III ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФАРАБИ ФОРУМЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

12.04.2024

Көрулер: 100

05-11.04.2024 күндері ҚазҰУ - да өткізілген Студенттік бизнес-инкубаторлары инновациялық жобаларының байқауына 60 жоба қатысты. Байқаудың нәтижесі бойынша «Қоқысты немесе басқа да заттарды жинап, реттеуші автономаттандырылған робот» жобасы ең үздік деп танылып, «Робототехникалық жүйелер» мамандығының 1 курс докторанты Рахматулла Заңғар 150 000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болды және арнайы Дипломмен марапатталды. Жоба жетекшісі, кафедра оқытушысы Сагитжанов Берікті және Рахматулла Заңғарды жеңістерімен құттықтаймыз.