Alternate Text

Жаңалықтар

ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

19.04.2024

«Механика және энергетика» мамандығының 1 курс магистранттарының педагогикалық тәжірибесі аясында «Механика» мамандығының қазақ бөлімінің 2 курс бакалавриат студенттеріне «Жер экожүйесін сақтау» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Механика-математика факультеті аумағында эдвайзер Алибаева Қарлығашпен және студенттермен бірлесе отырып, 4 түрлі (каштан, каталпа, гибискус, туя) ағаш көшеттерін отырғызу шарасы сәтті ұйымдастырылды.

 

Ары қарай оқу >>

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ – ДЫҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ СТУДЕНТТЕР МЕН ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒАЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ.

12.04.2024

04.04.2024 күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – дың 90 жылдығына орай студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғалыми конференциясы өтті.

«Математикалық моделдеу және есептеу математикасы» секциясы бойынша ғылымның әр түрлі саласындағы ғылыми жаңалықтарының теориялық, тәжірибелік және қолданбалы сипаттағы баяндамалары тыңдалды.

Ары қарай оқу >>

ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА МЕХАНИКА КАФЕДРАСЫНЫҢ ПРОФЕССОРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

12.04.2024

Ғылым қызметкерлерінің күні қарсаңында механика кафедрасының профессорлары Әлібай Ысқабайұлы Ысқақбаев пен Кеңес Бәжкенұлы Жақыповқа Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің атынан құттықтау келді. Біз де ғалымдарымызды мерекелерімен құттықтаймыз!

 

Ары қарай оқу >>

2024 ЖЫЛДЫҢ 8 СӘУІРІ МЕН 20 СӘУІРІ АРАЛЫҒЫНДА ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ МЕХАНИКА КАФЕДРАСЫНДА ЛОТАРИНГИЯ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ (ФРАНЦИЯ) ҚАУЫМДАСТЫРЫЛҒАН ПРОФЕССОРІ, ДОКТОР ОЛИВЬЕ БОТЕЛЛА ІССАПАРМЕН ЖҮР.

12.04.2024

2024 жылдың 8 сәуірі мен 20 сәуірі аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика кафедрасында Лотарингия университетінің (Франция) Қауымдастырылған профессорі, доктор Оливье Ботелла іссапармен жүр. Екі университет арасындағы қос дипломдық магистратура бағдарламасы аясында ол «7M05405 – Механика және энергетика» мамандығы бойынша бірінші курс магистранттарына (М1) дәріс оқиды. Дәрістер офлайн режимінде және ағылшын тілінде, «Сандық талдау» және «Есептеу гидродинамикасы» пәндері бойынша жүргізіледі. Келесі жылы таңдалған студенттер Абай-Верн стипендиялық бағдарламасының қолдауымен Франциядағы магистратураның екінші курсында (М2) оқуын жалғастыруға мүмкіндік алады.

Ары қарай оқу >>

III ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФАРАБИ ФОРУМЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

12.04.2024

05-11.04.2024 күндері ҚазҰУ - да өткізілген Студенттік бизнес-инкубаторлары инновациялық жобаларының байқауына 60 жоба қатысты. Байқаудың нәтижесі бойынша «Қоқысты немесе басқа да заттарды жинап, реттеуші автономаттандырылған робот» жобасы ең үздік деп танылып, «Робототехникалық жүйелер» мамандығының 1 курс докторанты Рахматулла Заңғар 150 000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болды және арнайы Дипломмен марапатталды. Жоба жетекшісі, кафедра оқытушысы Сагитжанов Берікті және Рахматулла Заңғарды жеңістерімен құттықтаймыз.

 

Ары қарай оқу >>

"ФАРАБИ ӘЛЕМІ" АТТЫ ЖАС ҒАЛЫМДАР МЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

11.04.2024

«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың Халықаралық ғылыми конференциясының пленарлық мәжілісінде 3-орын жеңімпазы атанған «Механика» мамандығының 4-курс студенті Карлина Елизаветаны және жетекшісі профессор м.а. Беляев Ержан Келесұлын да құттықтаймыз!

Ары қарай оқу >>

Qilu university of technology (Shandong Academy Of Sciences) Университетінің Электроника, Электротехника Және Басқару Инженериясы Факультеті мен әл-Фараб атындағы ҚазҰУ механика-математика факультеті арасындағы "Joint laboratory for Robotics and Intelligent Control Research" бірлескен зерт

10.04.2024

10.04.2024 күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ делегациясы құрамында "цифрлық технологиялар және робототехника" ғылыми-білім беру орталығының директоры, академик Ж. Ж. Байгунчеков және механика-математика факультеті деканының орынбасары Н.С. Досжан Шаньдун провинциясы Ғылым Академиясының автоматтандыру институтында (SDIA) және Цилу университетінде (Qilu University of Technology) болды. 

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-дың 2024 жылғы үздік жас ғалымы

06.04.2024

Сәуірдің 5-күні кафедрамыздың жас ғалымдары ректормен кездесуге қатысты. Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында оқу ордасының жас ғалымдары бас қосқан жиында Ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі департамент директорының міндетін атқарушы Марғұлан Ибраимов баяндама жасап, ректорымыз істелген және болашақта жасалуы керек мәселелерді айқын көрсетті. 

Ары қарай оқу >>

ВАСИЛИЙ АНТОНОВИЧ САПАНЫҢ ҒАСЫРЛЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ: УАҚЫТПЕН БЕЛГІЛЕНГЕН ӨМІР

05.04.2024

«7М05404 – Механика» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранттары Алакова А.С., Байзакова А. М., Жумабаева Т. А. физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Василий Антонович Сапаның 102 жылдығына арналған «Василий Антонович Сапаның ғасырлық мерейтойы: уақытпен белгіленген өмір» тақырыбында ашық іс-шара өткізді.

Іс-шараға механика-математика факультетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері шақырылды.

Ары қарай оқу >>