Факультет тарихы

    Механика-математика факультетінің тарихы еліміздегі жоғары оқу орны – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарихынан басталады. 1934 жылы 15 қаңтарда Алматыда республиканың ұлттық мәдениетінің мерекесіне айналған Қазақ мемлекеттік университетінің салтанатты ашылуы өтті. Жас университеттің басында екі факультет болды: биологиялық және физика-математикалық, ал сол жылдың қыркүйегінде химия факультеті ашылды. Университеттің бұл құрылымы осы профильді мамандарға деген қажеттілік, сондай-ақ республикадағы жаңа оқу орындарында білім беру процесін қамтамасыз етуге қабілетті білікті мамандарға деген қажеттілікпен байланысты болды.

    Университеттің директоры болып, Қазақ АКСР білім беру халық комиссарының орынбасары қызметін атқарған ғалым, педагог және қоғам қайраткері Федот Тимофеевич Оликов тағайындалды.

   Физика-математика факультетінің алғашқы деканы болып  университеттің ұйымдастырушылық және қаржылық мәселелеріне және Мәскеудегі басқару органдарының қарым-қатынастарына белсене қатысқан доцент М.М. Маркович (мамандығы бойынша физик) тағайындалды.

    1934 жылдың 19 қаңтарында бұрынғы Верненский гимназиясының ғимаратында (Қазыбек би көшесі №18, бұрынғы Советская) 54 студент оқуға кірісті, оның ішінде 32-і - физика-математика факультетінің және 22-і-биология факультетінің студенттері болатын. 1934 жылдың ақпан-наурыз айларында қосымша оқуға түскеннен кейін оқушылар саны 94-ге дейін өсті, олардың 48-і – қазақ студенттері. Оқу және ғылыми жұмыстарды 25 оқытушы жүзеге асырды, оның ішінде 5 профессор, 10 доцент.

    Факультеттің алғашқы күндерінде екі кафедра құрылды: физика және математика. 1934 жылдың маусымында РКФСР Жоғары оқу орындарының және ғылыми мекемелердің басшылығымен ҚазПИ-дің физика кафедрасының меңгерушісі, доцент В.Ф. Литвинов ҚазМУ-ге ауыстырылды және физика-математика факультетінің деканы тағайындалды. Көп ұзамай, ол физика кафедрасының меңгерушісі болды. Осылайша, В.Ф.Литвинов және М.М.Маркович факультетте физиканың алғашқы оқытушылары болды. 1935 жылғы 3 қаңтарда РКФСР НКП біліктілік комиссиясының шешімімен В.Ф. Литвиновқа жалпы физика кафедрасында профессор ғылыми атағы берілді.

   Математика бойынша  бірінші профессорлық-оқытушылық құрамы ҚазПИ қызметкерлерімен қосымша жұмыс істеді: бұл  доцент С.Х.Боқаев (сонымен қатар математика кафедрасының меңгерушісі міндетін атқарған) және М.О.Әмірбаев және О.А. Жәутіков көмекшілері болды. Боқаев С.Х.  1932 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің түлегі, физика-математика ғылымдарының кандидаты, көрнекті математик В.Степановтың студенті болып табылатын алғашқы қазақ азаматы. 1937 жылы қуғындалған. Алғашқы ұстаздар арасында бұрынғы Алматылық ветеринария институтының ассистенті болып жұмыс істеген М.П. Устименко (1931 жылы ҚазПИ-ді бітірген) болды. Осылайша, бірінші жылы физика мен математиканы оқыту негізінен қамтамасыз етілді.

   1934 жылы негізі қаланған ҚазМУ физика-математика факультеті білім беру бесігі және ұлттық білім беру және ғылым орталықтарының бірі болды. Бұл тарихи миссия факультетке және қазіргі уақытта маңызды. Факультет барлық тестілеуден өтіп, елдегі математика, механика және математикалық модельдеу саласындағы жетекші ғылыми зерттеулер мен оқу орталықтарының бірі болып табылады. Факультет тұрақты даму үстінде. Соңғы жылдары студенттер санының өсу үрдісі байқалды. Ғылыми-зерттеу бағдарламаларының саны артып келеді, мамандар даярлаудың ең өзекті бағыттарында жаңа курстар жасалып, факультеттің материалдық базасы кеңейіп келеді.

