Исламтану

Исламтану - ислам жəне оның қағидаларын, тарихын, мəдениетін, мұсылман халықтарының құқықтары мен исламға қатысты қоғамдық-саяси ұйымдарға, діни-құқықтық жүйелерге, мектептерге байланысты өткені мен бүгінін оқытатын ғылыми білімдер жүйесі. Исламтану ғылым ретінде ислам туралы деректерге, рухани құндылықтар мен оны ұстанушылардың бағыт-бағдарларына қызмет етеді.

Исламтанушы мұсылмандық сенімтаным мəселелерімен, діни-саяси қозғалыстарды оқып-үйренумен шұғылданады. Мұсылмандық құқық, дəстүрлер, тұрмыс-тіршілік, мұсылман халықтарының материалдық жəне рухани мəдениетін зерттейді, мұсылман философиясының маманы болып саналады, исламның өркениеттік (институционалдық жəне құндылықтық) өлшемдеріне маманданады.

Осы мамандық бойынша дайындау: әрқайсысы ACQUIN халықаралық агенттігімен аккредиттелген Бакалавриат, Магистратура, Докторантура үш академиялық деңгейінде жүргізіледі.

МАГИСТРАТУРА

Мамандық шифрі: «6М021500 – Исламтану»

Емтихан: шет тілі (тест), мамандық бойынша емтихан (жазбаша)

Оқу түрі: күндізгі

Оқу мерзімі: ғылыми-педагогикалық бағыт – 2 жыл

Оқу тілі: қазақ, орыс, ағылшын тілінде

«6М021500 – Исламтану» мамандығының магистрі келесі кәсіби қызмет түрлеріне дайындалады:

  • Исламның түрлі аспектілерін зерттеу, исламдық зерттеулердің әдіснамалық мәселелері және ислам көздерін түсіндіру әдістері;
  • Ислам мәдени мұрасы, діни байланыс (ислам) проблемаларын, исламның заманауи және кейінгі заманғы өркениетпен қарым-қатынасын зерттеу;
  • Сандық қоғамдағы исламтану маманы.

Профильдік пәндер:

  • Ислам діні және жаңашылдық;
  • Шариғатта үкім шығару әдісі;
  • Шариғатта неке және отбасы қатынастары;
  • Ислам экономикасының құқықтық аспектілері.

Білім берудің артықшылығы:

  • исламның негізгі мәселелерін талдау және аналитикалық зерттеу дағдыларын дамыту;
  • исламның теориясы, тәжірибесі мен әдістемесі және оның заманауи әлемдік діни кеңістіктегі орнын зерттеу әдістерін зерттеу.

Халықаралық байланыстар:

  • Нижмеген университеті (Нидерланды);
  • Нежметтин Ербакан ат. Университет (Түркия);
  • Техас технологиялық университеті (АҚШ);
  • Кашмир университеті (Үндістан);
  • Вена университеті (Австрия);
  • Улудаг Университеті (Түркия);
  • Стамбул университеті (Түркия);
  • Конкордия университеті (Канада);
  • Мичиган университеті (АҚШ);
  • Мидлсекс Университеті (Ұлыбритания);
  • Жежанг Университеті (ҚХР);

Тәжірибеден өту және жұмысқа қабылдану орындары:

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институты;
  • Қазақстан Республикасы қалаларының және облыстарының әкімдіктері - Дін істері жөніндегі басқармасы;
  • Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі;
  • Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі.

Толық оқу курсын бітіргеннен кейін магистранттарға академиялық дәрежесі беріледі: «6М020600 - Исламтану» мамандығы бойынша гуманитарлық пәндер магистрі

 

ДОКТОРАНТУРА

Мамандық шифрі: «6D021500 – Исламтану»

Емтихан: шет тілі (тест), мамандық бойынша емтихан (жазбаша)

Оқу түрі: күндізгі

Оқу мерзімі: 3 жыл

Оқу тілі: қазақ, орыс, ағылшын тілінде

«6D021500 - Исламтану» мамандығының докторы келесі кәсіби қызмет түрлеріне дайындалады:

Кәсіби қызмет:

  • исламтану және ислам ғылымы саласындағы теориялық және әдіснамалық зерттеулер;
  • исламтану әдістерін, әдіснамалық және тұжырымдамалық тәсілдерін зерттеу;
  • заманауи исламдық зерттеулерді дамытудың дәстүрлі және инновациялық тәсілдерін зерттеу.

Профильдік пәндер:

  • ислам дінінің шығуы мен тарихы;
  • ислам доктринасының негізгі қайнарлары;
  • исламдық білім философиясы: тарих және қазіргі заман.

Білім берудің артықшылығы:

  • ислам дінінің стратегиясы мен құндылықтарын ұстанатын халықтардың әлеуметтік-мәдени және рухани-адамгершілік өмірінің қасиетті және зайырлы аспектілерін тану;
  • діни сана-сезімнің, рәсімдік тәжірибе мен менталитет ерекшеліктерін меңгеру.