Студенттерге ғылыми зерттеулер бойынша ақпарат

Баспагерлік редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмыстарының басты бағыттарын жүзеге асырудағы тетіктердің бірі-студенттердің «Фараби оқулары» аясында өттін ғылыми-көпшілік жинағына өз тезистері мен еңбектерін жариялау. Шәкірттердің ғылыми-шығармашылық бағыттағы енді бір сәтті жолы-олардың өз туындыларын жеке кітап, ұжымдық жинақ түрінде бастырып шығару. Бұл творчествалық әдіс кафедрада ойдағыдай жүзеге асуда. Атап айтқанда, әр оқу жылының соңында әр курс студенттер өз жинақтарын топтастырып, бастырып шығаруда.

Жақында, АҚШ-тың Огайо университетінен Хелен ханымның "Рақмет" деген фотосы келді. Оның үстіндегі  жейденің ою-өрнегін кафедрамыздың жас дизайнерлері жасаған.

Баспа ісі, кітап шығару проблемаларында бүгінгі таңда түбірлі шара боп табылатын нанотехнология негіздерін болашақ баспагерлерге ұғындыру. Бұл мәселе күн тәртібінен еш түспеуге тиіс. Перзидентіміздің соңғы жолдамасындағы: «Сапалы білім Қазақстанды индустрияландыру және инновациялық дамуының негізі болу тиіс», - дегені кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдаршамы боп саналады.