1938-1939 жж. халықаралық дағдарыс

23.04.2018

Көрулер: 3933

2018 ж. 23-сәуірде №7 ауд. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының профессоры, т.ғ.д. Кокебаева Гульжаухар Какеновна «1938-1939 жж. Халықаралық дағдарыс» тақырыбында қонақ дәрісін өткізді. Лектор Екінші дүниежүзілік соғыстың қарсаңындағы  Мюхен келісіміне, 1939  жылғы ағылшын-француз-кеңес келіссөздерінің нәтижесіз аяқталу себептеріне тоқталды.

Профессор Г.К. Кокебаева ‒ Германия архивтерінде жұмыс істеп, тақырып бойынша нақты құжаттарды оқып, соның нәтижесінде осы кезеңнің әрбір оқиғасына қатысты өз ойын қалаптастырған маман.Халықаралық қатынастар бөлімінің студенттері көптеген жаңа мәліметтермен танысып, 1939 ж. 23 тамызда Германия мен КСРО арасындағы келісімшарттың шын себептері туралы ғалымның пікірімен танысты. Лекцияда бүкіл адамзатты зор қайғыға әкеп соққан мәселелер қозғалды.

Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы