Бегалинова Калимаш Капсамарқызы

Бегалинова Калимаш Капсамарқызы

Профессор, философия ғылымдарының докторы

Email: kalima910@mail.ru

Teлефон: 8(727)292-57-17 (вн.2125)

Мекен-жайы: Философия және саясаттану факультеті 

                        Дінтану және мәдениеттану кафедрасы 

                        Масанчи 39/47, 4 ОК, кабинет 403

 

БИОГРАФИЯ

1981 жылы Нежин мемлекеттік педагогикалық университетін орыс тілі және әдебиеті, тәрбие жұмысы бойынша әдіскер, 1989 жылы Орал мемлекеттік университетін философия мамандығы бойынша бітірді. 1994 жылы Қазақстан Ғылым академиясының философия және саясаттану институтында «Мистическое и рациональное в суфизме» тақырыбында кандидаттық диссертациясын, 1999 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ диссетациялық кеңесінде «Суфизм как феномен мусульманской культуры» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Зерттеу аумағы – суфизм, білім беру және тәрбие философиясы, рухани мәдениет, дінтану.

Ғылыми-педагогикалық қызметінің жалпы еңбек өтілімі: 35 жылдан астам. Еңбек жолын комсомолдық жұмыстан бастады – Семей қаласында ерікті хатшы қызметін атқарды, 1987 жылдан Н.К.Крупская атындағы Семей педагогикалық университетінде оқытушы болып ауысты.   1992 және 2004 жылдар аралығында Семей медицина академиясында аға оқытушы, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі болып жұмыс атқарды.  2004-2011 жылдары Астана қаласында Қазақ медициналық академиясында  және Қазақ агротехникалық университетінде кафедра меңгерушісі, Қазақстан Республикасының әділет министрлігінде дін істері бойынша ҒЗАО ММ-нің директорының орынбасары болды. 2011-2016 жылдары Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-де қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. Түрлі дипломдардың, мемлекеттік органдардың мақтау қағаздарымен, соның ішінде, Денсаулық сақтау, Білім және ғылым, Әділет министрліктерінің және мемлекеттік органдардың ынталандыру сыйлықтарының иегері(әкімшілік және т.б.).

«Жоғарғы мектеп педагогикасы» тақырыбында біліктілікті арттыру курстарын өтті (28 қазан – 10 қараша 2015 жыл). Бағдарлама көлемі 96 академиялық сағат (Ресей СІМ ММХҚИ-ң бизнес және халықаралық компетенция мектебі)(шақыртылған профессор);   SIRIUS тренинг орталығында (Алматы) «Повышение психолого-педагогической компетентности преподавателя» бағдарламасымен 72 сағат (12.10 – 26.10.15 ж.) және басқа курстар, соның ішінде халықаралық конгресс, конференция, сиппозиум, дөңгелек үстел. 

430-дан астам ғылыми жарияланымдар, соның қатарында, 70-тен астам монография, оқулықтар, оқу құралдары, ЖАК журналдарында, шет және таяу шет елдердегі халықаралық конференция материалдарында, Томсон Рейтер (Thomson Reuters) және Скопус (Scopus) журналдарының базасында жарияланған мақалалар. «Философия образования» және «Профессиональное образование в мире» (Ресей), «Turan Taims» халықаралық газетінде редакциялық кеңес мүшесі.  

Қазақ, орыс тілдерінде сабақ беремін.

2017 жылдың қыркүйек айынан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Дінтану және мәдениеттану кафедрасында профессор қызметін атқарады. 

ТАҢДАЛҒАН ЖАРИЯЛАНЫМДАРЫ

  • Восточный мистицизм: его сущность, специфика и многообразие. Учебно-методические рекомендации по философии, истории и теории   религии и свободомыслия для студентов 2 курса. - г.Семипалатинск, 1993. - 55 с.
  • Суфизм как религиозно-философская концепция мира и человека. Монография. - г. Алматы, 1999 г. - 194 с.  
  • Философия в системе целостного знания. Монография. Второе издание: дополненное и переработанное. -г. Алматы, 2000. - 149 с.
  • Проблема человека и мира в казахской философии. Монография. - Алматы, 2000. -163 с.
  • История философии Учебник по философии. - г.Алматы, 2001. - 351 с.
  • Восточная философия: сущность и особенности. Учебное пособие. - г.Алматы. 2002 г. - 363 с.
  • Ментальная духовность казахской философии как целостной системы Учебное пособие. – Алматы: КазНТУ им. К.И. Сатпаева, 2014. – 183 с.
  • Великая Отечественная война и современность: сквозь призму истории Монография. Алматы, 2017. – 172 с.
 

ОҚЫТУ

Бакалавриат

  • Первобытные верования
  • Национальные религии
  • Религиозная этика
  • Религиозная эстетика
  • Логика и теория аргументации
  • Эволюция религии в современном мире
Магистратура
  • Арабо-мусульманская философия
  • Коммуникации в современных религиях