«Inverse Problems In Finance, Economics and Life Sciences»

                             

 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан

Математика және механика ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан

РҒА СБ Есептеу математикасы және математикалық геофизика институты, Ресей

Shanghai University of Finance and Economics, China,

Tianjin University of Finance and Economics, China,

«The Belt and Road» Project, State Administration of Foreign Experts Affairs, China,

Key Laboratory of Contemporary Applied Mathematics in Shanghai, China,

ұйымдастыруымен 31-тамыз бен 4-қыркүйек арасында

«Inverse Problems In Finance, Economics and Life Sciences» конференциясы өтеді


Ұйымдастыру комитеті сізді конференцияға қатысуға шақырады.

 

Конференция мақсаты жаратылыстану ғылымдары мен қаржы және экономика мәселелері бойынша тәжірибе алмасу, сандық әдістерді дамытудағы жаңа нәтижелер мен үрдістерді талқылай отырып,танымал ғалымдар мен жас зерттеушілердің басын біріктіру.

 

Өтілетін жері: 


2019 жылдың 2 қыркүйегінде Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы 71/27, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Әл-Фараби атындағы кітапханасы, №416 Конференц-залы 3.

 

2019 жылдың 3 қыркүйегінде Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі 28, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Сарбонна-Қазақстан институты, 7-оқу корпусы, конференц-зал. 

 

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – өзіндік салт-дәстүрімен бай, көпжылдық білім саласындағы және ғылыми жұмыстарда тәжірибесі мол бірден-бір жоғары оқу орны. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – бірінші болып мемлекеттік аттестациядан өткен және барлық мамандықтар мен дәрежелер бойынша білім кызметін жасайтын, Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындар жүйесінің көшбасшысы болып табылады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Қазақстан ЖОО Басты рейтингісі бойынша көшбасшы, мемлекетіміздің тарихында бірінші болып Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының лауреаты, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының «Қызметтер мен өнім сапасы саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының дипломанты атанды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Орталық Азия ЖОО-ларынан жалғыз болып QS «World University Rankings» халықаралық рейтингісінде ең үздік университеттер арасында 210 орынға ие болды. Алға 13 қадам жылжып, 207 орынды бағындырды. Бұл топқа посткеңестік аймақтан тек екі университет: ҚазҰУ және Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (РФ) енді. Университетте 25 000-нан аса студент, магистрант және докторант және 2000-нан астам профессор, доктор, ғылым кандидаты мен философия докторлары, 100-ден астам академиялардың академиктері, 40-тан аса Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткері, 40-қа жуық Қазақстан Республикасының мемлекеттік және атаулы сыйлығының лауреаттары, сондай-ақ 40 жас ғалымдар сыйлығының лауреаттары мен 47 мемлекеттік ғылыми стипендиялардың стипендианттары еңбек етеді.

 

 

 

1928 жылы құрылған Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті - Қазақстандағы жетекші және ірі университет, сондай-ақ, отандық педагогикалық ғылым мен мәдениеттің орталығы. Білім берудің жоғары сапасы, Республикамыздағы   үздік 10 университеттің ішіндегі мақтауға тұрарлық орны, педагогикалық университеттердің көрсеткіштері бойынша бірінші орында тұруы еңбек нарығында өз орнын табуға қабілетті, жоғары білікті мамандар дайындауда маңызды міндеттерді дұрыс қоюға және оны дұрыс шешуге мүмкіндік береді. Олар ертеңгі күнгі Қазақстанның әрі қарай дамуының стратегиясын анықтайды, оның әрі қарай тарихын жазады және Республикамызды әлемдік қауымдастықта танытады. Ғылыми білімнің майталманы ретінде ірі тарихи және мәдени мұраны иемдене отырып, Университет әлемдік білім беру кеңістігінде Қазақстандық білімнің мәртебесін нығайтуда. Бүгінде Абай атындағы ҚазҰПУ- педагогикалық білім беру, экономика және бизнес, құқықтану және халықаралық қатынастар, әлеуметтік-саяси ғылымдар саласында ғылыми, ғылыми-педагогикалық кадрлар мен мамандарды даярлайтын көпсалалы орталық. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 9 мыңға жуық студент оқиды. Оқыту бакалавриат пен магистратураның екі дипломдық бағдарламалары бойынша жүргізіледі. 2015/2016 оқу жылында «Сорбонна-Қазақстан» институты ең алғашқы түлектерін ұшырды. «Менеджмент» және «Халықаралық қатынастар» мамандықтарының 42 магистрі Абай атындағы ҚазҰПУ мен Париж қаласының Сорбоннасы университетінің дипломдарын қатар алып шықты.