Факультет оқытушылары Камелидтерді Халықаралық зерттеу және дамыту қоғамының халықаралық 5-ші конференциясына (ISOCARD-2018) қатысты

16.11.2018

Көрулер: 2324

Факультетіміздің аға оқытушылары б.ғ.к. М.Х. Нармұратова және PhD  Г.С. Конуспаева ISOCARD қоғамының (Камелидтерді Халықаралық зерттеу және дамыту қоғамы) «Түйелерді зерттеудегі соңғы жетістіктер: биологиясы, саулығы және өндіріс» тақырыбындағы халықаралық 5-ші конференциясында баяндама жасады (Эль-Аю́н қаласы, Морокко).

Оқытушыларымыздың конференцияға қатысуы биотехнология кафедрасында орындалып отырған «Отандық бактериалдық ұйытқыларды пайдаланып түйе сүтінің негізінде жаңа сүт өнімдерін дайындау технологияларын жасау» Ғылыми бағдарлама (№0118РК01326, 2018-2020 жылдар) аясында қаржыландырылды.

Қоғам 2006 жылдан бастап үш жылда бір рет түйе зерттеу саласында ғылыми және практикалық ақпарат алмасу мақсатында халықаралық конференция өткізеді.

Г.С. Конуспаеваның Мороккандық SNRT телеарнасына сұхбаты: https://youtu.be/WrPGMCOZ3q4