   Студенттер іргелі білім алады және таңдалған облыстарда  қазіргі заманғы математика, механика және математикалық модельдеу саласында зерттеулерге кіріседі. Факультеттің бүгінгі жетістіктері факультетте жұмыс істеп келе жатқан ғалымдардың бірнеше ұрпағының ынта-жігері мен шығармашылығы арқасында мүмкін болды. ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінің түлектері еліміздегі еңбек нарығында ұзақ уақыт бойы жұмыс істеп келеді және жаңа дағдыларды өз уақытында және сапалы түрде меңгеруге мүмкіндік беретін іргелі білімдерге ие болғаны белгілі, алайда, біз сонымен қатар уақытты үнемдеуге және оқу үдерісін одан әрі жетілдіріп отыруға тиіспіз.

   Механика-математика факультетінің ұжымы оқу процесін жетілдіру және уақыт талабына сәйкес ғылыми зерттеулердің тиімділігін одан әрі жетілдіру бойынша үлкен жоспарларға ие. Факультетте жоспарларды табысты іске асыру үшін жеткілікті әлеуеті бар. Біз Қазақстанда алғаш болып механика-математика  факультеті өз туын жоғары көтеретініне және әрқашан студенттердің, түлектердің, қызметкерлер мен мұғалімдердің жүректерінде алғашқы болып қалатынына сенімдіміз.

   Біз факультетте жаңа білімге және толыққанды диалогқа бағытталған мақсатты, белсенді және өршіл жастарды көруге әрдайым  қуаныштымыз. Біз факультеттің ғылыми және практикалық жетістіктері сіздерде, яғни болашақ студенттерімізде нақты көрінісін табатынына және ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінің түлектеріне тамаша мансаптық перспективалар ашатынына сенімдіміз.

 

ФАКУЛЬТЕТ ДЕКАНДАРЫ

   

МАРКОВИЧ МАРК МОИСЕЕВИЧ

физика-математика ғылымдарының кандидаты

физика-математика факультетінің деканы болып 1934-1935 жж аралығында жұмыс істеді.

ЛИТВИНОВ ВСЕВОЛОД ФЕДОРОВИЧ

физика-математика ғылымдарының докторы, профессор

физика-математика факультетінің деканы болып 1935-1942 жж аралығында жұмыс істеді. 

МОЛЮКОВ ИВАН ДМИТРИЕВИЧ

физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор

физика-математика факультетінің деканы болып 1942-1947 жж аралығында жұмыс істеді. 

     

ЕНИКЕЕВ ШАРАФ МҰХАМЕДРАХИМҰЛЫ

физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент

физика-математика факультетінің деканы болып 1947-1957 жж аралығында жұмыс істеді.  

ИБРАШЕВ ХАСАН ИБРАШҰЛЫ

физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор

физика-математика факультетінің деканы болып 1957-1959 жж аралығында жұмыс істеді,

механика-математика факультетінің деканы болып 1959-1971 жж аралығында жұмыс істеді

ҚАСЫМОВ ҚҰЛЖАБАЙ ӘБДІХАЛЫҚҰЛЫ 

академик НАН РК, физика-математика ғылымдарының докторы

1972 жылдан 1975 жылға дейін қолданбалы математика факультетінің деканы,

1991 жылдан 1994 жылға дейін математика факультетінің деканы болып жұмыс істеді

     

САҒИТОВ МАРУАН НАДЫРХАНҰЛЫ

физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор

1971-1975  жж аралығында механика-математика факультетінің деканы,

1975-1977 жылдар аралығында механика және қолданбалы математика факультетінің деканы болып жұмыс істеді. 

РОМАНОВ ВЯЧЕСЛАВ ИВАНОВИЧ

физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент

1975 жылдан 1980 жылға дейін математика факультетінің деканы болып жұмыс істеді.

ОРЫНБАСАРОВ МАМАЖАН 

физика-математика ғылымдарының докторы, профессор

1980 жылдан 1985 жылға дейін математика факультетінің деканы болып жұмыс істеді.
     

ҚАЛМЕНОВ ТЫНЫСБЕК ШӘРІПҰЛЫ

физика-математика ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі

1985 жылдан 1991 жылға дейін математика факультетінің деканы болып жұмыс істеді. 

