ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

Факультет пен кафедра жұмыстарының ерекше бір бағыты Халықаралық қарым-қатынасты орнату болып табылады. Факультет ғалымдарының зерттеулерін ЮНЕСКО, МККК, Интерньюс, ЮНИСЕФ, АҚШ журналистика оқытушылары Ассоциациясы, Еуропалық журналистиканы зерттеу Ассоциациясы және СNN (АҚШ), BBC (Ұлыбритания), Әл-Жазира сияқты және тағы да басқа журналистикалық медиа-ұйымдары қолдап отырады.

Журналистика факультетінің ғалымдары мен оқытушылары Германия, Болгария, Түркия, Қытай және басқа да көптеген елдерде болып тұратын конференциялар мен семинарларға қатысып отырады. USIA мен тығыз әрі табысты қарым қатынас арқылы Оклахома Мемлекеттік университетімен (АҚШ) тығыз байланыс қалыптасты. 1995 жылы факультеттің төрт оқытушысы Оклахома университетінде болып қайтты.

 

Халықаралық байланыстар

Халықаралық байланыстар кафедра қызметінің негізгі басымдықтары болып табылады. USIA-мен орнатылған байланыстардың нәтижесінде Оклахома мемлекеттік университетімен (АҚШ) және Польша университеттерімен тәжірибе алмасу нәтижесінде қол жеткізілді. 2010 жылы баспа ісі және дизайн кафедрасының оқытушысы С.Ж.Нұрбеков «Болашақ» бағдарламасы бойынша Польша университеттерінде болып қайтты. Ал, 2015 жылдан бастап, Ломоносов атындағы Мәскеу мемелекеттік университетінде білім алуда.

Журналистика факультеті баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының шақыруы бойынша 1-семестрде халықаралық ынтымақтастық шеңберінде Польша университетінің профессоры, еуразиялық идея, вервальды коммуникациялар, сөз бостандығы, жарнама, саяси технологиялар туралы кітаптар мен құралдардың авторы Ивонна Масака және профессор Шимон Оссовский келіп қайтты.

Магистранттар мен оқытушылар қазіргі жаңа медиа құрылымындағы Польшалық баспа саласының тәжірибесі мен оның қазіргі саяси жағдайының өзекті мәселелері туралы талданған польшалық профессордың семинарына студенттер көптеп жазылды.

Шетелдік профессордың ұсынысы бойынша оқытушылар мен магистранттарға арналған шеберлік сыныптары өткізілді.

«Еуропаның либеральды-демократиялық елдеріндегі БАҚ-тың қызметі» атты семинар Николай Коперник атындағы Торуни университетінің саяси ғылымдар докторы, саяси және Халықаралық Зерттеулер университетінің адъюнкті Ивона Массаканың (Польша) қатысуымен сәтті өткізілді. Кафедра оқытушылары Торунь университетінің журналистика факультетінің деканының атынан берілген сертификаттарға ие болды.

6М042200 «Баспа ісі» мамандығының 2 курс (педагогикалық бағыт) магистранттары Познань, Торунь, Испания қалаларында шетелдік тағылымдамадан өтіп келді.

Кафедра алдыңғы оқу жылдарында Екатеринбург, Мәскеу, Германия, Корея елдерімен байланыстар орнатуды көздеп отыр.