Сенсация !

07.09.2020

Көрулер: 1780

Профессор А.Төлеубаевтың жетекшілігімен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің археологиялық экспедициясы сенсациялық жаңалық ашты. 2020 жылы профессор А.Төлеубаевтың жетекшілігімен Шығыс Қазақстандағы Елеке Сазы қорымында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ археологтары археологиялық зерттеулерді жүргізді. Патшалық қорғандардың бірінде жүргізілген қазба жұмыстары кезінде 850 ат әбзелдерін безендіруден тұратын қазына табылды. Профессор Төлеубаевтың айтуынша, «Қазына скиф-сақ дәуіріндегі жануарлардың соңғы стиліне жатады және шамамен б.з.д. V-IV ғасырларға тиесілі.Табылған заттардың ішіндегі ең ерекшесі ортасында төрт қоңырауымен безендірілген пантераның алтын фигурасы.Жіңішке және талғампаздықпен жасалынған бұйымдар біздің аймақтың ежелгі тұрғындарының зергерлік шеберлігінің жоғары деңгейде болғанын дәлелдейді».Археологиялық экспедицияның ғылыми тобын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың "Тарих, археология және этнология" факультетінің оқытушылары, докторанттары мен студенттері құрайды.