Жаңалықтар

Редакторлық қызметтің қыры мен сыры

03.11.2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Журналистика факультеті Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының студенттерімен кездескен журналист, «Ақжелкен» журналының редакторы Есей Жеңісұлы «Ең бастысы – өмірде өзіңе редактор бола білу», - деп сөз бастады. Болашақ баспагер, редактор маманы болатын білім алушылармен «Редакторлық қызметтің қыры мен сыры» атты шеберлік сыныбы бір сағатта өткен дәріс студенттерге өмірлік дәріс болды.

Ары қарай оқу >>

Қазіргі заманғы Қазақстан баспа ісінің өзекті мәселелері

02.11.2022

Қараша айының 2-ші жұлдызында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультеті, «Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер» кафедрасының ұйымдастыруымен «Арыс» баспасының директоры Ғарифолла Әнеспен «Қазіргі заманғы Қазақстан баспа ісінің өзекті мәселелері» атты тақырыпта шеберлік сағат өтті. Тақырып аясында еліміздегі баспа саласының жай-күйі талқыланып, студенттердің сауалына жауап айтылды.

Ары қарай оқу >>

Редакторлық қызмет ерекшеліктері: БАҚ-тағы стилистикалық қателер

31.10.2022

Бүгін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультеті, «Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер» кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері, ТМД Журналистер конфедерациясы сыйлығының лауреаты, журналист-редактор Қайнар Олжаймен шеберлік сағаты өтті. Кездесу барысында журналист студенттермен журналистік өмірдің құпияларымен бөлісіп, ондағы жұмыс істеудің қиындықтары мен артықшылықтары туралы айтты.

Ары қарай оқу >>

ҚОЖАКЕЕВТІҢ ҚҰНДЫ ҚАЗЫНАСЫ

26.10.2022

Қазақ сатирасының өсіп-өркендеп, терең тамыр жаюына зор үлес қосқан ғалым-ұстаздардың бірі– Темірбек Қожакеұлы! Ол – қазақ сатирасын егжей-тегжейлі зерттеп, сатиралық жанрлар жүйесін жете зерделеген және теориялық жағынан негіздеген ғалым. Бұған дейін қазақ әдебиеттану ғылымында сатира мен юморды терең зерттеп, талдаған ғалым болған жоқ.

 

Ары қарай оқу >>

Тұлға тану

21.10.2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Баспагерлік-редакторлық және дизейнерлік өнер кафедрасының 2 курс студенттер3 Алматы қаласындағы Дінмұхаммед Қонаев атындағы музейі мен музей-үйіне барып қайтты.

Ары қарай оқу >>

ҚЫСҚЫ БАҚТА ӨТКЕН ЖЫЛЫ ЖИЫН

24.09.2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультеті Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының мәжілісі болып өтті. Өмірбек Жолдасбеков атындағы студенттер сарайындағы қысқы бақ залында өткен жиынды кафедра меңгерушісі – филология ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Рамазанова ашып, жаңа декан Сансызбай Шарапиұлына ұжым мүшелерін таныстырды.

Ары қарай оқу >>

БАСПА САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚОЗҒАЛДЫ

15.09.2022

15 қыркүйек күні кафедрадамызда «Баспа-редакциялық үрдерісінің технологиясы» пәніне арналған дәріске пән оқытушысы Әбдіраман Ермахан Шайхыұлы және елімізге белгілі кітап таратушы, кәсіпкер Қалу Тоқтаболатовпен дәріс өтті. Сабақ барысында болашақ баспагер-редакторлар арнайы қонақпен баспа ісі саласының өзекті мәселелері аясында ой бөлісіп, өз пікірлерін ортаға салды.

Ары қарай оқу >>

«СЕЛТЕТКІЗЕР» КЕШ ӨТТІ!

09.12.2021

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Журналистика факультетінің студенттерінен құралған «Селтеткізер» оқырмандар клубы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік және студенттер поэзиясы» кеш өткізді. 

Ары қарай оқу >>

Тау тұлғалы Туман Амандосовтың туғанына 100 жыл!

26.11.2021

26 қарашада Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде ғалым, журналист, филология ғылымдарының докторы, профессор Тауман Амандосовтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Журналистика, баспа ісі, медиадизайн: бүгінгі тренд және даму тенденциясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн және офлайн форматты қамтыған конференция өтті. 

Ары қарай оқу >>