НИ ВАЛЕНТИН ХАКСУНОВИЧ

физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор

1971 жылдан 1993 жылға дейін физика-математика факультетінің деканы қызметін атқарды.

УӘЛИЕВ ГАХИП

техникалық ғылым докторы, ҚР ҰҒА академигі

1983 жылдан 1989 жылға дейін механика және қолданбалы математика факультетінің деканы болып жұмыс істеді.

     

РАХИМОВ ЕСЕНТАЙ РАХИМҰЛЫ

техникалық ғылым докторы, профессор

1977-1983 жж,  1989-1994 жж аралығында механика және қолданбалы математика факультетінің деканы болып жұмыс істеді.

ШЕРЬЯЗДАНОВ ҒАЛЫМ БЕКЕНҰЛЫ

физика-математика ғылымдарының докторы, профессор

1994 жылдан 1996 жылға дейін механика-математика факультетінің деканы болып жұмыс істеді.

ДАНАЕВ НАРҒОЗЫ ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ

физика-математика ғылымдарының докторы, профессор

1996 жылдан бастап 2000 жылға дейін механика-математика факультетінің деканы болып жұмыс істеді.

 

 

МЫРЗАБЕКОВ ЗАЙНЕЛ НҰҒМАНҰЛЫ

физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент

2000-2001 жылдар аралығында механика-математика факультетінің деканы қызметін атқарды.

СМАҒҰЛОВ ШАЛТАЙ СМАҒҰЛҰЛЫ

физика-математика ғылымдарының докторы, профессор 

2001-2003 жылдар аралығында механика-математика факультетінің деканы болып жұмыс істеді.

ОРЫНХАНОВ МҰРАТ ҚАДЕСҰЛЫ

физика-математика ғылымдарының докторы, профессор

2003 жылдан 2008 жылға дейін механика-математика факультетінің деканы болып жұмыс істеді.

 

 

 

ТЕМИРБЕКОВ НҰРЛАН МҰХАНҰЛЫ

ҚР ҰҒА академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор

2008 жылдың қыркүйегінен бастап 2009 жылдың қаңтар айына дейін декан болып жұмыс істеді.

ҚАЛТАЕВ АЙДАРХАН ЖҮСІПБЕКҰЛЫ

физика-математика ғылымдарының докторы, профессор

2009 жылдың қаңтарынан 2010 жылдың наурыз айына дейін декан болып жұмыс істеді.

БЕКТЕМЕСОВ МАҚТАҒАЛИ ӘБДІМӘЖИТҰЛЫ

физика-математика ғылымдарының докторы, профессор

2010 жылдың наурызынан 2010 жылдың қыркүйегіне дейін декан қызметін атқарған.

 

 

 

ӘБДІБЕКОВ УӘЛИХАН СЕЙДІЛДАҰЛЫ

физика-математика ғылымдарының докторы, профессор

2010 жылдың қыркүйек айынан бастап 2012 жылдың мамыр айына дейін декан болып жұмыс істеді. 

АХМЕД-ЗАКИ ДАРХАН ЖҰМАҚАНҰЛЫ

физика-математика ғылымдарының докторы, профессор

2012 жылдың мамырынан 2013 жылдың маусымына дейін декан болып жұмыс істеді.

ҚЫДЫРБЕКҰЛЫ АЛМАТБЕК  БАЛҒАБЕКҰЛЫ

техникалық ғылым докторы,профессор

2013 жылдың маусымынан 2015 жылдың шілдесіне дейін декан болып жұмыс істеді.

 

 

БЕКТЕМЕСОВ МАҚТАҒАЛИ ӘБДІМӘЖИТҰЛЫ

физика-математика ғылымдарының докторы, профессор

2015 жылдың шілдесінен 2017 жылдың қазанына дейін декан болып жұмыс істеді.

ЖӘКЕБАЕВ ДӘУРЕН БАҚЫТБЕКҰЛЫ

Ph.D доктор, профессор

2017 жылдың қазанынан 2022 жылдың шілдесіне дейін декан болып жұмыс істеді.

 АБДИБЕКОВ УАЛИХАН СЕЙДІЛДАҰЛЫ

физика-математика ғылымдарының докторы, профессор

2022 жылдың шілдесінен қазіргі күнге дейін декан болып жұмыс істейді.