Поэзия - жан әуені!

Поэзия - жан әуені!

 

2023 жылдың 14 қазанында, Қазақстан жазушылар одағы ғимаратында, «Простор» көркем әдеби журналы «Сөз» шығармашылық бірлестігімен бірге «Күзгі сұлулықтың жазығы» атты Поэзия және Музыка мейрамын өткізді. Концертке «Простор» журналының авторлары, поэттер: Адольф Арцишевский, Сагин-Гирей Байменов, Николай Зайцев, Любовь Шашкова, Ольга Шиленко, және де «Тоника» атты поэзия, романс және авторлық өлең клубының мүшелері, «Ретро» клубы мен флейташылар квартеты қасты.

Сол күні ауа райы бұлтты болғанымен, біз тоқтамадық. Жылырақ киініп, белгіленген орынға жеттік. Бізді ол жерде ақ және жасыл түсті, алтын элементтері бар, архитектурасы ғажайып, классикалық сталиндық ампир стильіндегі сәулетті ғимарат күтіп тұрды. Оның тарихы 1955 жылдан басталады. Алғашында ол ғимаратта КазССР ет-сүт кәсібінің министрлігі, кейінірек сыртқы істер министрлігі орналасқан, тек содан кейін ол жерге КазССР жазушылар Одағы көшіп келген. Бүгінгі күнде ғимараттың кіре берісінде «Қазақстан жазушылар одағының басқармасы» деген жазу екі тілде ойып жазылған. Біз, ҚазҰУ журналистика факультетінің, 1 курс, баспа ісі мамндығының студенттері, біздің оқытушымыз Мухамадиева Лариса Ивановнаның шақыруы бойынша осында келдік. Бұл біздің ғылыми-шығармашылық КСӨ (Керемет студенттер өмірі, бұрынғы «Гутенберг») үйірмеміздің сырттай кездесуі болғандықтан, біз клубымыздың басқа да мүшелерімен таныстық. Ғимаратқа кірдік, көңіліміз қалмады. Ішінің әдемілігі сыртынан кем емес. Баспалдакпен көтеріліп,жиналыс залына бардық. Ұлы қайраткерлеріміз: Шоқан Уалихановтің, Абай Құнанбаевтің және т.б. қабырғада қашалып салынған портреттері бізге қызығушылық пен шылы шырайлы қарап тұрды. Залдың кіре берісінде бізді мейрамның ұйымдастырушысы Владимир Гайченя күтіп алды. Концерт басталды, барлығы назарларын сахнаға аударды. Жалпы, бүкіл концерттің құрылымын айта кетсек, ол келесі форматта өтті: сахынаға поэт шығып оз өлеңдерін оқыды, кейін музыкалық үзіліс болды. Отандық поэттерімізбен танысып, өлең тыңдап қайту өте рахатты болды. Әр автор одан кейінгі номердің арқасында есте сақталып қалды. Екі тақырыптама: поэзия мен музыка, бір бірін керемет толықтады.

Сахынадан Пушкин мен Цветаеваның авторлық туындылары шықты. Тақырыптар әртүрлі болғанымен, арасындағы ең бас тақырып «Күз» болды. Бір уақытта кейбір техникалық ақауладың кесірінен сахнаға ұйымдастырушы шығып, өз өлеңдерін оқыды. Владимир біздің алдымызда өте көңілді және шығармашылық тұлға болып көрінді.

Әр музыкалық номер ерекше болып, ішімізді пыстырмады. Бірінші болып флейтисттар квартеті сахынаға шықты, олар бізбен жасты болғандықтан, бізге жақынырақ болып көрініп, осы номер қалғандарынан ерекше болып көрінді. Музыканттар жеке, жұппен және акустикалық гитарамен бірге өнер көрсетті. Барлық дауыстар біздің көкейімізге қона қалды және біз бұндай көріністі жақын арада ұмытпаспыз.

Бұл кеш бізге ұмытылмас әсер берді, бізге берілген бұл мүмкіндікке өте ризамыз, кейбіреуіміз үшін бұндай концерт бірінші болды. Біз пайдалы білім мен көңіл күй алып, қызықты тұлғалармен танысып, уақытымызды бірге керемет откіздік. Біз болашақта осындай мәдени іс шараларға көбірек барамыз деп үміттенемін. Қанша дегенмен, бұл жай ғана концерт емес, бұл біздің жанымыз бен санамыздың мәдени тәрбиесі.

Концерттен алынған әсерлер, бірінші курс, баспа ісі студенттері: Абилмлаик Лейла и Зульфар Аружан.

Аударған: Әбдіжапар Шахизат