Мұқан Нұрзат

Мұқан Нұрзат

Аға оқытушы, PhD

Email: Mukan.nurzat@gmail.com

Teлефон: 8(727)292-57-17 (ішкі 2125)

Адрес: Философии және саясаттану факультеті

Дінтану және мәдениеттану кафедрасы

Масанчи 39/47, УК 4, кабинет 403

 

БИОГРАФИЯ 

2006 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Дінтану» мамандығы бойынша бакалариатты үздік дипломмен бітірді. 2008 жылы аталған ЖОО-да «Дінтану» мамандығы бойынша магистратура тәмамдады. 2016 жылы философия ғылымдарының докторы, профессор Бөлекбаев Сағади Байұзақұлының жетекшілігімен «Дінтану» мамандығы бойынша «Қытайдағы исламның даму үдерістері: тарихы және қазіргі кезең (дінтанулық талдау)» атты диссертация қорғады. Шетелдік ғылыми жетекші Жеджанг университетінің (ҚХР, Ханжу қаласы) PhD докторы, профессор Хе Шанменг болды.

PhD докторантура бағдарламасы аясында Жеджанг университетінде (ҚХР, Ханжу қаласы) 10.06.2014 - 10.08.2014 жж. және 15.06.2015 - 15.08.2015 жж. аралығында ғылыми тағылымдамадан өтті.

Жалпы ғылыми мақалалар саны 30-дан астам, оның ішінде Scopus компаниясының ақпараттық базасына сәйкес халықаралық импакт-фактор журналдарында, Ғылым комитетін журналдарында, жақын және алыс шетелдік конференция материалдар жинақтарында жарияланған.

14.09.2018-18.04.2018 жж. аралығында «Dialogue between Chinese and Other World Civilizations» атты халықаралық форумда (ҚХР) қатысты. Ұлттық «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығында «Жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде жоғары оқу орындарындағы заманауи педагогикалық технологиялар» атты курс өтті (240 сағат, 28.04.2018 ж.)

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗЫҒЫШУЛЫҚТАРЫ

  • ҚХР-да ислам тарихы
  • Орталық Азиядағы суфизм
  • Шығыс діндері
  • Конфуциандық

 

 ТАҢДАЛҒАН ЖАРИЯЛАНЫМДАРЫ

  • Қытайда ислам дінінің тарихи даму кезеңдері // ҚазҰУ Хабаршы. Философия сериясы. Мәдениеттану сериясы. Саясаттану сериясы. – 2016. - № 2 (55). 
  • Қытайда ислам дінін насихаттаудағы медреселердің орны // ҚазҰУ Хабаршы. Философия сериясы. Мәдениеттану сериясы. Саясаттану сериясы. – 2016. - № 2 (55). .
  • Mosques in China: architectural features and functions // Materiály XII mezinárodní vědecko -praktická konference. Praha Publishing House «Education and Science» s.r..2016. .
  • Confessional Peculiarity of Chinese Islam // International journal of environmental & science education, 2016. Vol.11.
  • Islamic movements and urgent issues of the modern Kazakhstan // European Journal of Science and Theology Volume 13, Issue 4, 2017.

 

ОҚЫТУ

Бакалавриат

  • Мәдениет және дін
  • Ислам және қазақ мәдениетінің дәстүрлері
  • Исламның бағыттары мен мектептері
  • Алғашқы қауымдық діндер
  • Діни антропология
  • Қазіргі дәстүрлі емес діни қозғалыстар мен ғұрыптар
  • Діни ілім әдебиеті (Әлем діндерінің қасиетті мәтіндері)
  • Қазақстан діндері
  • Орталық Азиядағы суфизм
  • Ислам теологиясындағы адам
  • Құрантану