ВАСИЛИЙ АНТОНОВИЧ САПАНЫҢ ҒАСЫРЛЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ: УАҚЫТПЕН БЕЛГІЛЕНГЕН ӨМІР

05.04.2024

Көрулер: 95

«7М05404 – Механика» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранттары Алакова А.С., Байзакова А. М., Жумабаева Т. А. физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Василий Антонович Сапаның 102 жылдығына арналған «Василий Антонович Сапаның ғасырлық мерейтойы: уақытпен белгіленген өмір» тақырыбында ашық іс-шара өткізді.

Іс-шараға механика-математика факультетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері шақырылды.

Василий Антоновичтің өмірі туралы презентация дайындалды. Механика кафедрасының құрметті оқытушылары Василий Антонович туралы естеліктерімен бөлісті.

Василий Антонович Сапа туралы естелік әрқашан біздің жүрегімізде болады. Жастық шағында тәуекелге бел буып, бүкіл өмірінің мәніне айналған кәсіпті таңдады. Дәрігерлердің үкіміне қарамастан ғылымның қиын жолын таңдады. Тынымсыз ғылыми еңбек оның өмірін жастарға үлгі етуге лайық етіп, білім мен педагогикалық шеберліктің шыңына шығарды.