Визит-профессор ретінде факультеттің деканы шақырылды

Визит-профессор ретінде шақырылған Философия және политология факультетінің деканы, философия ғылымдарының докторы, профессор Алия Рмгазиновна Масалимова Св.Климент Орхидский атындағы Софий университетінің Классикалық және қазіргі филология факультетінде (Болгария) «Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардағы пәнаралық тәсілдер» курсы бойынша дәріс оқыды.

Сапар көп жылдық екі жақты ынтымақтастық аясында жүзеге асырылды. Екі жақты ынтымақтастықтың нәтижесі жүзеге асырылып жатқан «Еуропа және Азия: Мәдени дипломатия және Еуропалық одақтағы геосаясат» қосарлы дипломының қазақстандық-болгарлық магистрлік бағдарламасы болып табылады.

Софий университетінің магистранттары қазақстандық профессордың дәрістерін тыңдады. Профессор «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының негізгі принциптері, Қоғамдық сананы жаңғырту, сондай-ақ университет пен факультет жүзеге асырып жатқан «Al-Farabi university - smart city», «100 кітап», «Айналаңды нұрландыр» және «Green campus» жобалары туралы айтты. Өз сөзінде декан мәдениет, білім, философия, политология мен дінтану саласындағы ғылыми коллаборацияны дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Сапар барысында Софий университетінің Бакалавриат және Магистратура бағдарламаларының академиялық мәселелері жөніндегі проректоры, профессор, PhD Рената Божанковамен, Классикалық және қазіргі филология факультетінің деканы, профессор Мадлен Дановамен, «БГ-Предтеча» білім беру орталығының директоры Виолета Добичинамен, философия факультетінің өкілдері, профессорлар В.Матановамен және С.Кораблевамен жемісті кездесулер өткізілді. Шығыс тілдері мен ғылымдары орталығының директоры, профессор Александр Федотовпен келіссөздер барысында ынтымақтастықтың мүмкін перспективалары талқыланды.

Сондай-ақ профессор Алия Масалимова Қазақстан Республикасының Болгариядағы Елшісі Темиртай Избастин мырзамен бірге қабылдауға шақырылды.

Сапардың маңызды нәтижелерінің бірі К.Орхидский атындағы Софий университетінде «Әл-Фараби» ғылыми-білім беру мәдени орталығын ашу туралы келісім болды.

Басылым күні :  02.07.2018