Тарих факультеті ұжымы ҚР Президенті Жолдауын талқылады

17.09.2022

Көрулер: 952

2022 жылдың 16-қыркүйек күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Тарих факультеті ұжымы ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады. Іс-шараға факультет деканы, профессор-оқытушылар құрамы, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысты.

Жиында ел Президенті ұсынған өзекті мәселелерді шешуге бағытталған қадамдар, халықтың әл-ауқатын арттыруға негізделген мемлекетті одан әрі жаңғыртудың жаңа міндеттері, әлеуметтік қолдау шаралары талқыланды. Бұл мәселелер жайлы аталған іс-шараға қатысқан факультет деканы, т.ғ.д., қауымдастырылған профессор Д.С.Байгунаков біршама түсініктеме беріп кетті. Жолдау туралы негізгі баяндама жасаған Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі т.ғ.д., профессор ҚР ҒА Академигі Б.Б.Карибаев болды. Ол Президент тарапынан жасалған Жолдаудың басты ерекшелігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталғанын атап өтіп, негізгі басымдықтарға тоқталды. Әсіресе Жолдауда көрсетілген әрбір Бағдардың мәніне тоқталып, олардың түйткілді мәселелерді шешудегі рөлін айшықтады. Жолдаудағы негізгі 5 Бағдар бойынша атқарылар іс-шаралардың маңызын тұжырымдап өтті. Жиын барысында факультет ұстаздары мен білімгерлері өздеріне ұнаған Жолдаудың кейбір тұстары туралы ойларын ортаға салып, пікір алмасты.