Студенттердің белсенді қызметтері мен ұйымдары

Біздің студенттер — бұл ең алдымен, мәдениетті ұнататын студенттерден құралған команда. Біз бәрін жақсы көреміз. Біздің басты ұранымыз — «Білмесең — үйретеміз!». Бізге сіздің қаншалықты маманданғаныңыз маңызды емес. Біз сіздің  өмірге құштарлығыңызды, үйреніп-жетілуге ұмтылысыңызды бағалаймыз. Біз жаңалықты жақсы көреміз, сондықтан біздің командамызда тек қана мәдениеттанушылар емес. Біздің тамаша өнерлеріміз бар. Бәріміз шығармашылыққа құштар команданы құраймыз!

Бұл түрлі этникалық мәдениеттердің өкілдерінен құралған интернационал ұйым. Біздің ең басты жетістігіміз— ынтымақтасқан тату ұжымымыз. Ұйымның басым бағыты — бірлік пен ұжым рухын сақтау. Басты мақсат — университеттегі түрлі халық өкілдерін біріктіру. Негізгі мүддеміз — студенттерді мәдени құндылықтарға тарту, тату интернационал ұжым құру және басқа ұйымдармен ынтымақтастықта әрекет ету.

Сонымен бірге жастар арасында қоғамдағы жоғары мәдениет құндылығын түсінуді қалыптастырып,дамыту. Біз қала мәдениетіндегі поэзияға, көркемсурет пен әдебиетке деген құштарлықты қайта оралтып, сақтауға үлес қосқымыз келеді. Біз студенттердің шығармашылық өнеріне қолдау көрсетіп, соған өз шараларымызды арнаймыз. Театрларға, көрмелерге ұжымдық жорықтар, жазушылармен кездесулер ұйымдастырамыз. Біздің қызметіміз тікелей ұйым мүшелеріне де, біз өткізген шараларға қатысушыларға да өз әсерін тигізеді. Көпмәдениетті  командамыз кез келген адамды өз қатарына қабылдауға дайын.

Біз түрлі шаралар мен мерекелерді, табиғат аясына шығу жорықтарын ұйымдастырумен айналысатын жарқын студенттік ұйымбыз.