ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРХИВШІЛЕР КОНГРЕСІ АЯСЫНДА ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТЫН КӨЗДЕГЕН, ЮНЕСКО, БҰҰ ҚАТЫСУЫМЕН ТАРИХИ-ҚҰЖАТТЫҚ КӨРМЕ ӨТКІЗІЛДІ

18.10.2022

Көрулер: 746

 

 

2022 жылғы 18 қазанда Халықаралық архившілер кеңесінің аясында, Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Алматы қаласында отандық және шетелдік архив саласы ғалымдарының қатысуымен «Ашық қоғамға – ашық Архив» тақырыбындағы архившілердің халықаралық І Конгресі шеңберінде Тарих факультетінің Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының қатысуымен Тұрақты Даму мақсатын көздеген, ЮНЕСКО, БҰҰ қатысуымен тарихи-құжаттық көрмелерінің ашылуы болып өтті.

Аталмыш   көрме   «Абай», «Байқоныр», «Б. Момышұлы» метро станцияларында өткізілді. Халықаралық деңгейде өткізіліп отырған іс-шараға Қазақ ұлттық университетінің «Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамымен, аталған кафедра дайындайтын «Архивтану, құжаттану және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету» мамандығы бойынша білім алатын студенттер қатысты. Іс-шара соңында Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры Әлия Мұстафина бірге ұйымдастырып өткізуде белсенді атсалысқан ұйымдастарушыларға, арнайы шақырылған қонақтарға, қатысушыларға рахмет лебізін білдірді.