Халықаралық ғылыми-практикалық конференция «Жаһандану жағдайында ақпараттық қауіп-қатерлерге қарсы күрес бойынша қазіргі заманғы технологияларды құру мәселелері»

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция «Жаһандану жағдайында ақпараттық қауіп-қатерлерге қарсы күрес бойынша қазіргі заманғы технологияларды құру мәселелері»

2020 жылдың 24 сәуір күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, дінтану және мәдениеттану кафедрасы Өзбекстанның Ұлттық университетімен бірлесе отырып, «Ізгілік қоғам азаматтарын қалыптастыру» жобасы аясында «Жаһандану жағдайында ақпараттық қауіп-қатерлерге қарсы күрес бойынша қазіргі заманғы технологияларды құру мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Конференция жұмысына Орталық Азия елдері, Дағыстан, Әзірбайжан және Түркия университеттерінің ғалымдары, профессорлары қатысты, соның ішінде: философия ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры Ғабитов Тұрсын Хафизұлы; философия ғылымдарының докторы, Дағыстан мемлекеттік университетінің профессоры Билалов Мұстафа Исаұлы; Йылдыз Техника университетінің профессоры Ташделен Вефа; Тәжікістан ұлттық университетінің «Философия» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы Худойдодзода Фарух; философия ғылымдарының докторы, Манас атындағы Қырғыз-Түрік университетінің профессоры Бокошов Жамгир; Ташкент мемлекеттік экономикалық университетінің профессоры Саифназаров Исмоил; философия ғылымдарының докторы, профессор, Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті, философия және руханилық негіздері кафедрасының меңгерушісі, Өзбекстанның философиялық қоғамының төрағасы Шермұхамедова Нининахон және т. б. Конференция барысында жаһандану контекстіндегі түркі халықтарының ұлттық бірегейлігін, өзіндік ерекшелігін сақтау мәселелері, локализация рөлі, азаматтардың қайырымды қоғам қалыптастыру негіздері, рухани құндылықтар мәселелері, қоғамдық сананы жаңғырту және т. б. мәселелер талқыланды.

 

Альджанова Н.К.

Дінтану және мәдениеттану кафедрасы

Басылым күні :  04.05.2020