7М02323 – Қолданбалы қазақ тіл білімі

  • 7М02323 – Қолданбалы қазақ тіл білімі

Дайындық бағыты

7M023 – ТІЛДЕР ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ

Білім саласы

7M023 – ТІЛДЕР ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ

Бағдарлама атауы

«7m023 – Қолданбалы қазақ тіл БІЛІМІ»

Мақсаты

Қазақ тіл білімінің ғылыми-теориялық негіздерін меңгерген ғылыми қызметкер; қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың инновациялық әдістемесін игерген оқытушы; филологиялық қызметтің негізгі салаларындағы практикалық мәселелердің шешімін табу тәсілдері (талдау-сараптау, практикалық лексикография, компьютерлік түрлі мәтіндермен көпаспектілі жұмыс жасау дағдыларын (публицистикалық, ресми-іскери, ғылыми стильдегі мәтіндерді құру, өңдеу, интерпретациялау, сараптау)), шешендік өнерге баулу техникасы мен әдістерін меңгерген маман даярлау.

Оқытудың нәтижесі

 

ON1 Ғылым тарихы, философия, психология, педагогиканың теориялық-әдіснамалық қағидаттарын білім беру және кәсіби мақсатта қолдану.

ON2 Қазақ тілін шет тілі және екінші тіл ретінде оқытудың жаңа ғылыми теорияларын, қағидаттарын, олардың методологиялық негіздерін талдап, инновациялық технологияларды тәжірибеде қолдану.

           ON3 Қазақ тілін өзге тілдермен салыстырмалы-салғастырмалы бағытта тіл ресурстарының стилистикасы және функционалды стиль түрлері, сөйлем жүйесінің күрделі мәселелері, қазақ әдеби тілінің орфоэпиялық, орфогафиялық нормалары туралы білімін оқыту және аударма тәжірибесінде қолдану.

ON4 Қазіргі тілдің өміршеңдігі үшін қажетті факторларды, қaзaқ әдеби тілінің ғылыми-теориялық мәселелерінің бүгінгі даму үрдісін, диaспорa тілінің қaзaқ әдеби тілінің ішкі жүйесі мен сыртқы құрылымдық үлгілеріне оң және теріс ықпалын, тілге ықпал ететін лингвоэкологиялық құбылыстардың жай-күйін бағалау.

ON5 Жаңа бағыттар бойынша қазақ тілі және түркі тілдерін салыстырмалы аспектіде зерттеу.

             ON6 Кез келген сөйлеу жағдаятында тіл бірліктерін фунционалды семантикалық өріс бойынша дұрыс жұмсау.

ON7 Елтанушылық ақпарат негізінде мәдениет салаларында елін, ұлт мәдениетін, тарихи орындарды таныстыру үшін эквивалентсіз ұғымдарға сәйкес балама тауып қолдану.

   ON8 Қазақ тіліндегі қарапайым құқықтық қатысымды қамтамасыз ету мақсатында нормативті-құқықтық актілердің тілін, стилін, лексикалық және грамматикалық құрылымын, терминдердің қолданысын саралау.

ON9 Сот-лингвистикалық сараптама жасалатын мәтіндердің коммуникативтік бағыттылығы, коммуникативтік интенциясы,   автор идеясы мен прагматикасын   айқындау.

ON10 Филологиялық білім беруде компьютерлік технологияларды, ғылыми-зерттеу жұмыстарында статистикалық әдістерді, ақпарат пен білімнің әртүрлі көздерін кәсіби деңгейде тиімді пайдалану.

ON11 Мемлекеттік және шет тілдердегі ауызша, жазбаша қатысым түрлерінде қазақ тілі прагматикасы бойынша игерген білімін практикалық тұрғыдан тиімді пайдалану.

             ON12 Көпшілік алдында ауызша сөз сөйлеу үшін мәтіндерді дайындаудың жолдарын, оларды аудиторияның ерекшелігіне сай сапалы етіп құру, аудиторияны зерттеу, қызықтыру тәсілдерін, шешен сөйлеу мәдениетін меңгеру.

             ON13 PR және жарнама қызметін жетілдіру, сапалы контент құру, заманауи копирайтингтегі сауаттылық мәселесі, креативті копирайтинг және оны дамыту, медиа жоспарлау принциптерін, жарнамалық мәтіндерді құрастыру негіздері мен техникасын меңгере отырып, тәжірибеде қолданады.

         ON14 Компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып корпустар зерттеу жұмыстарын жүргізу, корпус құру.

Оқыту түрі

Күндізгі

Оқыту тілі

Қазақ

Кредит саны

120

Берілетін академиялық дәреже

«7М023 – Қолданбалы қазақ тіл білімі»

білім беру бағдарламасы бойынша

филология ғылымдарының магистрі

Лицензия

KZ27LAA00019309