының ұйымдастыруымен Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына орай өткелі отырған «Мен жастарға сенемін!» атты кездесу кеші өтті.

Ары қарай оқу >>

Кейінгі ұрпақпен кездесу

18.02.2023

18 ақпан күні А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Салқынбай Анар Бекмырзақызы Алматы облысы, Қарасай ауданы, Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейде   жастар қауымымен кездесіп, көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасын тамашалап, ұлттық құндылықтар, ұлттық тәрбие аясында ойталқыға қатысып, жастарды ойландыратын қоғамдағы бүгінгі өзекті мәселелер бойынша сұрақтарға жауап беріп, ой бөлісті.

Ары қарай оқу >>

«Алматы дарыны» орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадасы

13.02.2023

2023 жылдың 13-18 ақпан аралығында «Алматы дарыны» орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңіндегі байқауда ҚазҰУ-дың филология факультеті А. Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының оқытушысы Ш.Ә.Рамазанова қазылар алқасының құрамында қазылық етті.

Ары қарай оқу >>

А.Байтұрсынов атындағы қазақ тіл білімі кафедрасының оқытушылары Ұлттық тестілеу орталығы құрастырған қазақ тілінен тест тапсырмаларын тексерді

02.02.2023

2023 жылдың 30 қаңтары – 2 ақпаны мен 7-10 ақпан аралығында Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша әзірленген тест тапсырмаларының кезекті сараптамасы жасалды.

Ары қарай оқу >>

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР - ҰЛТ ҚОРҒАНЫ

30.11.2022

2022 жылдың 30 қарашасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінің No17 жатақханасында«ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР - ҰЛТ ҚОРҒАНЫ» тақырыбында кеш ұйымдастырылды. Бұл шараға қазақ филологиясы мамандығы бойынша оқитын 303, 304 топ студенттері қатысты.

 

Ары қарай оқу >>

«АЗ И Я» ТАҒДЫРЫ МЕН ТАРИХИ ЖОЛЫ

19.05.2021

Көрнекті ақын, ғалым, қоғам қайраткері Олжас Омарұлы Сүлейменовтің 85 жылдық мерейтойына орай 19 мамыр күні қазақ тілі білімі кафедрасы және 1 курс магистранттарының ұйымдастыруымен «О.Сүлейменовтің «Аз иЯ» еңбегі: тағдыры мен тарихи жолы» атты тәрбие сағаты өтті.

Ары қарай оқу >>

Қазақ тілінің жүйесі мен құрылымына қайшы қолданыстар

11.05.2021

Мамыр айының 11жұлдызы күні Филология ғылымының докторы Орынай Сағынғалиқызының "Қазақ тілінің жүйесі мен құрылымына қайшы қолданыстар" тақырыбындағы көшбасшылық дәрісі өткен болатын. Атаулы дәріске Республиканың түкпір-түкпірінен мұғалімдер сонымен қатар Әлімхан Жүнісбек, Жайна Саткенова, Дина Әлкебаева, Айгуль Исмакова, Зейнелхан Кузекова, Анар Ашимова сынды бірқатар тілдің бағын ашып жүрген, тіл жанашырлары ғалым, профессорларымыз және білім алушы білімгерлер қатысты.

Ары қарай оқу >>

Тәуелсіздік және мемлекеттік тіл

06.05.2021

 

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультеті қазақ тіл білімі кафедрасында үстіміздегі жылдың 6 мамыр күні сағат 15:00-де филология ғылымдарының докторы, профессор Салқынбай Анар Бекмырзақызының «Тәуелсіздік және мемлекеттік тіл» атты дәрісі өтті.

Ары қарай оқу >>

ТҰҒЫРЫҢ БИІК БОЛСЫН, ТУҒАН ЕЛІМ!

22.04.2021

Бүгінгі таңда елімізде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына іс-шаралар өтуде. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өтетін
әрбір іс-шараны елге пайдасын тиетін істерге ұластыру қажет. Экономика, білім, ғылым салалары бойынша тың жобалар қолға алынады» деген болатын.

     Мемлекет басшысының бастамасымен ҚР Тәуелсіздігін атап өту қолға алынғаннан бері маңызды жұмыстар атқарылып жатыр. Осы орайда   Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің студенттерімен ZOOM платформасында онлайн-режимде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «ТҰҒЫРЫҢ БИІК БОЛСЫН, ТУҒАН ЕЛІМ!» атты танымдық кеш өткізілді.

Ары қарай оқу >>