Республика күні: жаңғырған мейрам және әлемдік үрдіс

21.10.2022

Көрулер: 995

 

Республика күні – еліміздің тәуелсіздік жариялауына негіз болған айтулы күн. Дәл осы күні 25-қазанда декларация жарияланып, мемлекеттің тәуелсіздігі айқындалды. Тәуелсіздігіміздің кірпішін қалап берген бұл күн биылдан бастап мемлекеттік мереке ретінде тойланады. Осы ретте ел тарихын­дағы айшықты күн, Республика күні халықпен қайта қауышқандығын қолдай отырып, дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының эдвайзері т.ғ.к., доцент Беделова Г.С. және 3 курс «Кітапханалық ақпараттық жүйелер» мамандығының, 6В02205-Тарих мамандығының студенттері 2022 ж. 21 қазанында сағ. 14.00-де «Республика күні: жаңғырған мейрам және әлемдік үрдіс» атты іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты: 13 жылдан бері күнтізбеден мереке ретінде сызылып тасталып, биыл ресми статусына қайта ие болған 25 қазан – Республика күнінің мағыздылығын айқындап, оның қалай және қандай масштабта аталып өтілуі керектігі жөнінде пікір алмасуПікір алмасу барысында қаралған мәселелер: «Республика күні» мейрамының қайта жаңғыруы; Мерекенің ұмытылу себептері; Республика күнінің басқа елдерде тойлануы; Республика күнін тойлаудың маңыздылығы. Ашық пікір-алмасу жақсы деңгейде өтті, жастардың көзқарастары тыңдалды. Соңында 25 қазан жай ғана мереке емес, бұл символдық түрде маңыздылығы болуы тиіс күн. Ол символ біздің тұтастығымызды, территориялық мызғымастығымызды білдіруі керек, сонымен қатар Рес­публика күні елдің мемлекет құру жолын­дағы тарихи қадамының символы болуы керек деген сияқты бірқатар ойлар айтылды.