Жаңалықтар

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

14.02.2023

Журналистика факультетінде  ашық есік күні ұйымдастырылып, мектеп оқушылары баспа ісі, дизайн, журналистика, жаңа медиа, коммуникация мамандықтарына байланысты білім беру бағдарламаларымен танысты. Факультет профессорлары мен практик мамандардың кеңестерін, шеберлік cабақтарын тыңдаған талапкерлер өздерінің таңдаған мамандықтары туралы көкейлерінде жүрген сұрақтарды қойып, оған тиісті жауаптарын ала алды. Сонымен қатар, ҰБТ кезінде шығармашылық мамандықтарды таңдау тетіктері жөнінде де жан-жақты айтылды. Іс-шара соңында талапкерлер факультеттің оқу-өндірістік  базасымен танысты.

Ары қарай оқу >>

Сәтті кездесу

14.02.2023

14 ақпан күні кафедрамызда керемет кездесу өтті. Белгілі тележурналист-публицист Арай Сахариева студенттермен өз тәжірибесімен бөлісті. Шеберлік сағаты студенттердің қызығушылығын арттырып, ойдағыдай өтті.

Ары қарай оқу >>

Шеберлік сағаты

13.02.2023

Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының аға оқытушысы Данаева Нұрлыайым Тұрсынбайқызының ұйымдастыруымен  “Аудио және бейне материалдарды өңдеу” пәнінің аясында “Аудио кітаптарды дыбыстау алдында жасалатын кәсіби жаттығулар мен техникалар” атты шеберлік сағатына  сөз шебері-тренер Алишер Теменов шақырылып, “Дизайн” мамандығының 3 курс студенттері өздері оқып жатқан аудиокітаптарды дыбыстауда болып жатқан кедергілердің алдын алудың техникаларын үйреніп, артикуляциялық, диафрагмалық түрлі жаттығуларды меңгерді.

Ары қарай оқу >>

"Білікті баспагер, шебер дизайнер дайындау уақыт талабы"

08.02.2023

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Журналистика факультеті Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнеркафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Рамазан Айгүл Әмірғалиқызы білікті баспагер, шебер дизайнер мамандарға сұраныс жоғары екеніне тоқталды. Осы мамандарды дайындап жатқан кафедраның тарихы мен жас буынға үлгі ретінде кафедрадан түлеп ұшқан елімізге есімі мәшһүр түлектер турасында айтты.

Халықаралық және ұлттық рейтингтерде көш басында болу уақыт талабы. Осы ретте ол кафедраның халықаралық байланыстарды дамыту бойынша да бірқатар жоспарларымен бөлісті.

Соңғы жылдары өндірісте жүрген кәсіби тәжірибелі мамандарды сабақ беруге тартқан жақсы үрдіс өз нәтижесін беріп жатқанын атап көрсетті.

Ары қарай оқу >>

Тұран романтизмі

20.11.2022

2022 жылы «Баспа ісі және дизайнерлік өнер» кафедрасының профессоры, философия ғыл.кан. Ж.Т. Берістеновтің «Тұран романтизмі» атты альбом- монографиясы шықты.

Еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына шақырылған онлайн көрменің қорытындысы ретінде, Еуразияның 31 елінен үздік деген 252 суретшінің шығармаларын біріктірген альбом 3 тілде (қазақ, ағылшын, түрік) жарыққа шықты. Әр том 400 беттен тұрады. 2 томда да замануй стильдік бағыттар өнертанулық сараптама бойынша топтастырылған.

Ары қарай оқу >>

Ұлттық кітап ісі: бәсекеге қабілеттілік хақында

11.11.2022

Қараша айының 11-і күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультеті, «Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер» кафедрасында «Ұлттық кітап ісі: бәсекеге қабілеттілік хақында» атты тақырыпта «Steppe&WORLD Publishing» баспасы мен «Alghayat» әдеби агенттігінің негізін қалаушы Раиса Сайранмен шеберлік сағаты өтті. Кездесу барысында баспа саласының қыр-сыры түсіндіріліп, әр кітапты аударудағы автор құқығын алудан бастап оның қазақ тілінде жарыққа шығуына дейінгі команданың еңбегі, қазақ тілінде кітап оқудың артықшылықтары жайлы сөз қозғалды.

Ары қарай оқу >>

Қазақ тіліндегі кітаптарды насихаттау, тарату және сату мәселелері

05.11.2022

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультеті, «Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер» кафедрасының ұйымдастыруымен студенттерге   «Қазіргі Қазақстан баспаларының жай-күйі» атты тақырыпта «Әдебиет» баспа үйінің және «Мерей» баспасының директоры Ғалым Қалибекұлымен шеберлік сабақ өтті. Онда бүгінгі Қазақстан баспа саласы мен баспа үйлерінің жай-күйі баяндалып, студенттер қойған сұрақтарға толыққанды жауап берілді.

Ары қарай оқу >>

Қазіргі Қазақстан баспаларының жай-күйі

04.11.2022

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистикп факультеті, «Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер» кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазына» қазақ тіліндегі кітап дүкендері желісінің директоры Алмас Шайкенмен шеберлік сағат өтті. Мұндағы мақсат – кітаптың баспадан дайындалып шығуынан, оның кітап дүкендеріне таратылу жайлы ақпарат беру.

Ары қарай оқу >>

Салалық баспа өнімдерін шығарудағы ерекшеліктер

03.11.2022

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультеті, «Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер» кафедрасының ұйымдастыруымен «Өнер» баспасының директоры Әшірбек Көпішпен «Салалық баспа өнімдерін шығарудағы ерекшеліктер» атты тақырыпта шеберлік сағат өтті. Сонымен қатар ол кісі редакторлық жолда үйренген тәжірибесімен бөлісті. Ғылыми, салалық аударманың еліміздегі ахуалы мен редактор болудың қыр-сырын студенттермен бөлісті.

Ары қарай оқу >>